Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Ұзынкөл ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі ауданы Ұзынкөл ауылдық округі Ұзынкөл ауылындағы кейбір көше атаулары:
"Молодежная" көшесін - "Атамұра" көшесі;
"Юбилейная" көшесін - "Атамекен" көшесі;
"Гвардейская" көшесін -"Хиуаз Доспанова" көшесі;
"Набережная" көшесін - "Жағалау" көшесі;
"Октябрьская" көшесін - "Ақжол" көшесі деп қайта аталсын.
2. Ұзынкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Нарымов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы |
А.Шингалиев |