Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 наурызда № 18362 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 903 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 31.08.2022 № 903 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Біртекті түрлері және беру (орындау, көрсету) орны бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 1 наурыздағы
№ 159 бұйрығымен
бекітілген

Біртекті түрлері бойынша және оларды жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

№ р/с

Атауы


1. Тауарлар

1

Кеңсе тауарлары

2

Шаруашылық тауарлары

3

Жуу құралдары

4

Азы-түлік тағамдары

5

Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар

6

Құрылыс материалдары

7

Электр тауарлары

8

Сантехникалық тауарлар

9

Қосалқы бөлшектер

10

Жеңіл өнеркәсіп тауарлары

11

Жиһаз өнімі


2. Қызметтер

1

Күзет және өрт дабылы қызметтері

2

Ғимаратқа техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер(үй-жайларды жинау және аумақты абаттандыру, жылыту жүйелерін тығыздау және жуу, электрмонтаждау және сантехникалық жұмыстар, ағаш ұстасы көрсететін қызметтер)

3

Полиграфиялық қызметтер


Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым разделение на лоты по их однородным видам и по месту их поставки (выполнения, оказания) не требуется

Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 1 марта 2019 года № 159. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 марта 2019 года № 18362. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 31 августа 2022 года № 903.

      Сноска. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 31.08.2022 № 903 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 3 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень товаров, работ, услуг, по которым разделение на лоты по их однородным видам и по месту их поставки (выполнения, оказания) не требуется.

      2. Департаменту законодательства государственных закупок Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Первый заместитель
Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министр финансов
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Утвержден
приказом Первого заместителя
Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министр финансов
Республики Казахстан
от 1 марта 2019 года № 159

Перечень товаров, работ, услуг, по которым разделение на лоты по их однородным видам и по месту их поставки (выполнения, оказания) не требуется

№ п/п

Наименование

1. Товары

1

Канцелярские товары

2

Хозяйственные товары

3

Моющие средства

4

Продукты питания

5

Лекарственные средства и изделия медицинского назначения

6

Строительные материалы

7

Электротовары

8

Сантехнические товары

9

Запасные части

10

Товары легкой промышленности

11

Мебельная продукция

2. Услуги

1

Услуги охраны и пожарной сигнализации

2

Услуги по техническому обслуживанию зданий (уборка помещений и благоустройство территорий, опрессовка и промывка систем отоплений, электромонтажные и сантехнические работы, услуги плотника)

3

Полиграфические услуги