Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Железнов ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Железнов ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов ауданы Железнов ауылдық округі Железнов ауылындағы "Арычная" көшесін "Жайсан" көшесі, "Набережная" көшесін "Жағалау" көшесі деп қайта аталсын.
2. Железнов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Б.Сатваева) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Железнов ауылдық округ әкімі | А.Иманкулова |