РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 24-249/VI шешімнің "2018 жылға арналған Үржар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерлерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5555 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде және "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінің 2018 жылдың 9 сәуірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | З. Бейсенбек |
Үржар аудандық | |
мәслихатының хатшысы | К. Карашев |