"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1001 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 10 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 қаңтарда № 18209 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 340 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.11.2020 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1001 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12439 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ақпарат

      және коммуникациялар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 14 қаңтардағы
№ 10 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 9-3/1001 бұйрығымен
бекітілген

"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 3 (үш) жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне қосу және оны көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастыру.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі, Мемлекеттік корпорацияның өтінімдерді қабылдауы және нәтижелерін беруі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеуге өтінім (бұдан әрі - өтінім) ұсынуы қажет.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтінімді қабылдағанда мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы белгіленген нысанда өтінім берген кезде өтінімді қабылдау туралы қолхат өтінімнің Мемлекеттік корпорацияда қабылданғанын растайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы белгіленген нысанға сәйкес келмейтін өтінімді берген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтінімдерді қабылдаудан бас тарту туралы колхат береді.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почтамен, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Шағымда атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары және анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің және Министрліктің www.moa.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту және қажетті құжаттарды дайындау уақытына қызмет алушылар үшін жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады).

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

  "Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы дайындаушы
ұйымдарды аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеуге өтінім

      Кімге:__________________________________________________________________

      (Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің

      ауыл шаруашылығы басқармасының атауы)

      ________________________________________________________________________

                              (заңды тұлғаның атауы)

      _______________________________________ аккредиттеу жүргізуді сұрайды.

      ________________________________________________________________________

      (бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу

      нөмірі және күні)

      ________________________________________________________________________

      (орналасқан жерінің мекенжайы)

      Ұйым басшысы___________________________________________________________

                              (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      мөр орны                                     20 __ жылғы " __ " __________

      (бар болса)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қолы

      Күні 20 __ "____" ___________________

  "Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы дайындаушы
ұйымдарды аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан
  (аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымының атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) көрсетілетін қызметті алушы белгіленген нысанға сәйкес келмейтін өтінім бергендіктен "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге арналған өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      ________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Телефон ________________________________________________________________

      Алды: __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      20 __ жылғы " __ " __________

О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 9-3/1001 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Аккредитация заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса"

Приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 января 2019 года № 10. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 января 2019 года № 18209. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 5 ноября 2020 года № 340.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 05.11.2020 № 340 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 9-3/1001 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Аккредитация заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12439, опубликован 11 января 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      стандарт государственной услуги "Аккредитация заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса", утвержденный указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту производства и переработки животноводческой продукции Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
У. Шукеев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство информации и
коммуникаций
Республики Казахстан

  Приложение
к приказу
Заместителя Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 14 января 2019 года № 10
  Утвержден
приказом
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 16 ноября 2015 года
№ 9-3/1001

Стандарт государственной услуги "Аккредитация заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Аккредитация заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса" (далее – государственная услуга).

      2. Стандарт государственной услуги разработан Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан (далее – Министерство).

      3. Государственная услуга оказывается местными исполнительными органами областей, городов Астаны, Алматы и Шымкент (далее – услугодатель).

      Прием заявки и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется через Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация).

Глава 2. Порядок оказания государственной услуги

      4. Сроки оказания государственной услуги:

      1) со дня сдачи пакета документов в Государственную корпорацию - 3 (три) рабочих дня (день приема документов не входит в срок оказания государственной услуги);

      2) максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов – 30 (тридцать) минут;

      3) максимально допустимое время обслуживания – 30 (тридцать) минут.

      5. Форма оказания государственной услуги – бумажная.

      6. Результат оказания государственной услуги – включение в перечень заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса и его размещение на интернет-ресурсе услугодателя.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.

      7. Государственная услуга оказывается бесплатно юридическим лицам (далее – услуполучатель).

      8. График работы, прием заявки и выдача результатов Государственной корпорации - с понедельника по субботу включительно, в соответствии с установленным графиком работы с 9-00 до 20-00 часов без перерыва на обед, за исключением воскресенья и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан и статьи 5 Закона Республики Казахстан от 13 декабря 2001 года "О праздниках в Республике Казахстан".

      Государственная услуга оказывается в порядке очереди без предварительной записи и ускоренного обслуживания.

      9. Для оказания государственной услуги услугополучателю (либо его представителю по доверенности) необходимо представить услугодателю заявку на аккредитацию заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса (далее – заявка) по установленной форме согласно приложению 1 к настоящему стандарту государственной услуги.

      Сведения о документах о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

      При приеме заявки работник Государственной корпорации получает письменное согласие услугополучателя на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах, при оказании государственных услуг, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан.

      При подаче услугополучателем заявки установленной формы подтверждением принятия заявки в Государственную корпорацию является расписка о приеме заявки.

      В случае подачи услугополучателем заявки, несоответствующей установленной форме, работник Государственной корпорации отказывает в приеме заявки и выдает расписку об отказе в приеме заявки согласно приложению 2 к настоящему стандарту государственной услуги.

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) центральных государственных органов, местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, а также услугодателей и (или) их должностных лиц, Государственной корпорации и (или) его работников по вопросам оказания государственных услуг

      10. Обжалование решений, действий (бездействий) услугодателя и (или) его должностных лиц по вопросам оказания государственных услуг: жалоба подается на имя руководителя услугодателя по адресам, указанным в пункте 12 настоящего стандарта государственной услуги.

      Жалоба подается в письменной форме по почте, посредством веб-портала "электронного правительства" либо нарочно через канцелярию услугодателя.

      Жалоба на действия (бездействия) работника Государственной корпорации направляется на имя руководителя Государственной корпорации по адресам и телефонам, указанным в пункте 12 настоящего стандарта государственной услуги.

      Подтверждением принятия жалобы услугодателем и (или) Государственной корпорацией является ее регистрация (штамп, входящий номер и дата) с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего жалобу, срока и места получения ответа на поданную жалобу.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя и (или) Государственной корпорации подлежит рассмотрению в течение пяти рабочих дней со дня ее регистрации. Мотивированный ответ о результатах рассмотрения жалобы направляется услугополучателю по почте, посредством веб-портала "электронного правительства" либо выдается нарочно в канцелярии услугодателя и (или) Государственной корпорации.

      В случае несогласия с результатами оказания государственной услуги услугополучатель обращается с жалобой в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение пятнадцати рабочих дней со дня ее регистрации.

      В жалобе указываются наименование, почтовый адрес, исходящий номер и дата.

      11. В случаях несогласия с результатами оказания государственной услуги, услугополучатель обращается в суд в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

Глава 4. Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе через Государственную корпорацию

      12. Адреса мест оказания государственной услуги и контактные телефоны справочных служб размещены на интернет-ресурсе услугодателя и Министерства www.moa.gov.kz, а также на интернет-ресурсе Государственной корпорации - www.gov4c.kz.

      13. Для оказания государственной услуги создаются условия для услугополучателей на время ожидания и подготовки необходимых документов (кресла для ожидания, места для заполнения документов оснащаются стендами с перечнем необходимых документов и образцами их заполнения).

      14. Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг.

      15. Информацию о порядке оказания государственной услуги можно получить по телефону Единого контакт-центра 1414.

  Приложение 1
к стандарту государственной
услуги "Аккредитация
  заготовительных организаций в
сфере агропромышленного
комплекса"
  Форма

            Заявка на аккредитацию заготовительных организаций
                  в сфере агропромышленного комплекса

      Кому:___________________________________________________________________
(наименование управления сельского хозяйства Акиматов областей,
городов республиканского значения, столицы)
________________________________________________________________________
                  (наименование юридического лица)
просит произвести аккредитацию___________________________________________
________________________________________________________________________
(бизнес-идентификационный номер, номер и дата государственной
регистрации/перерегистрации юридического лица)
________________________________________________________________________
            (адрес местонахождения)
Руководитель организации ________________________________________________
                        (подпись) (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
место печати                         " __ " ______________ 20 __ года (при наличии)
Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну,
содержащихся в информационных системах.
      Подпись___________
      Дата "____" _________ 20____года

  Приложение 2
к стандарту государственной
услуги "Аккредитация
заготовительных организаций в
сфере агропромышленного
комплекса"
  форма
  (Фамилия, имя, отчество (при его наличии),
либо наименование организации
услугополучателя)
_________________________________
(адрес услугополучателя)

Расписка об отказе в приеме заявки

      Руководствуясь пунктом 2 статьи 20 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", отдел №__ филиала Государственной корпорации (указать адрес) отказывает в приеме заявки на оказание государственной услуги "Аккредитация заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса" ввиду подачи услугополучателем заявки, несоответствующей установленной форме.

      Настоящая расписка составлена в 2 экземплярах, по одному для каждой стороны.

      ________________________________________________________________________________
      (фамилия, имя, отчество (при его наличии) работника Государственной корпорации)
(подпись)
Телефон _________________________
Получил:________________________________________________________________________
            (фамилия, имя, отчество (при его наличии) /подпись услугополучателя)
"___" _________ 20__ года