Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 03.09.2020 № 56/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО - ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шемонаиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет 11088 (он бір мың сексен сегіз) теңге мөлшерде көрсетіледі.
2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (әрі қарай - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:
1) әлеуметтік қолдау тағайындауды уәкілетті орган – "Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады;
2) жеке тұлға (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) (әрі қарай - көрсетілетін қызметті алушы) әлеуметтік қолдауды алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге немесе кент, ауылдық округ әкіміне еркін түрде өтінішпен жүгінеді және келесі құжаттарды ұсынады:
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);
тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не кент, ауылдық округ әкімінің анықтамасы);
жұмыс орнынан анықтама;
екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтық құжат;
3) әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты әлеуметтік қолдауды тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган келесі мерзімде қабылдайды:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап -10 (он) жұмыс күні;
тұрғылықты жері бойынша кент, ауылдық округтің әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні;
4) әлеуметтік қолдау тағайындаудан бас тартуға:
көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;
өтініш беруші ұсынған мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;
Шемонаиха ауданынан тыс ауылды жерде тұруы;
лауазымдарды біріктірген кезде, негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;
ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл ішінде екінші рет жүгінуі негіз болады.
3. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 19/5-V шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3225 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 21 сәуірде, "Уба-Информ" газетінде 2014 жылғы 23 сәуірде жарияланған).
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т. Абайдельдинов |
Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы | А. Боровикова |