2018 жылға арналған Үржар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерлерін айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 24-249/VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 наурызда № 5555 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 36-403/VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 28.12.2018 № 36-403/VI шешімімен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы 8 тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2018 жылға арналған Үржар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың мынадай мөлшері айқындалсын:

      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

      2. Үржар аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 24 наурыздағы № 11-114/V "2017 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4982 номерімен тіркелген, 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде және "Уақыт тынысы\Пульс времени" газетінің 2017 жылдың 4 мамырында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы С. Джакупов
      Үржар аудандық
мәслихатының хатшысы
К. Қарашев

Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Урджарского района на 2018 год

Решение Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 12 марта 2018 года № 24-249/VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 26 марта 2018 года № 5555. Утратило силу решением Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 28 декабря 2018 года № 36-403/VI

      Сноска. Утратило силу решением Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 28.12.2018 № 36-403/VI (вводится в действие с 01.01.2019).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", пунктом 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" Урджарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размеры мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Урджарского района на 2018 год в виде:

      1) подъемного пособия в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю;

      2) бюджетного кредита для приобретения или строительства жилья в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.

      2. Признать утратившим силу решение Урджарского районного маслихата № 11-114/VI от 24 марта 2017 года "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты на 2017 год" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4982, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 5 мая 2017 года и газете "Уақыт тынысы\Пульс времени" от 4 мая 2017 года).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


      Председатель сессии С. Джакупов
      секретарь Урджарского
районного маслихата
К. Карашев