РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссияның 2018 жылғы 28 тамыздағы қорытындысына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Каменка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлан ауданының Каменка ауылдық округінің Каменка ауылының Садовая көшесі "Ахметуәлі Омаров" көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Н. Дутбаев |