БҰЙЫРАМЫН:
1. "Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 14 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінде, Заңда және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасында айқындалатын мәндерде қолданылады.";
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, мемлекеттік аудит объектісі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 11-1-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органның жанындағы апелляциялық комиссияға қарсылық береді.
Қажет болған жағдайда қарсылыққа қарсылықтың дәлелдерін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
12. Уәкілетті орган жанындағы апелляциялық комиссия хабарламаға қарсылықты Заңның 11-1-тарауында айқындалған тәртіппен және мерзімде қарайды.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Қарсылықтарды қарау нәтижелері бойынша мынадай:
1) мемлекеттік аудит объектісі даулап отырған барлық мәселелер қанағаттандырылған жағдайда – қарсылықты толық қанағаттандыру туралы;
2) мемлекеттік аудит объектісі даулап отырған мәселелер ішінара қанағаттандырылған жағдайда – қарсылықты ішінара қанағаттандыру туралы;
3) мемлекеттік аудит объектісі даулап отырған барлық мәселелер қанағаттандырылмаған жағдайда – қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің бірі қабылданады.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша шешім 5-қосымшаға сәйкес нысанда қарсылықты қарау нәтижелері бойынша қорытындымен ресімделеді.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша қорытынды автоматты түрде тіркеледі және мемлекеттік аудит объектісіне веб-портал арқылы жіберіледі.";
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Мемлекеттік сатып алудың уақтылы және толық орналастыру жылдық жоспарын камералдық бақылау тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары бекітілген (нақтыланған) күннен бастап он бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын камералдық бақылау тиісті бюджет бекітілгенге (нақтыланғанға) дейін тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы шығарылған күннен бастап он бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) бірінші бағыт – конкурс (аукцион) жарияланған күннен бастап конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттама) жобасын алдын ала талқылау кезеңінде ескертулерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, не конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған жағдайда, конкірс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күнненбастап күнтізбелік он күн ішінде;
2) екінші бағыт – конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасы веб-порталға орналастырылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде;
3) үшінші бағыт – веб-порталда алдын ала рұқсат хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде;
4) төртінші бағыт – камералдық бақылау:
қорытынды хаттама орналастырылған күннен бастап мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін тәуекелдерді басқару жүйесі;
Мемлекеттік сатып алу Заңның 47-бабында белгіленген мерзімде келіп түскен шағым негізінде жүргізілген жағдайда.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 47-бабы 5-тармағына сәйкес шағым түскен жағдайларды қоспағанда, алдыңғы бағыттар бойынша конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізуге жол берілмейді.
Мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін және (немесе) Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 47-бабы 2-тармағында белгіленген мерзімде уәкілетті органға келіп түскен шағым конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде мәлімделген талаптар (дәлелдер) шегінде қаралады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Уәкілетті органның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесі Заңның 31-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімде хабарламалардың орындалмауының белгіленген фактілері туралы, сондай-ақ растайтын құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік аудит объектісінің хабарламаның күшін жою, өзгерту, толықтыру немесе қолданылуын тоқтата тұру туралы өтініш беру фактілері туралы жазбаша уәкілетті органға хабарлайды.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Өкім бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себептерін жою күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктерге немесе ұйымдарға Өкімнің күшін жою туралы құжатты жіберу жолымен уәкілетті орган күшін жояды.
Өкімнің күшін жою туралы құжат мыналарды қамтиды: Уәкілетті органның атауы мен БСН, мемлекеттік аудит объектісінің атауы мен ЖСН/БСН, өкімнің нөмірі мен күні, шығыс операцияларын қайта бастау қажет мемлекеттік аудит объектісінің коды мен шоттарының нөмірі, уәкілетті орган басшысының не оны алмастыратын адамның мөрмен мөрімен куәландырылған қолтаңбасы.";
көрсетілген Бұйрыққа 1, 2 және 5-қосымшалар осы Бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 148 бұйрығына 1-қосымша |
|
Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
Камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесі
№ р/с | Камералдық бақылаудың тәуекел бейіндерінің атауы | Камералдық бақылаудың тәуекелдер бейіндер деректерін таңдау шарттары | Камералдық бақылаудың тәуекелдер бейіндерінің бұзушылықтары |
1. | Ұйымдастырушының/тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі. |
1. Конкурс (аукцион) тәсілімен жарияланған мемлекеттік сатып алулар. |
Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) келесі біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі: |
2. | Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау нәтижесі бойынша конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) тиісті ескертулер бола тұра, ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің Заң бұзушылықпен конкурстық құжаттаманы бекітуі. |
1. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын қалыптастырылған, конкурс (аукцион) тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар. | Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау нәтижесі бойынша конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) тиісті ескертулер бола тұра, ұйымдастырушы, тапсырыс беруші Заң бұзушылықпен конкурстық құжаттаманы бекіткен. Заңның 22-бабы 2-тармағының талаптарын бұза отырып, шешімдерді қабылдамау немесе қабылдау. |
3. | Басқа әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінмемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ("Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабыныңталаптарын бұза отырып). |
1. Мемлекеттік сатып алудың мәні тауарлар, жұмыстар,қызметтер болып табылады. | Ұйымдастырушымен/тапсырыс берушімен басқа әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлар, жұмыстар, қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ Заңның 51-бабының басқа да талаптарын сақтамау. |
4. | Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында лоттарға бөлмеу. |
1. Конкурс (аукцион) тәсілімен жарияланған мемлекеттік сатып алулар. | Ұйымдастырушылар, тапсырыс берушілер Заңның 20 бабының талаптарын сақтамай, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру барысында лоттарға бөлмеген. |
5. | Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып,оның қабылданбауына әкеп соқтырған шешім қабылдау. |
1. Қорытындылар туралы хаттама қалыптастырылған конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар. | Конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) Заңның 10, 27 және 33-баптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 150 және 344-тармақтарын Қағидаларға 4-қосымшаның 41-тармағын бұза отырып, әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурсқа қатысуға өтінімдерін қабылдамауы. |
6. | Әлеуетті өнім берушіге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып рұқсат беру туралы шешім қабылдау. |
1. Қорытындылар туралы хаттама рәсімделген конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар. | Конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) Заңның 10, 27 және 33-баптарын, сондай-ақ Қағилардың 150 және 344-тармақтарын және Қағидаларға 4-қосымшаның 41-тармағын бұза отырып, әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурсқа қатысуға өтінімдеріне рұқсат беруі. |
7. | Шартты жеңілдіктерді заңсыз қолдану немесе қолданбау. |
1. Қорытындылар туралы хаттама қалыптастырылған конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар, бұл ретте олар өткізілген болып танылса. | Конкурстық комиссияның Заңның 21-бабының, сондай-ақ Қағиданың 153-166-тармақтарының талаптарын сақтамай, әлеуетті өнім берушіге шартты жеңілдіктерді заңсыз қолдануы немесе қолданбауы. |
8. | Алдын ала рұқсат беру хаттамасында конкурстық өтінімдерді қайтарудың нақты себептерін көрсетпеу. |
1. Алдын ала рұқсат беру хаттамасы қалыптастырылған конкурс (аукцион) тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар. |
Алдын ала рұқсат беру хаттамасында мыналар болмайды: |
9. | Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі он бес күнтізбелік күннен аз, сондай-ақ, тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз. |
1. Заңның 13-бабының 1-тармағымен көзделген тәсілмен өткізілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алулар. | Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар Заңның 43-бабының 22-тармағын бұза отырып өткізілген. |
10. | Ұйымдастырылуы және өткізілуі орталықтандырылған мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысымен жүзеге асырылуы тиіс мемлекеттік сатып алулар. | Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерінде уәкілетті органмен айқындалатын белгіленген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді Заңның 8-бабына сәйкес. | Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерінде уәкілетті органмен айқындалатын белгіленген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді Заңның 8-бабына сәйкес. |
11. | Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуы бойынша ақпаратты орналастыру тәртібін және мерзімдерін бұзу. | Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуларда веб порталда орналастырылған ақпарат толық емес және/немесе Заңының 38-бабы 1-тармағымен қарастырылған мерзімдері бұзылған. | Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуларда Заңының 38-бабы 1-тармағымен қарастырылған мерзімдері және тәртібі бұзылған. |
12. | Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде лоттарға бөлінбеуі. |
1. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алулар. | Ұйымдастырушымен (тапсырыс берушімен) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде Заңның 5-бабын бұза отырып лоттарға бөлінбеуі. |
13. | Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде техникалық спецификациясында тауарлық белгілер, пайдалы модельдер және басқа сипаттамалары көрсетіледі. |
1. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алулар. | Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер сипаттамасында Заңның 38-бабының 2-тармағын бұза отырып, тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулары, патенттері, пайдалы модельдері, өнеркәсіп үлгілері, тауардың шығу орнының атауы және өндірушінің атауы, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, қызметтің жеке әлеуетті өнім берушіге тиесілігін анықтайтын өзге де сипаттамалары көрсетілген. |
14. | Мемлекеттік сатып алудың тәсілі – мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілін заңсыз қолдану. |
1. Мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар. | Мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілін заңсыз таңдау және тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шартты Заңның 39-бабының 3-тармағын бұза отырып заңсыз жасасуы (соның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды заңсыз жасауы). |
15. | Биржалық тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілін заңсыз таңдау. |
1. Тауарлық биржалар арқылы тәсілмен өткізілген мемлекеттік сатып алулар. | Биржалық тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды мемлекеттік сатып алулар Заңның 42-бабын бұза отырып жүзеге асырылған. |
16. | Әлеуетті өнім берушілерге өз өтінімдерін сәйкестендіруге құқық бермейтін негіздер бойынша олардың өтінімдерін заңсыз қайтару |
1. Алдын ала рұқсат беру хаттамасы қалыптастырылған конкурс (аукцион) тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар. | Конкурстық комиссия (аукциондық комиссия) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімін Заңның 27 және 33-баптарын, сондай-ақ Қағидалардың 137 және 333-тармақтарын бұза отырып кері қайтарған. |
17. | Ұйымдастырушының техникалық спецификация орнына жабдықтардың (механизмдер, машиналар) және еңбек ресурстарының негізгі түрлерінің тізбесі болған кезде талқылау қорытындысы бойынша конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) өзгерту жағдайларында конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі. |
1. Конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасын алдын ала талқылау хаттамасы рәсімделген конкурс (аукцион) тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар. |
Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) келесі біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі: |
18. | Баға ұсынысын сұрату тәсілімен жылдық көлемі құндық түрде республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселік мөлшерінен асатын біркелкі тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу. |
1. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар. | Баға ұсынысын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар Заңның 37-бабының 1-тармағын бұза отырып жүзеге асырылған. |
19. | Мемлекеттік сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылған жағдайда заңсыз талаптар. |
1. Жарияланған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу. | Мемлекеттік сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылған жағдайда біліктілік талаптарын белгілеу. |
20. | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) уақтылы орналастыру. | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын веб-порталда орналастыру күнін тиісті бюджетті (даму жоспарын) немесе жеке қаржыландыру жоспарын бекіту күнімен салыстыру. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таратылуы шектеулі ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырмау. |
21. | Мемлекеттік сатып алу көлемінің сәйкестігі. | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының көлемін тиісті бюджеттің (даму жоспарының) немесе жеке қаржыландыру жоспарының көлемдерімен салыстыру. | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін экономикалық сыныптаманың ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтықта бюджетке (даму жоспарына) немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекіту (нақтылау). |
22. | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының мазмұны. | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарларын) мониторингілеу және талдау. |
Жобалау-сметалық құжаттамасы бар жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде тапсырыс беруші Заңның 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында): |
23. | Мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарға енгізу | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарларын) мониторингілеу және талдау. | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 31), 32) және 35) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді енгізу. |
24. | Демпингтік бағасын есептеу заңсыз пайдалану/пайдаланбау |
1. Жарияланған конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алуы. | Заңның 26-бапты және Қағидаларының 174, 174-1, 175, 175-1 және 176-тармақтарын бұзушылық |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 148 бұйрығына 2-қосымша |
|
Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылаудың элементтері және бұзушылықтарды жою тәсілдері
Камералдық бақылаудың бағыттар | ТБЖ критерийлері үшін деректерді іріктеу | Камералдық бақылаудың тәуекел бейіндері | Бұзушылықтарды дербес жою тәсілдері |
Бірінші бағыт | Конкурс/аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алулар | № 1-бейін – Ұйымдастырушының/тапсырыс берушінің конкурстық/аукциондық құжаттамада мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын орнату | 1-нұсқа. Конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер енгізу* |
2-нұсқа. Егер конкурстық құжаттаманың жобасы алдын ала талқылануы жүзеге асырылмаған жағдайда ұйымдастырушының (тапсырыс беруші) тиісті шешімінің күшін жою* | |||
№ 3-бейін – Басқа әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің мемлекеттік сатып алуын жүзеге асыру ("Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Заң) 51-бабын талаптарын бұза отырып) | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою | ||
№ 4-бейін – Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде лоттарға бөлмеу | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою | ||
№ 9-бейін – Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі он бес күнтізбелік күннен аз, сондай-ақ, тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз. | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою | ||
№ 10-бейін – Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысымен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою | ||
№ 24-бейін – Демпингтік бағасын есептеу заңсыз пайдалану/пайдаланбау | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою | ||
Екінші бағыт | Конкурс/аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алулар | № 2-бейін – конкурстық/аукциондық құжаттаманың жобасына алдын ала талқылау хаттамасында тиісті ескертулердің бола тұра тапсырыс берушімен конкурстық/аукциондық құжаттаманы бұзушылықпен бекіту | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою |
№ 17-бейін – Ұйымдастырушының техникалық спецификация орнына жабдықтардың (механизмдер, машиналар) және еңбек ресурстарының негізгі түрлерінің тізбесі болған кезде талқылау қорытындысы бойынша конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) өзгерту жағдайларында конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі. | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою | ||
Үшінші бағыт | Бес миллион теңге сомадан жоғары конкурс/аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алулар және (немесе) ол бойынша ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға шағымдар түскен мемлекеттік сатып алу | № 8-бейін – Алдын ала рұқсат беру хаттамасында конкурстық өтінімдерді қайтарудың нақты себептерін көрсетпеу. | 1-нұсқа. Алдын ала жіберу хаттамасын хабарламамен сәйкестікке келтіру |
2-нұсқа. Егер ұйымдастырушымен қорытынды туралы хаттама рәсімделсе, ұйымдастырушының (тапсырыс беруші) тиісті шешімінің күшін жою* | |||
№ 16-бейін – Әлеуетті өнім берушінің өтінімдері олардың өтінімдерін сәйкестікке келтіру құқығы бермеу негізі бойынша заңсыз қабылдамау | 1-нұсқа. Алдын ала жіберу хаттамасын хабарламамен сәйкестікке келтіру* | ||
2-нұсқа. Егер ұйымдастырушымен қорытынды туралы хаттама рәсімделсе, ұйымдастырушының (тапсырыс беруші) тиісті шешімінің күшін жою* | |||
Төртінші бағыт | Сомасы елу миллион теңгеден асатын конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу және (немесе) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабы 2-тармағында белгіленген мерзімде шағымдар келіп түскен конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу | № 5-бейін – Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып,оның қабылданбауына әкеп соқтырған шешім қабылдау | Қорытынды туралы хаттаманы хабарламамен сәйкестікке келтіру* |
№ 6-бейін – Әлеуетті өнім берушіге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып рұқсат беру туралы шешім қабылдау | Қорытынды туралы хаттаманы хабарламамен сәйкестікке келтіру* | ||
№ 7-бейін – Шартты жеңілдіктерді қолданбау немесе дұрыс қолданбау | Қорытынды туралы хаттаманы хабарламамен сәйкестікке келтіру* | ||
Лоттың сомасы екі миллион теңгеден асатын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу және (немесе) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға шағымдар келіп түскен мемлекеттік сатып алу | № 3-бейін – Өзге әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру (Заңның 51-бабының талаптарын бұза отырып) | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою | |
№ 9-бейін – Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі он бес күнтізбелік күннен аз, сондай-ақ, тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз. | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою | ||
№ 11-бейін – Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою | ||
№ 12-бейін – Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде лоттарға бөлінбеуі. | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою | ||
№ 13-бейін – Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде техникалық спецификациясында тауарлық белгілер, пайдалы модельдер және басқа сипаттамалары көрсетіледі | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою | ||
№ 18-бейін – Құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою | ||
№ 19-бейін – мемлекеттік сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылған жағдайда біліктілік талаптарын заңсыз белгілеу | Ұйымдастырушының (Тапсырыс берушінің) тиісті шешімінің күшін жою* не мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою | ||
№ 20-бейін – Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын уақтылы орналастыру | Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру* | ||
№ 21 -бейін – Мемлекеттік сатып алу көлемінің сәйкестігі | Хабарламаға сәйкес Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу* | ||
№ 22-бейін – Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының мазмұны | Хабарламаға сәйкес Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу* |
Ескерту:
* Егер хабарламаны тапсырғаннан кейін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда, осындай шартты бұзу жолымен бұзушылықтар жойылады (қорытындының күші жойылумен).
_____________________________________________________
(ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның атауы)
Қарсылық қарастыру нәтижелері бойынша қорытынды
20___ж._________ №______
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңның 31-бапының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті қарсылықты қарастырып _______________________________________________
____________________________________________ бұзушылықтары анықталған
__________________________________________________________________________
(хабарламаны жіберген ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның атауы)
20___ жылғы_______________ № _______ хабарламасына
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік аудит объектісінің атауы, БСН)
20___ жылғы_______________ № _______ қарсылығын қарап шығып, мынаны
хабарлайды.
Осыған байланысты Комитет апелляциялық комиссияның ұсынымын ескере отырып
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________ шешім қабылдады.
(қарсылықты толық қанағаттандыру туралы/қарсылықты ішінара
қанағаттандыру туралы/қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы)
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі
уәкілетті органның басшысы
___________________________________ _______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (Электрондық цифрлық қолтаңба қолы)