Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 20.05.2020 № 109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.А.Есенғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.О.Азбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А.Көлгінов |
2018 жылғы 15 наурыздағы №56 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
"Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Регламент жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 16.05.2019 № 118 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 8 маусымдағы №229 "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15374 тіркелген) бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрде (толық автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушыға субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында Стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жолданады. Хабарлама көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде көрсеткен электрондық почта мекенжайына, сондай-ақ субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі "жеке кабинетке" жолданады.
4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушы мен қаржы институтының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес субсидиялар шартын жасасуға арналған ұсынысы (бұдан әрі – ұсыныс) болып табылады.
Субсидиялау шартын жасасуға арналған ұсыныстың қабылданғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіндегі" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынысты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, ұсынысты субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға субсидияның аударылғаны туралы хабарламаны қалыптастырады не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартады. Қалыптастырылған хабарламаға көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қойылады.
Нәтижесі – субсидия аудару туралы хабарламаның жолдануы немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тарту;
2) көрсетілетін қызметті алушы, қаржы институты ұсыныс бойынша оң шешім туралы көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы, қаржы институты мен көрсетілетін қызметті беруші арасында субсидиялау шарты жасалады.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушы, қаржы институты мен көрсетілетін қызметті беруші арасында үш жақты субсидиялау шарты;
3) қаржы институты көрсетілетін қызметті алушы сыйақы мөлшерлемесін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидиялауға арналған өтінімді қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
Нәтижесі – субсидия төлеуге арналған өтінім беру;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы субсидиялауға арналған өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қою жолымен субсидиялауға арналған өтінімнің қабылданғанын растайды және "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырып, көрсетілетін қызметті берушінің агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру бөліміне жолдайды.
Нәтижесі –төлем тапсырмаларын қалыптастырып, агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру бөліміне жолдау;
5) көрсетілетін қызметті берушінің агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру бөлімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде төлем тапсырмаларын қазынашылық органына жолдайды.
Нәтижесі –қазынашылық органына төлем тапсырмаларын жолдау.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру бөлімі;
4) қаржылық институт.
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының өтініш білдіру тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН), бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН) және парольдің көмегімен порталға тіркеледі (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін іске асырылады);
2) 1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының ЖСН немесе БСН және паролін (авторландыру процесі) енгізуі;
3) 1-шарт – порталда ЖСН немесе БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығы тексеріледі;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде кемшіліктердің болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушы осы регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдайды, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұраныстың нысаны экранға шығады және оның құрылымы мен үлгілік талаптарын ескеріп, көрсетілетін қызметті алушы нысанды толтырады, сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдайды;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығы, сондай-ақ сұраныста көрсетілген ЖСН немесе БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН немесе БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігі тексеріледі;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның порталда түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу үшін электрондық үкімет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттары (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) электрондық үкіметтің аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) жолданады;
9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған ұсынысты тексереді;
10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ұсынысында кемшіліктердің болуына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастырылады;
11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушы порталда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алады.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Стандарттың 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
"Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі
Шартты белгілер: