"Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 ақпанда № 18356 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген, "Әділет" нормативтік құқықтық актілер ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарда:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғылыми басылымдарының кәсіптік қызметінің ерекшелігін ескере отырып, Басылымдар тізбесіне мынадай талаптарға сәйкес келетін ғылыми басылымдар енгізіледі:

      1) Заңның 4-3 бабының 2) тармақшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органда есепке қойылу туралы куәліктің болуы (Заңның 12-бабына сәйкес таралымы 100 данаға жетпейтін басылымдардан басқасы);

      2) құқық қорғау қызметі, қорғаныс және қауіпсіздік, әскери, әскери-техникалық, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті проблемалары жөніндегі ғылыми жұмыстардың жарияланымы;

      3) Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекетаралық кеңес қабылдаған (1998 жылғы 28 мамырдағы № 1:3-98 хаттама) "Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспалық ресімдеу" ГОСТ 7.5-98 бойынша мақалалардың, сондай-ақ Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекетаралық кеңес қабылдаған (2003 жылғы 2 шілдедегі № 12 хаттама) "Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипат. Құрастырудың жалпы талаптары және қағидасы" ГОСТ 7.1-2003 бойынша мақалалардағы библиографиялық тізімдерді ресімдеу жөніндегі базалық баспа стандарттарына сәйкестігі туралы ҰМҒТСО-дан берілген анықтаманың болуы;

      4) мемлекеттік құпияларды қамтитын басылымдарды қоспағанда, ақпараттық ресурстар арқылы журналға қол жеткізу;

      5) шетелдік авторлар жарияланымдарының болуын білдіретін журналдың халықаралық бағыттылығы, сондай-ақ материал жарияланатын ғылым саласындағы журналдың редакция алқасының халықаралық құрамы (мемлекеттік құпияларды қамтымайтын басылымдардан басқа). Журнал орналасқан ақпараттық ресурстарда дәрежесі және ғылыми атағы (болған жағдайда) көрсетілген редакция алқасы мүшелерінің деректері келтіріледі;

      6) журналдың уақытылы шығарылуы және басылым мерзімділігі жылына кемінде екі рет, таралымы кемінде екі жүз дана. Мемлекеттік құпияларды қамтитын басылым таралымын баспа айқындайды;

      7) тақырыптарына жақын салада зерттеулер жүргізетін мамандардың мақалаларды рецензиялауы;

      8) мемлекеттік құпияларды қамтитын басылымдардан басқа, шетел тіліндегі мақалалардың болуы.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 января 2016 года № 20 "Об утверждении требований к научным изданиям для включения их в перечень изданий, рекомендуемых для публикации результатов научной деятельности"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 февраля 2019 года № 89. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 февраля 2019 года № 18356

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 января 2016 года № 20 "Об утверждении требований к научным изданиям для включения их в перечень изданий, рекомендуемых для публикации результатов научной деятельности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13409, опубликован в информационно-правовой системе нормативных правовых актов "Әділет" 14 марта 2016 года) следующее изменение:

      в Требованиях к научным изданиям для включения их в перечень изданий, рекомендуемых для публикации результатов научной деятельности, утвержденных указанным приказом:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. С учетом особенностей профессиональной деятельности органов национальной безопасности Республики Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан, органов прокуратуры Республики Казахстан и Министерства обороны Республики Казахстан в Перечень изданий включаются научные издания, соответствующие следующим требованиям:

      1) наличие свидетельства о постановке на учет в уполномоченном органе в области средств массовой информации в соответствии с подпунктом 2) статьи 4-3 Закона (кроме изданий, имеющих тираж менее ста экземпляров в соответствии со статьей 12 Закона);

      2) публикация научных работ по актуальным проблемам фундаментальных и прикладных исследований в сфере правоохранительной деятельности, обороны и безопасности, военных, военно-технических, общественных и гуманитарных наук;

      3) наличие справки от НЦГНТЭ на соответствие базовым издательским стандартам по оформлению статей в соответствии с ГОСТ 7.5-98 "Журналы, сборники, информационные издания. Издательское оформление публикуемых материалов", принятых Межгосударственным Советом по стандартизации, метрологии и сертификации (протокол № 1:3–98 от 28 мая 1998 года), а также пристатейных библиографических списков в соответствии с ГОСТ 7.1-2003 "Библиографическая запись. Библиографическое описание. Общие требования и правила составления", принятых Межгосударственным Советом по стандартизации, метрологии и сертификации (протокол № 12 от 2 июля 2003 г.);

      4) доступ к журналу через информационные ресурсы, за исключением научных изданий, содержащих государственные секреты;

      5) международная направленность журнала, подразумевающая наличие публикаций иностранных авторов, а также международный состав редколлегии журнала, в той отрасли науки, по которой публикуется материал (кроме изданий, содержащих государственные секреты). В информационных ресурсах, где размещен журнал, приводятся данные членов редакционной коллегии с указанием степени и ученого звания (при наличии);

      6) своевременность издания журнала и периодичность издания не менее двух раз в год, тираж не менее двухсот экземпляров. Тираж изданий, содержащих государственные секреты, определяется издателем;

      7) рецензирование статей специалистами, которые ведут исследования в областях, близких с их тематикой;

      8) наличие статей на иностранном языке, кроме изданий, содержащих государственные секреты.".

      2. Комитету по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Асылову Б.А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
Е. Сагадиев