Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Асан ауылының халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Мичурин ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов ауданы Мичурин ауылдық округі Асан ауылының атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
№1 жобалық көшесі – "Махамбет батыр" көшесі;
№2 жобалық көшесі – "Исатай батыр" көшесі;
№4 жобалық көшесі – "Абылай хан" көшесі;
№5 жобалық көшесі – "Жәңгір хан" көшесі;
№6 жобалық көшесі – "Дәулеткерей" көшесі;
№7 жобалық көшесі – "Жұбан Молдағалиев" көшесі;
№8 жобалық көшесі – "Тайыр Жароков" көшесі;
№9 жобалық көшесі – "Қаныш Сәтпаев" көшесі;
№10 жобалық көшесі – "Бостандық" көшесі;
№11 жобалық көшесі – "Ахмет Байтұрсынов" көшесі;
№12 жобалық көшесі – "Ақжайық" көшесі;
№13 жобалық көшесі – "Әлихан Бөкейханов" көшесі;
№14 жобалық көшесі – "Алмалы" көшесі;
№15 жобалық көшесі – "Құрылысшы" көшесі;
№16 жобалық көшесі – "Өркен" көшесі;
№17 жобалық көшесі – "Алакөл" көшесі.
2. Мичурин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Сергазиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасын етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Б.Бержанов |