Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Ақтай – сай ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қаракөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылдық округі Ақтай - сай ауылының "В.И.Ленин" көшесі - "Халықтар Достығы" көшесі деп қайта аталсын.
2. Қаракөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г.Гумаров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаракөл ауылдық округінің әкімі |
Н.Сахипов |