РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Шемонаиха қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2018 жылғы 26 қарашадағы Шығыс Қазақстан облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шемонаиха қаласының келесі көшелері:
1) Советская көшесі Анатолий Иванов атындағы көше;
2) Урицкий көшесі Серікқазы Бекбосынов атындағы көше;
3) Чапаев көшесі Александр Капорин атындағы көше болып қайта аталсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Горьковой |
Сессия төрағасы | В. Геберт |
Шемонаиха аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Боровикова |