Көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспортын қорғау элементтеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № 129 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 наурызда № 18394

      "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспортын қорғау элементтеріне қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 12 наурыздағы
№ 129 бұйрығымен
бекітілген

Көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспортын қорғау элементтеріне қойылатын талаптар

      1. Осы Көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа түрлерінің паспортын қорғау элементтеріне қойылатын талаптар "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес және "Өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлерінің паспорты туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 100 шешімін іске асыру үшін әзірленген.

      2. Өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлері паспортының бланкілері қатаң есептілік құжаты болып табылады, олар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) А4 форматтағы (210 х 297 мм) ақ қағазда, түзетуден немесе сүртіп кетіруден қорғауды қамтамасыз ететін бояуды пайдалана отырып, мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген бланкілердіқорғау дәрежесіне қойылатын талаптарға сәйкес баспаханалық тәсілмен дайындалады және кем дегенде 8 қорғау дәрежесі болады, соның ішінде:

      1) айқын кереғар түсті, сенімді түрде көзбен шолып бақылануы қамтамасыз етілетін 2 түсті ашық-көлеңкелі су белгісі;

      2) спектрдің көрінетін немесе өзге де салаларында бақыланатын талшықтың кем дегенде 2 түрі болады. Бұл ретте талшық түрінің бірін енгізудің басқа түрлерімен – конфеттимен, полимерлік жіптермен, капсулданған люминоформен ауыстыруға жол беріледі. Ультракүлгін сәуленің әсерімен көрінетін көгілдір түсті люминесценциясы бар арнайы талшықтарды қолдануға жол берілмейді;

      3) 2 түс аясындағы торды ауыспалы адымменжәне түрлі-түсті жіп тәрізді жаймалап салу;

      4) қарпінің биіктігі оң орындауда 150 -200 мкм, ал кері орындауда – 200 - 250 мкм микромәтін;

      5) бояумен басылған, көрінетін спектрде көрінбейтін және сары-жасыл түсті ультракүлгін сәуленің әсерімен люминесценцияланатын элемент;

      6) ксерокөшіруден қорғау элементі;

      7) ыстықтайбедерлеу әдісімен салынған микромәтіні бар голограмма;

      8) бланк сериясынан, елдің 2 әріптік кодынан (ISO 3166-1 (alpha) анықтамалығына сәйкес) және бланктің реттік нөмірінен (2 бас әріп және 6 араб цифры) тұратын баспаханалық нөмірі болады.

Об утверждении требований к элементам защиты паспорта транспортного средства (паспорта шасси транспортного средства) и паспорта самоходной машины и других видов техники

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 12 марта 2019 года № 129. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 марта 2019 года № 18394

      В соответствии с подпунктом 5) статьи 15-1 Закона Республики Казахстан от 17 апреля 2014 года "О дорожном движении" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые требования к элементам защиты паспорта транспортного средства (паспорта шасси транспортного средства) и паспорта самоходной машины и других видов техники.

      2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
Р. Скляр

  Утверждены
приказом Министра
индустрии и инфраструктурного
развития Республики Казахстан
от 12 марта 2019 года № 129

Требования к элементам защиты паспорта транспортного средства (паспорта шасси транспортного средства) и паспорта самоходной машины и других видов техники

      1. Настоящие требования к элементам защиты паспорта транспортного средства (паспорта шасси транспортного средства) и паспорта самоходной машины и других видов техники разработаны в соответствии с подпунктом 5) статьи 15-1 Закона Республики Казахстан от 17 апреля 2014 года "О дорожном движении" и в реализацию решения Коллегии Евразийской экономической комиссии от 18 августа 2015 года № 100 "О паспорте самоходной машины и других видов техники".

      2. Бланки паспорта самоходной машины и других видов техники являются бланками строгой отчетности, изготавливаются на белой бумаге формата А4 (210 х 297 мм) с использованием красок, обеспечивающих защиту от исправлений или вытравок, типографским способом в соответствии со следующими требованиями, предъявляемыми к степени защиты бланков и имеют не менее 8 степеней защиты:

      1) 2-тоновый просветно-затененный водяной знак, обладающий выраженной контрастностью, обеспечивающей его надежный визуальный контроль;

      2) не менее 2 видов волокон, контролируемых в видимой или иных областях спектра. При этом допускается замена одного из видов волокон другими видами включений – конфетти, полимерными нитями, капсулированным люминофором. Не допускается применение специальных волокон, имеющих видимую люминесценцию голубого цвета под действием ультрафиолетового излучения;

      3) наложение 2 фоновых сеток с переменным шагом и ирисовым раскатом;

      4) микротекст, имеющий в позитивном исполнении высоту шрифта 150 – 200 мкм, а в негативном исполнении – 200 – 250 мкм;

      5) элемент, отпечатанный краской, невидимой в видимом спектре и люминесцирующей под действием ультрафиолетового излучения желто-зеленым цветом;

      6) элемент защиты от ксерокопирования;

      7) голограмму с микротекстом, нанесенную методом горячего тиснения;

      8) типографский номер, состоящий из серии бланка, 2-буквенного кода страны (в соответствии со справочником ISO 3166-1 (alpha-2)) и порядкового номера бланка (2 прописные буквы и 6 арабских цифр).