Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Алмаз ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Алмаз ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округі Алмаз ауылының "Школьная" көшесі – "Кенжайлау" көшесі деп қайта аталсын.
2. Алмаз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Баракбаева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алмаз ауылдық округі әкімі | Ғ.Қайрғалиев |