"Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 232 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № ҚР ДСМ-10 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 наурызда № 18410 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № ҚР ДСМ-58 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.07.2021 № ҚР ДСМ-58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90125 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілісін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалар (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және үй-жайларға және жабдықтарға, ғимараттарды жобалауға, құрылысына, еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге, стерилдеу және дезинфекция жүргізу жағдайларына, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға және желдетуге, дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерде өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Санитариялық қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы барлық объектілерге қолданылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) асептикалық жағдайлар – технологиялық үдерістің барлық кезеңдерінде дайын өнімге микроорганизмдердің немесе механикалық бөлшектердің түсуін болдырмайтын, стерилді дәрілік заттарды дайындау жағдайлары;

      2) ауа шлюзі – ерекше тазалықты талап ететін үй-жайларға микроорганизмдердің немесе механикалық бөлшектердің өтуінің алдын алу үшін әртүрлі тазалықтағы үй-жайлар арасындағы ауа ағынының қозғалысына кедергі жасайтын екі немесе бірнеше есiгi бар үй-жайлар арасындағы тұйық кеңiстiк;

      3) бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті (бұдан әрі – дәріхана пункті) – халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау жүйесіне жатқызылатын дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объект;

      4) дәріхана – халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау жүйесіне жатқызылатын дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объект;

      5) дәрілік заттар – аурулардың профилактикасына, диагностикаcына және оларды емдеуге, сондай-ақ организмнің жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық активті заттарды білдіретін немесе оларды қамтитын заттар: дәрілік субстанция, табиғаттан алынатын дәрілік шикізат, дәрілік ангро- және балк-өнімдер, дәрілік препараттар, медициналық иммундық-биологиялық препараттар, парафармацевтикалар;

      6) дәрiлiк заттың және медициналық бұйымдардың сапасы – дәрiлiк заттың және медициналық бұйымдардың мақсаты бойынша әрекет ету қабілетіне әсер ететін олардың қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы;

      7) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілер – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгілік ережелерге сәйкес жұмыс істейтін дәріхана, бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана қоймасы, дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық бұйымдар дүкені, медициналық бұйымдар қоймасы, дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі ұйымдар;

      8) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізу (дистрибуция) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көлемдерін шектемей сатып алумен (иеленумен), сақтаумен, әкелумен (импорттаумен), әкетумен (экспорттаумен), өткізумен (халыққа өткізуді қоспағанда), тасымалдаумен және жоюмен байланысты фармацевтикалық қызмет;

      9) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алумен (әкелуден басқа), сақтаумен, бөлумен, соңғы тұтынушыға өткізумен (әкетуден басқа), жоюмен байланысты фармацевтикалық қызмет;

      10) дәріхана қоймасы – денсаулық сақтау жүйесіне жатқызылатын және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объект;

      11) медициналық бұйымдар дүкені (бұдан әрі – дүкен) – халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объект;

      12) медициналық бұйымдардың қоймасы (бұдан әрі – қойма) – фармацевтикалық қызмет субъектілерін және денсаулық сақтау ұйымдарын қамтамасыз ету үшін медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объект;

      13) оқшауланған блок – жеке кiретiн есігі бар ғимараттың сәулеттiк құрылымында басқа үй-жайлардан металл, пластикалық материалдармен немесе шыны блоктармен оқшауланған үй-жайлар кешенi (жиыны);

      14) оқшауланған үй-жай – негізгі ғимарат құрылымында басқа үй-жайлардан металл, пластикалық материалдармен, немесе шыны блоктармен оқшауланған үй-жай;

      15) оптика дүкені – халықты медициналық оптика бұйымдарымен қамтамасыз ету мақсатында медициналық оптика бұйымдарын дайындауды және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объект;

      16) санитариялық киім – шикiзатты, қосалқы материалдар мен дайын өнiмдi механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен ластанудан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киiмінің жиынтығы;

      17) стерилділiк – дәрiлiк заттарда тiрi организмдердің, олардың тіршілік әрекетінің және ыдырау өнiмдерiнің болмауы;

      18) "таза" үй-жайлар – құрамындағы механикалық бөлшектер мен микроорганизмдер бойынша нормаланатын, ауасы таза, стерилді дәрiлiк заттар дайындауға арналған өндiрiстiк үй-жайлар;

      19) шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті (бұдан әрі – жылжымалы дәріхана пункті) – ауыл тұрғындарына дәрілік көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жабдықтары бар автомобиль көлік құралы болып табылатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объект.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің үй-жайларына және жабдықтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің өндірістік үй-жайларының және сақтау үй-жайларының ішін әрлеу (қабырғаларының, төбелерінің, едендерінің ішкі беттері), қабылдау үй-жайлары мен халыққа қызмет көрсету үй-жайларын әрлеу (қабырғаларының, едендерінің ішкі беттері) тегіс, ашық түсті және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып ылғалды жинау жүргізуге жол берілетін материалдардан көзделеді.

      6. Жабдықтың, жиһаздың, мүкәммалдың гигиеналық жабыны болуы, жуу және дезинфекциялау материалдарына төзімді материалдардан жасалған болуы тиіс. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің өндірістік үй-жайлары, өндірістік жабдығы, өндірістік жиһазы Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып ылғалды жиналады. Өндірістік үй-жайларды, технологиялық жабдықты дайындау осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерді жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің құрамы мен аудандары осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Дәріханалар, оптика дүкендері, медициналық бұйымдар дүкендері:

      1) бөлек тұрған ғимараттарда;

      2) тұрғын үй қорына кірмейтін ғимараттар құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда;

      3) тұрғын үй қорына кіретін ғимараттар құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда орналасады.";

      16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Медициналық бұйымдар қоймасы, дәріхана қоймасы және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды уақытша сақтау қоймасы:

      1) бөлек тұрған ғимараттарда;

      2) тұрғын үй қорына кірмейтін ғимарат құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда орналасады.

      17. Ғимарат құрылымында орналасқан кезде дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерде үй-жайлардың оқшауланған блогы көзделеді.

      18. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерді ғимарат құрылымына орналастырған кезде қызметтік, тұрмыстық үй-жайлар (санторап) ғимараттың негізгі үй-жайлар құрамына кіреді.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердегі персоналдың еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің қызметкерлеріне екі жиын санитариялық киім мен санитариялық аяқ киім беріледі.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің қызмет көрсететін персоналы үшін санитариялық-тұрмыстық үй-жайларда киім ілетін орындар жұмыс істейтіндердің саны бойынша, жеке және санитариялық киімді, аяқ киімді және бас киімді бөлек сақтауды қамтамасыз ететін, жабылатын шкафтармен жабдықталады.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердегі стерилдеу мен дезинфекциялауды жүргізу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Дәріхана басшылығы тоқсанына кемінде 1 рет инъекцияға арналған ерітінділердің, көзге арналған тамшылардың және жаңа туған нәрестелерге арналған дәрілік нысандардың стерилділігіне зертханалық бақылау, тоқсанына бір реттен сиретпей инъекциялық ерітінділердің пирогендігіне ішінара бақылау жүргізеді. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерде дәрілік заттардың микробиологиялық қауіпсіздігін бақылау осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің үй-жайларын сумен жабдықтауға, кәріздеуге, желдетуге және жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      76, 77 және 78-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерде орталықтандырылған ыстық және салқын сумен жабдықтау, жылыту, кәріз, желдету, жарықтандыру жүйелері көзделеді.

      77. Бөлек тұрған ғимараттарда орналасқан дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерде, елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтау, кәріз, жылыту жүйелері болмаған кезде, автономды жылыту, кәріз, сумен жабдықтаудың болуына жол беріледі.

      Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмағанда сумен жылыту жабдықтарын орнату қамтамасыз етіледі.

      78. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің үй-жайларындағы температура және ауа алмасу жиілігі осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес айқындалады.";

      80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Дәрілік заттар мен және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің үй-жайларында зиянды бөлінділері бар өндірістік үй-жайларда механикалық іске қосылатын ішке сору-сыртқа шығару желдеткіші, қалған объектілерде терезе желдеткіштері, фрамугалар, терезе ойықтарындағы, сыртқы қабырғалардағы аспаптар арқылы табиғи желдету көзделеді.

      81. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің үй-жайлары табиғи және жасанды жарықтандыру жүйелерімен жабдықталады. Барлық үй-жайларда жасанды жарықтандыру көзделеді, жекелеген жұмыс орындары үшін жергілікті жарықтандыру (үстел үстіндегі шам) орнатылады. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің үй-жайларын жарықтандыру нормалары, жарық көздері осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес люминисцентті шамдармен және қыздыру шамдарымен жүзеге асырылады.";

      Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Дәрілік заттар мен
медициналық бұйымдардың
айналысы саласындағы
объектілерге қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына
1-қосымша";

      Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада:

      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Дәрілік заттар мен
медициналық бұйымдардың
айналысы саласындағы
объектілерге қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына
2-қосымша";

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дәрілік заттар мен және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің құрамы мен аудандары";

      1-кестеде:

      "

Үй-жайлардың атауы

Медициналық ұйымның дәрiханасы (ш.м) кемінде

Дәрiлік заттарды дайындау, дайын дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өткізу бойынша (ш.м) кемінде

Дайын дәрiлік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өткізу бойынша (ш.м) кемінде

      " деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Үй-жайлардың атауы

Медициналық ұйымның дәрiханасы (ш.м) кемінде

Дәрiлік заттарды дайындау бойынша (ш.м) кемінде

Дайын дәрiлік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу бойынша (ш.м) кемінде

      ";

      1-кестеге ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "*Егер дайын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізетін дәріхана улы, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізетін болса, көрсетілген құралдарды сақтау үй-жайлары негізгі сақтау үй-жайларының құрамына кіруі мүмкін.";

      3-кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Дәріхана қоймасы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды уақытша сақтау қоймасы";

      4-кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Медициналық бұйымдарды сақтауға және өткізуге арналған дүкендер мен қоймалардың құрамы және аудандары";

      4-кестеде:

      "

Үй-жайлардың атауы

Медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы өткізетін дүкен, ш.м.

Оптика дүкені, ш.м.

Дәріхана қоймасының медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника бөлімі, ш.м.

Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме қоймасы, ш.м.

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Үй-жайлардың атауы

Медициналық бұйымдарды өткізетін дүкен, ш.м.

Оптика дүкені, ш.м.

Дәріхана қоймасының медициналық бұйымдар бөлімі, ш.м.

Медициналық бұйымдарды көтерме өткізу қоймасы, ш.м.

      ";

      "

2.

Қойма үй-жайлары:
1) медициналық мақсаттағы бұйымдарды немесе медициналық техниканы сақтауға арналған

кемінде 30

-

кемінде 10

кемінде 50

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.

Қойма үй-жайлары:
1) медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауға арналған

кемінде 30

-

кемінде 10

кемінде 50

      ";

      4-кестеге ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "*Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерді жалға алынған үй-жайларда орналастырған жағдайда, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар жалпыға ортақ болуы мүмкін.

      Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілер қосымша қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде қосымша өндірістік және қойма үй-жайлары көзделуі тиіс.

      Дәрiхана қоймасы субстанцияларды қайта өлшеп-орауды жүзеге асырған кезде мыналар көзделуі тиіс:

      1) ауданы кемінде 20 шаршы метр субстанцияларды қайта өлшеп-орауға арналған бөлме;

      2) дистилляциялық-стерилдік – кемінде 10 шаршы метр;

      3) жуу бөлмесі – кемінде 12 шаршы метр.";

      Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Дәрілік заттар мен
медициналық бұйымдардың
айналысы саласындағы
объектілерге қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына
3-қосымша";

      Санитариялық қағидаларға 4-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Дәрілік заттар мен
медициналық бұйымдардың
айналысы саласындағы
объектілерге қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына
4-қосымша";

      Санитариялық қағидаларға 5-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Дәрілік заттар мен
медициналық бұйымдардың
айналысы саласындағы
объектілерге қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына
5-қосымша";

      Санитариялық қағидаларға 6-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Дәрілік заттар мен
медициналық бұйымдардың
айналысы саласындағы
объектілерге қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына
6-қосымша";

      Санитариялық қағидаларға 7-қосымшада:

      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Дәрілік заттар мен
медициналық бұйымдардың
айналысы саласындағы
объектілерге қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына
7-қосымша";

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердегі дәрілік заттардың микробиологиялық қауіпсіздігін бақылау";

      Санитариялық қағидаларға 8-қосымшада:

      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Дәрілік заттар мен
медициналық бұйымдардың
айналысы саласындағы
объектілерге қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына
8-қосымша";

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы объектілердің үй-жайларындағы температура және ауа алмасу жиілігі";

      кестеде:

      "

6

Негізгі қорды:
1) дәрілік, таңып-байлау құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды

18-25

2

3

1

2) дәрілік өсімдік шикізатын

18-25

3

4

3

3) минералды су, медициналық және айналма көлік ыдыстары, көзілдіріктер мен оптика заттарын, қосалқы материалдарды таза ыдысты

18-25

-

1

1

4) улы, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды

18-25

-

3

3

7

Жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды

18

-

10

5

8

Дезинфекциялық құралдар мен қышқылдарды сақтау үй-жайлары

18

-

5

3

9

Қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар

18-25

1

1

1

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Негізгі қорды:
1) дәрілік, таңып-байлау құралдары мен медициналық бұйымдарды

18-25

2

3

1

2) дәрілік өсімдік шикізатын

18-25

3

4

3

3) минералды су, медициналық және айналма көлік ыдыстары, көзілдіріктер мен оптика заттарын, қосалқы материалдарды таза ыдысты

18-25

-

1

1

4) улы, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды

18-25

-

3

3

5) жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды

18

-

10

5

6) дезинфекциялық құралдар мен қышқылдарды сақтау үй-жайлары

18

-

5

3

7

Қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар

18-25

1

1

1

      ";

      Санитариялық қағидаларға 9-қосымшада:

      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Дәрілік заттар мен
медициналық бұйымдардың
айналысы саласындағы
объектілерге қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына
9-қосымша";

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың саласындағы объектілердің үй-жайларын жарықтандыру нормалары, жарық көздері";

      кестеде:

      "

5

Негiзгi қорды:
дәрілiк, термолабильдiк және таңып-байлау құралдарын және медициналық мақсаттағы бұйымдарды, таза ыдыстарды сақтау үй-жайлары

150

Л Ш

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

Негiзгi қорды:
дәрілiк, термолабильдiк және таңып-байлау құралдарын және медициналық бұйымдарды; таза ыдыстарды сақтау үй-жайлары

150

Л Ш

      ";

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялау үшін мерзімдік баспа басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 232 "Санитарные правила "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 марта 2019 года № ҚР ДСМ-10. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 марта 2019 года № 18410. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 июля 2021 года № ҚР ДСМ-58.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 07.07.2021 № ҚР ДСМ-58 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 144 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. В приказе Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 232 "Санитарные правила "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11037 опубликован 10 июня 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет"):

      заголовок изложить в новой редакции:

      "Санитарные правила "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Санитарные правила "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий"";

      в Санитарных правилах "Санитарные правила "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники", утвержденных указанным приказом:

      заголовок изложить в новой редакции:

      "Санитарные правила "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Санитарные правила "Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации объектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий" (далее – Санитарные правила) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 144 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс) устанавливают санитарно-эпидемиологические требования к помещениям и оборудованию, проектированию, строительству зданий, условиям труда, бытового обслуживания, условиям проведения стерилизации и дезинфекции, водоснабжению, канализации, освещению и вентиляции, осуществлению производственного контроля на объектах в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий.";

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Настоящие Санитарные правила распространяются на все объекты сферы обращения лекарственных средств и медицинских изделий на территории Республики Казахстан.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. В настоящих Санитарных правилах используются следующие понятия:

      1) асептические условия – условия изготовления стерильных лекарственных средств, исключающие попадание в готовый продукт микроорганизмов или механических частиц на всех этапах технологического процесса;

      2) воздушный шлюз – замкнутое пространство между помещениями с двумя или несколькими дверями, препятствующее движению воздушного потока между помещениями различной чистоты для предотвращения проникновения микроорганизмов или механических частиц в помещения, требующие особой чистоты;

      3) аптечный пункт в организациях здравоохранения, оказывающих первичную медико-санитарную, консультативно-диагностическую помощь, (далее – аптечный пункт) – объект в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий, относящийся к системе здравоохранения, для обеспечения населения лекарственными средствами и медицинскими изделиями;

      4) аптека – объект в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий, относящийся к системе здравоохранения для обеспечения населения и организаций здравоохранения лекарственными средствами медицинскими изделиями;

      5) лекарственные средства – средства, представляющие собой или содержащие фармакологически активные вещества, предназначенные для профилактики, диагностики и лечения заболеваний, а также изменения состояния и функций организма: лекарственная субстанция, лекарственное сырье природного происхождения, лекарственные ангро- и балк- продукты, лекарственные препараты, медицинские иммунобиологические препараты, парафармацевтики;

      6) качество лекарственного средства и медицинских изделий – совокупность свойств и характеристик лекарственного средства и медицинских изделий, влияющих на их способность действовать по назначению;

      7) объекты в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий – аптека, аптечный пункт в организациях здравоохранения, оказывающих первичную медико-санитарную, консультативно-диагностическую помощь, передвижной аптечный пункт для отдаленных сельских местностей, аптечный склад, склад временного хранения лекарственных средств и медицинских изделий, магазин оптики, магазин медицинских изделий, склад медицинских изделий, организации по производству лекарственных средств, медицинских изделий, функционирующие в соответствии с типовыми положениями, утвержденными Правительством Республики Казахстан;

      8) оптовая реализация лекарственных средств и медицинских изделий (дистрибуция) – фармацевтическая деятельность, связанная с закупом (приобретением), хранением, ввозом (импортом), вывозом (экспортом), реализацией (за исключением реализации населению) без ограничения объемов, транспортировкой и уничтожением лекарственных средств и медицинских изделий, осуществляемая в соответствии с правилами, утвержденными уполномоченным органом в области здравоохранения;

      9) розничная реализация лекарственных средств и медицинских изделий – фармацевтическая деятельность, связанная с приобретением (кроме ввоза), хранением, распределением, реализацией (кроме вывоза) конечному потребителю, уничтожением лекарственных средств и медицинских изделий, осуществляемая в соответствии с правилами, утвержденными уполномоченным органом в области здравоохранения;

      10) аптечный склад – объект в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий, относящийся к системе здравоохранения и осуществляющим оптовую реализацию лекарственных средств и медицинских изделий;

      11) магазин медицинской изделий (далее – магазин) – объект в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий для обеспечения населения медицинскими изделиями;

      12) склад медицинских изделий (далее – склад) – объект в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий, осуществляющий оптовую реализацию медицинских изделий для обеспечения субъектов фармацевтической деятельности и организаций здравоохранения;

      13) изолированный блок – комплекс (набор) помещений, изолированный металлическим, пластиковым материалами или стеклоблоками от других помещений в архитектурной структуре здания с отдельным входом;

      14) изолированное помещение – помещение, изолированное от других помещений металлическим, пластиковым материалами или стеклоблоками в структуре основного здания;

      15) магазин оптики – объект в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий, осуществляющий изготовление и (или) розничную реализацию изделий медицинской оптики, с целью обеспечения населения изделиями медицинской оптики;

      16) санитарная одежда – комплект защитной одежды персонала, предназначенной для защиты сырья, вспомогательных материалов и готового продукта от загрязнения механическими частицами, микроорганизмами;

      17) стерильность – отсутствие живых организмов, их продуктов жизнедеятельности и распада в лекарственных средствах;

      18) "чистые" помещения – производственные помещения для изготовления стерильных лекарственных средств, с чистотой воздуха, нормируемой по содержанию механических частиц и микроорганизмов;

      19) передвижной аптечный пункт для отдаленных сельских местностей (далее – передвижной аптечный пункт) – объект в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий, представляющий собой автомобильное транспортное средство с соответствующим оборудованием с целью обеспечения доступности лекарственной помощи сельскому населению.";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Санитарно-эпидемиологические требования к помещениям и оборудованию объектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий";

      пункты 5 и 6 изложить в следующей редакции:

      "5. Внутренняя отделка производственных помещений и помещений хранения (внутренние поверхности стен, потолков, полов) объектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий, отделка помещений приемки и обслуживания населения (внутренние поверхности стен, полов) предусматриваются из гладких материалов, светлых тонов и допускающие проведение влажной уборки с использованием моющих и дезинфицирующих средств, разрешенных к применению в Республике Казахстан.

      6. Оборудование, мебель, инвентарь имеют гигиеническое покрытие, выполненные из материалов, устойчивых к моющим и дезинфицирующим средствам. Производственные помещения объектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий, производственное оборудование, производственная мебель подвергаются влажной уборке с использованием моющих и дезинфицирующих средств, разрешенных к применению в Республике Казахстан. Подготовка производственных помещений, технологического оборудования проводятся в соответствии с приложением 1 к настоящим Санитарным правилам.";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Санитарно-эпидемиологические требования к проектированию объектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Состав и площади объектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий определяются в соответствии с приложением 2 к настоящим Санитарным правилам.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Аптеки, магазины оптики и магазины медицинских изделий размещаются:

      1) в отдельно стоящих зданиях;

      2) в изолированных помещениях, в структуре здания, входящих в нежилой фонд;

      3) в изолированных помещениях в структуре здания, входящих в жилой фонд.";

      пункты 16, 17 и 18 изложить в следующей редакции:

      "16. Склад медицинских изделий, аптечный склад, склад временного хранения лекарственных средств и медицинских изделий размещаются:

      1) в отдельно стоящих зданиях;

      2) в изолированных помещениях, в структуре здания, входящих в нежилой фонд.

      17. При расположении в структуре здания, для объектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий предусматриваются изолированный блок помещений.

      18. В случае размещения объектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий в структуре здания, служебные, бытовые помещения (санузел) входят в состав основных помещений здания.";

      заголовок главы 4 изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Санитарно-эпидемиологические требования к условиям труда, бытового обслуживания персонала объектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий";

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. Работникам объектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий выдается санитарная одежда и санитарная обувь по два комплекта.";

      пункт 24 изложить в следующей редакции:

      "24. В санитарно-бытовых помещениях для обслуживающего персонала объектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий гардеробные оборудуются закрывающимися шкафами по числу работающих, обеспечивающим раздельное хранение личной и санитарной одежды, обуви и головных уборов.";

      заголовок главы 5 изложить в следующей редакции:

      "Глава 5. Санитарно-эпидемиологические требования к условиям проведения стерилизации и дезинфекции лекарственных средств на объектах в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий";

      пункт 46 изложить в следующей редакции:

      "46. Руководство аптеки не менее 1 раз в квартал проводит лабораторный контроль, за стерильностью изготовляемых растворов для инъекций, глазных капель и лекарственных форм для новорожденных, не реже одного раза в квартал выборочный контроль инъекционных растворов на пирогенность. Контроль микробиологической безопасности лекарственных средств на объектах в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий проводится в соответствии с приложением 7 к настоящим Санитарным правилам.";

      заголовок главы 6 изложить в следующей редакции:

      "Глава 6. Санитарно-эпидемиологические требования к водоснабжению, канализованию, вентиляции и освещению помещений объектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий";

      пункты 76, 77 и 78 изложить в следующей редакции:

      "76. На объектах в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий предусматриваются централизованные системы горячего и холодного водоснабжения, отопление, канализация, вентиляция, освещение.

      77. На объектах в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий, расположенных в отдельно стоящих зданиях, при отсутствии в населенных пунктах централизованных систем водоснабжения, канализации, отопления, предусматривается автономное отопление, канализация, водоснабжение.

      При отсутствии централизованного горячего водоснабжения обеспечивается установка водоэлектронагревательного оборудования.

      78. Температура и кратность воздухообмена в помещениях объектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий определяется в соответствии с приложением 8 к настоящим Санитарным правилам.";

      пункты 80 и 81 изложить в следующей редакции:

      "80. В помещениях объектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий предусматривают приточно-вытяжную вентиляцию с механическим побуждением в производственных помещениях имеющих вредные выделения, в остальных объектах естественную вентиляцию посредством форточек, фрамуг, приспособлений в оконных проемах, наружных стенах.

      81. Помещения объектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий оборудуются системами естественного и искусственного освещения. Искусственное освещение предусматривается во всех помещениях, для отдельных рабочих мест устанавливается местное освещение (настольная лампа). Искусственное освещение осуществляется люминесцентными лампами и лампами накаливания. Нормы освещенности помещений, источники света объектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий определяются в соответствии с приложением 9 к настоящим Санитарным правилам.";

      правый верхний угол приложения 1 к Санитарным правилам изложить в следующей редакции:

  "Приложение 1
к Санитарным правилам
"Санитарно-эпидемиологические
требования к объектам
в сфере обращения лекарственных
средств и медицинских изделий";

      в приложении 2 к Санитарным правилам:

      правый верхний угол изложить в следующей редакции:

  "Приложение 2
к Санитарным правилам
"Санитарно-эпидемиологические
требования к объектам
в сфере обращения лекарственных
средств и медицинских изделий";

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Состав и площади объектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий";

      в таблице 1:

      строку:

      "

Наименование помещений

По изготовлению лекарственных средств в медицинских организациях (кв. м) не менее

По изготовлению лекарственных средств (кв. м.)не менее

По реализации готовых лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники (кв. м.) не менее

      "

      изложить в следующей редакции:

      "

Наименование помещений

По изготовлению лекарственных средств в медицинских организациях (кв. м) не менее

По изготовлению лекарственных средств (кв. м.)не менее

По реализации готовых лекарственных средств и медицинских изделий (кв. м.) не менее

      ";

      примечание к таблице 1 изложить в следующей редакции:

      "*В случае, если аптека по реализации готовых лекарственных средств и медицинских изделий реализует ядовитые, наркотические средства, психотропные вещества и прекурсоры, помещения хранения указанных средств могут входить в состав основных помещений хранения.";

      заголовок таблицы 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Аптечный склад, склад временного хранения лекарственных средств и медицинских изделий";

      заголовок таблицы 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Состав и площади складов и магазинов для хранения и реализации медицинских изделий";

      в таблице 4:

      строку:

      "

Наименование помещений

Магазин по реализации изделий медицинского назначения и медицинской техники, кв. м

Магазин оптики, кв. м

Отдел медицинской техники и изделий медицинского назначения аптечного склада, кв. м

Склад оптовой реализации изделий медицинского назначения и медицинской техники кв. м

      "

      изложить в следующей редакции:

      "

Наименование помещений

Магазин по реализации медицинских изделий, кв. м

Магазин оптики, кв. м

Отдел медицинских изделий аптечного склада, кв. м

Склад оптовой реализации медицинских изделий кв. м

      ";

      строку:

      "

2

Складские помещения:
1) для хранения изделий медицинского назначения или медицинской техники

не менее 30

-

не менее 10

не менее 50

      "

      изложить в следующей редакции:

      "

2

Складские помещения:
1) для хранения медицинских изделий

не менее 30

-

не менее 10

не менее 50

      ";

      примечание к таблице 4 изложить в следующей редакции:

      "* В случае размещения объектов в сфере обращения лекарственных и медицинских изделий в арендуемом помещении административно-бытовые помещения могут быть общими.

      При осуществлении объектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий дополнительных видов деятельности предусматриваются дополнительные производственные и складские помещения.

      При осуществлении аптечным складом перефасовки субстанций предусматриваются:

      1) комната для перефасовки субстанций площадью не менее 20 квадратных метров;

      2) дистилляционно-стерилизационная – не менее 10 квадратных метров;

      3) моечная – не менее 12 квадратных метров.";

      правый верхний угол приложения 3 к Санитарным правилам изложить в следующей редакции:

  "Приложение 3
к Санитарным правилам
"Санитарно-эпидемиологические
требования к объектам
в сфере обращения лекарственных
средств и медицинских изделий";

      правый верхний угол приложения 4 к Санитарным правилам изложить в следующей редакции:

  "Приложение 4
к Санитарным правилам
"Санитарно-эпидемиологические
требования к объектам
в сфере обращения лекарственных
средств и медицинских изделий";

      правый верхний угол приложения 5 к Санитарным правилам изложить в следующей редакции:

  "Приложение 5
к Санитарным правилам
"Санитарно-эпидемиологические
требования к объектам
в сфере обращения лекарственных
средств и медицинских изделий";

      правый верхний угол приложения 6 к Санитарным правилам изложить в следующей редакции:

  "Приложение 6
к Санитарным правилам
"Санитарно-эпидемиологические
требования к объектам
в сфере обращения лекарственных
средств и медицинских изделий";

      в приложении 7 к Санитарным правилам:

      правый верхний угол изложить в следующей редакции:

  "Приложение 7
к Санитарным правилам
"Санитарно-эпидемиологические
требования к объектам
в сфере обращения лекарственных
средств и медицинских изделий";

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Контроль микробиологической безопасности лекарственных средств на объектах в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий";

      в приложении 8 к Санитарным правилам:

      правый верхний угол изложить в следующей редакции:

  "Приложение 8
к Санитарным правилам
"Санитарно-эпидемиологические
требования к объектам
в сфере обращения лекарственных
средств и медицинских изделий";

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Температура и кратность воздухообмена в помещениях объектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий";

      в таблице:

      строку:

      "

6.

Помещения хранения основного запаса:
1) лекарственных, перевязочных средств и изделий медицинского назначения

18-25

2

3

1

2) лекарственного растительного сырья

18-25

3

4

3

3) минеральных вод, медицинской и оборотной транспортной тары, очков и других предметов оптики, вспомогательных материалов, чистой посуды

18-25

-

1

1

4) ядовитых, наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров

18-25

-

3

3

7.

Легковоспламеняющихся и горючих жидкостей

18

-

10

5

8.

Дезинфицирующих средств и кислот

18

-

5

3

9.

Служебные и бытовые помещения

18-25

1

1

1

      "

      изложить в следующей редакции:

      "

6.

Помещения хранения основного запаса:
1) лекарственных, перевязочных средств и медицинских изделий

18-25

2

3

1

2) лекарственного растительного сырья

18-25

3

4

3

3) минеральных вод, медицинской и оборотной транспортной тары, очков и других предметов оптики, вспомогательных материалов, чистой посуды

18-25

-

1

1

4) ядовитых, наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров

18-25

-

3

3

5) легковоспламеняющихся и горючих жидкостей

18

-

10

5

6) дезинфицирующих средств и кислот

18

-

5

3

7.

Служебные и бытовые помещения

18-25

1

1

1

      ";

      в приложении 9 к Санитарным правилам:

      правый верхний угол изложить в следующей редакции:

  "Приложение 9
к Санитарным правилам
"Санитарно-эпидемиологические
требования к объектам
в сфере обращения лекарственных
средств и медицинских изделий";

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Нормы освещенности помещений, источники света объектов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий";

      в таблице:

      строку:

      "

5

Помещения хранения основного запаса:
лекарственных, термолабильных и перевязочных средств и изделий медицинского назначения; чистой посуды

150

ЛЛ

      "

      изложить в следующей редакции:

      "

5

Помещения хранения основного запаса:
лекарственных, термолабильных и перевязочных средств и медицинских изделий; чистой посуды

150

ЛЛ

      ".

      2. Комитету охраны общественного здоровья Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательном порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
Е. Биртанов