РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 71 – 1 – бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 – бабы 2 – тармағына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жер телімдерін алып қоюсыз "Казцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Ревнюшинский алаңында геологиялық бөлу шекарасы шегінде жер үсті геофизикалық және геохимиялық жұмыстарды, пайдалы қазбаларға барлау жүргізу үшін ауданы 63 086 га жер теліміне 2024 жылдың 03 шілдесіне дейінгі мерзімге қауымдық сервитут орнатылсын.
2. "Казцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер пайдаланушылардың телімдеріне келтірілген шығындарға өтемақыны қамтамасыз етсін және геофизикалық және геохимиялық жұмыстарды аяқтағаннан кейін бұзылған жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.
3. "Зырян ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген мерзімде:
1) осы қаулыны әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы қаулыны Зырян ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) сервитут шартын жасауды;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.В. Охременкоға жүктелсін.
5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі | Н. Токсеитов |