Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Аңқаты ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Аңқаты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі ауданы Аңқаты ауылдық округі Аңқаты ауылындағы кейбір көше атаулары:
"Мир" көшесін - "Бейбітшілік" көшесі;
"Целинная" көшесін – "Тың игерушілер" көшесі;
"Победа" көшесін – "Жеңіс" көшесі;
"Чапаев" көшесін – "Мәншүк Мәметова" көшесі;
"Придорожная" көшесін – "Тәуелсіздік" көшесі;
"Крестьянская" көшесін – "Әлия Молдағұлова" көшесі;
"Набережная" көшесін – "Хиуаз Доспанова" көшесі деп қайта аталсын.
2. Аңқаты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Н.Исмурзиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аңқаты ауылдық округінің әкімі | Е.Молдахметов |