Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 06.04.2021 № 4-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 мамырдағы №237 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы №30-5 "Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3720 тіркелген, 2014 жылғы 24 желтоқсандағы "Жайық үні-Жизнь города" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсан сайын жүгінуге құқылы.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Тұрғын үй көмегін көмек ұсынуға шығыстарды атқарушы органдардың қаржыландыру бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.".
2. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессиясы төрағасы | А.Бисенов |
Мәслихат хатшысы | А.Әубекеров |