Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы және аудан әкімдіктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды алсын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 31.08.2023 № 192 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.М.Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары И.В.Стексовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А.Көлгінов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Жайық-Каспий бассейндік
инспекциясы басшысының орынбасары
_____________М.Үмбетьяров
"9" 02 2018 жыл
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Жайық-Каспий бассейндік
инспекциясының басшысы
_____________ Ғ.Азидуллин
"9" 02 2018 жыл
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша
қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы
_____________Ж.Құрманов
"9" ақпан 2018 жыл
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша
экология департаментінің басшысы
_____________Е.Қуанов
"9" ақпан 2018 жыл
2018 жылғы "14" ақпандағы № 22 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Батыс Қазақстан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 31.08.2023 № 192 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
р/с № | Су объектісінің атауы | Тұрғындардың жаппай демалу орындары | Қала, ауылдық округ, жақын жердегі елді мекен атауы |
Орал қаласы | |||
1 | Жайық өзені | "Inkyar" демалыс базасының жеке жағажайы ("Құлтаев" жеке кәсіпкері) | Орал қаласы шекарасында |
2 | Шаған өзені | "Самал" туристтік лагерінің коммуналдық жағажайы ("Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны) | Орал қаласы шекарасында |
3 | Шаған өзені | Қалалық мәдениет және демалыс саябағы аумағындағы жеке жағажай ("Евростандарт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) | Орал қаласы шекарасында |
4 | Шаған өзені | Қалалық мәдениет және демалыс саябағы аумағындағы жеке жағажай ("Щербатова" жеке кәсіпкері) | Орал қаласы шекарасында |
5 | Шаған өзені | Қалалық мәдениет және демалыс саябағының коммуналдық жағажайы (Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мәдениет және демалыс саябақтары мен скверлері дирекциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны) | Орал қаласы шекарасында |
6 | Деркөл өзені | "Светлячок" туристтік базасының жеке жағажайы ("Батыров" жеке кәсіпкері) | Орал қаласы шекарасында |
7 | Деркөл өзені | "Евразия" туристтік базасының коммуналдық жағажайы ("Облыстық балалар және жасөспірімдер туризм және экология орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны) | Орал қаласы шекарасында |
8 | Деркөл өзені | "Grits park" демалыс базасының жеке жағажайы (жеке тұлға С.И.Грицан) | Деркөл кенттік округі, Деркул кенті шекарасында |
Бәйтерек ауданы | |||
9 | Желаев карьері | "Green park" демалыс базасының жеке жағажайы ("БатысСтройМонтаж" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) | Трекин ауылдық округі, Жайық ауылы |
10 | Желаев карьері | "Saya" демалыс базасының жеке жағажайы ("Технопарк Социум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) | Трекин ауылдық округі, Жайық ауылы |
11 | Желаев карьері | "Русские бани" жеке кәсіпкерінің жеке жағажайы | Трекин ауылдық округі, Жайық ауылы |
12 | Желаев карьері | "Bavaro spa and bar" демалыс базасының жеке жағажайы ("Asset Ventures" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) | Трекин ауылдық округі, Жайық ауылы |
13 | Желаев карьері | "Республикалық жоғары техникалық колледж" мемлекеттік емес білім беру мекемесінің жеке жағажайы | Трекин ауылдық округі, Жайық ауылы |
14 | Желаев карьері | "Бригантина" демалыс базасының жеке жағажайы ("Бойко" жеке кәсіпкері) | Трекин ауылдық округі, Жайық ауылы |
15 | Теплое көлі | "Мечта" кемпингінің жеке жағажайы ("Нафта" сауда үйі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) | Дариян ауылдық округі, Дариян ауылы |
16 | Большое көлі | "Светлана" демалыс базасының жеке жағажайы ("Светлана" шаруа қожалығы) | Дариян ауылдық округі, Дариян ауылы |
17 | Большое көлі | "Островок" демалыс базасының жеке жағажайы ("МаНе" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) | Дариян ауылдық округі, Дариян ауылы |
18 | "Коровий водопой" көлі | "Керемет" шаруа қожалығының жеке жағажайы | Январцев ауылдық округі |
19 | Шаған өзені | "Алаш" демалыс базасының жеке жағажайы ("Джардемов К.Е." жеке кәсіпкері) | Макаров ауылдық округі |
20 | Шаған өзені | "Дубрава" демалыс базасының жеке жағажайы ("Лещенко Р.Н." жеке кәсіпкері) | Мичурин ауылдық округі, Мичурин ауылы |
21 | Шаған өзені | "Бәйтерек" демалыс базасының жеке жағажайы ("Кулашев Е." жеке кәсіпкері) | Мичурин ауылдық округі, Мичурин ауылы |
22 | Шаған өзені | "Причал" демалыс базасының жеке жағажайы ("Аласов А." жеке кәсіпкері) | Мичурин ауылдық округі, Мичурин ауылы |
Бөрлі ауданы | |||
23 | Утва өзені | "Riverside" демалыс базасының жеке жағажайы ("Батыс өндіріс-құрылыс сервисі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) | Ақсай қаласы, Аралтал ауылы |
24 | Бума өзені | "Жас туристтер станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жазғы лагерінің жағажайы | Бумакөл ауылдық округі, Бумакөл ауылы |
Жаңақала ауданы | |||
25 | Соркөл көлі | "Жас туристтер станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жазғы лагерінің жағажайы | Жаңақала ауылдық округі, Жаңақала ауылы |
Жәнібек ауданы | |||
26 | Жәнібек магистралды каналы | Жәнібек ауылындағы коммуналдық жағажай ("Жәнібек ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі) | Жәнібек ауылдық округі, Жәнібек ауылы |
Тасқала ауданы | |||
27 | Деркөл өзені | "Белые камушки" коммуналдық жағажайы ("Тасқала ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі) | Тасқала ауылдық округі, Тасқала ауылы |
28 | Шежін өзені | "Абриф" коммуналдық жағажайы ("Шежін ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі) | Шежін ауылдық округі, II-Шежін ауылы |
29 | Шежін өзені | "Жигули" коммуналдық жағажайы ("Амангелді ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі) | Амангелді ауылдық округі, Жигули қыстағы |
30 | Деркөл өзені | "Жас туристер станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Шұғыла" лагерінің жағажайы | Тасқала ауылдық округі, Тасқала ауылы |
Теректі ауданы | |||
31 | Жайық өзені | "Ақ жол" демалыс базасының жеке жағажайы ( "Елжас" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) | Подстепное ауылдық округі, Подстепное ауылы |