Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі "Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 843 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылы "Экспедиция" бағымы аумағына ұсақ мүйізді қара мал арасында жұқпалы эпидидимит ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 28 маусымдағы №7 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі Қарауылтөбе ауылы "Экспедиция" бағымы аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №5271 тіркелген, 2018 жылдың 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Қ.С.Пангалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық апарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің м.а. | Қ.Паңғалиев |