Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Казталов ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Казталов ауданы Казталов ауылдық округі Казталов ауылындағы атаусыз көшелерге мынадай атаулар берілсін:
"№1" көшесін – Бейбарыс сұлтан көшесі;
"№2" көшесін – Хиуаз Доспанова көшесі.
2. Казталов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Зарифов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Казталов ауылдық округ әкімі | Ж.Шакуов |