Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 13.05.2020 № 143 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2)-тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Кусаиновқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлан ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
Д. Қажанов |
Келісілді
Ұлан аудандық мәслихатының хатшысы | О. Сыдыков |
2018 жылғы "22" мамыр
Ұлан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "2" мамырдағы № 177 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:
1) халықты жұмыспен қамту орталығының директоры;
2) халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистенттер;
4) үйде әлеуметтік қызмет көрсететін бөлімшесінің меңгерушісі;
5) әлеуметтік қызмет көрсететін бөлімшенің кеңес берушісі;
6) әлеуметтік қызмет көрсететін бөлімшенің әлеуметтік жұмыскері.
2. Білім беру саласы мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, орталық, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары, интернат, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, оқу-өндірістік пункт меңгерушісі;
2) барлық мамандықтар мұғалімдері, медбике, аға тәрбиеші, тәрбиеші, тәлімгер, аға шебер, шебер, оқытушы, музыкалық жетекші, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім педагогы, педагог-психолог;
3) зертхана жетекшісі;
4) әдістемелік кабинет басшысы;
5) меңгерушісі: интернат, кітапхана, мұражай, оқу кабинетінің, оқу зертханасының, спорт құрылыстарының, медициналық педогогикалық комиссия психологі;
6) кітапханашы;
7) әдістемеші;
8) үйірме жетекшісі;
9) аудармашы;
10) тренер;
11) хореограф;
12) тәрбиешінің көмекшісі;
13) нұсқаушы.
3. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
1) директор және директордың орынбасары
2) мәдени ұйымдастырушы;
3) кітапханашы;
4) аккомпаниатор;
5) мәдени тынығу жұмысының қызметкері;
6) музыкалық оператор;
7) музыкалық жетекші;
8) вокалдық тобының басшысы;
9) хореограф;
10) концертмейстер;
11) демалыс ұйымдастырушы;
12) техникалық әртіс, дыбыстық оператор;
13) әдіскер;
14) сектор меңгерушісі;
15) клуб меңгерушісі;
16) суретші;
17) хормейстер;
18) солист;
19) қоюшы-режиссер.
4. Спорт саласы мамандарының лауазымдары:
1) басшы, директор;
2) директордың, басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
3) нұсқаушы, әдіскер-нұсқаушы;
4) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы.
5. Агроөнеркәсіптік кешен мамандарының лауазымдары:
1) директор және директордың орынбасары;
2) ветеринарлық пунктінің меңгерушісі;
3) ветеринарлық дәрігер;
4) ветеринарлық эпизоотолог;
5) ветеринарлық паразитолог;
6) ветеринарлық терапевт;
7) ветеринарлық санитар
8) ветеринарлық фельдшер;
9) малды қолдан ұрықтандыру жөніндегі оператор.