Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Долин, Төңкеріс, Шөптікөл ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Долин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі ауданы Долин ауылдық округінің Долин ауылындағы кейбір көше атаулары:
"Колхозный" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі;
"Декабрьский" көшесі – "Желтоқсан" көшесі.
2. Теректі ауданы Долин ауылдық округінің Төңкеріс ауылындағы кейбір көше атаулары:
"Камчатка" көшесі – "Ақмола" көшесі;
"Луговая" көшесі – "Саржайлау" көшесі;
"Лесхозная" көшесі – "Көктерек" көшесі;
"Молодежная" көшесі – "Шаңырақ" көшесі;
"Уральская" көшесі – "Ермек Серкебаев" көшесі;
"Казахстанская" көшесі – "Қазақстан" көшесі;
"Придорожная" көшесі – "Нұрлы" көшесі.
3. Теректі ауданы Долин ауылдық округінің Шөптікөл ауылындағы "Железнодорожная" көшесін – "Аманжол" көшесі деп қайта аталсын.
4. Долин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Б.Рахматуллина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Долин ауылдық округінің әкімі | Т.Б.Манатауов |