"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Зырян ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. "Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Зырян ауданы әкімінің 2018 жылғы 31 наурыздағы № 2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5587 тіркелген, 2018 жылы 3 сәуірде электрондық нұсқада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Зырян ауданының әкімі | Н. Токсеитов |