БҰЙЫРАМЫН:
1. "Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15589 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген |
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық тәртібін айқындайды.
2. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық Қазақстан Республикасының жұмылдыру резервін қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері (бұдан әрі – ҚР ҚК) офицерлер құрамының лауазымдарын қосымша жасақтау мақсатында алатын жоғары кәсіптік білім негізінде әскери-есептік мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпарттық-имидждік жұмыс – ҚР ҚК-ның имиджін, әскери мамандықтың беделін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
2) әскери дайындық бағдарламасы – әрбір әскери-есептік мамандық бойынша жоспарлау құжаттарының кешені, олардың негізінде запастағы офицерлерді даярлау жүзеге асырылады;
3) әскери дайындық бойынша орташа үлгерім балы – білім алушының әскери кафедрада оқу кезеңіндегі сараланған орташа бағасы;
4) "әскери күн" әдісі – Қазақстан Республикасы жоғары оқу орынының (бұдан әрі – ЖОО) басшысы әскери кафедраның күн тәртібіне сәйкес әскери дайындықты ұйымдастыру үшін бөлген уақыт;
5) әскери кафедраның оқу материалдық базасы – бұл белгіленген мамандықтар бойынша білім алушылар қатарынан запастағы офицерлерді даярлауды қамтамасыз ететін материалдық және техникалық құралдар, ғимараттар мен құрылыстар кешені. Әскери кафедраның оқу материалдық базасы оқу жоспарларында және бағдарламаларында көзделген барлық сабақтарды сапалы өткізуді, білім алушылардың зерделейтін материалды толық меңгеруін, олардың командалық, әдістемелік, практикалық дағдылар мен біліктілік алуын қамтамасыз етуге тиіс;
6) әскери-патриоттық жұмыс – білім алушыларда патриотизм, Қазақстан Республикасына адал болу, мемлекет мүддесінде өзін құрбан етуге әзір болу сезімдерін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында, қоғамдық бірлестіктерде және мемлекеттік органдарда әскери-патриоттық іс-шараларды өткізу;
7) идеологиялық жұмыс – қазақстандық мемлекеттілік, саяси жүйе және әлеуметтік-экономикалық модель, ұлттық және әскери дәстүрлер негіздерін насихаттау жөніндегі іс-шараларды, мемлекетке, оның конституциялық құрылымына қарсы бағытталған насихатқа, Қазақстан Республикасының азаматтары арасында жанжал тудыруға және басқа да діни және экстремистік мәндегі құрылымды бұзатын идеяларға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
8) күн тәртібі – әскери кафедрада оқу процесін ұйымдастыруға уақыт бөлу;
9) психологиялық жұмыс – жағдайдың кез келген шарттарында міндеттерді орындау кезінде қажетті моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптастыру, дамыту және қолдау, жеке құрамға теріс ақпараттық-психологиялық ықпал етуге қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
10) студенттер – жоғары оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінде білім алатын Қазақстан Республикасының азаматтары.
4. Студенттерді әскери дайындау қосымша оқыту түрі болып табылады және теориялық және практикалық оқу курстарынан тұрады. Әскери дайындыққа барлығы 588, оның ішінде ЖОО-дағы теориялық дайындыққа – 360 және практикалық дайындыққа – 228 академиялық сағат бөлінеді. Бұл ретте бозбалалар дайындықтың практикалық бөлігін далалық жағдайларда (оқу-жаттығу жиындары), ал бойжеткендер ЖОО немесе әскери бөлімдер (кәсіби практика) базасында өтеді.
5. Әскери дайындыққа жалпы басшылық жасауды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҚМ) ЖОО басшысымен бірлесіп жүзеге асырады. Әскери дайындыққа тікелей басшылық жасауды Қорғаныс министрі әскери қызметшілер (запастағы, отставкадағы офицерлер) қатарынан тағайындайтын әскери кафедра басшысы жүзеге асырады.
6. ҚР ҚМ әскери кафедрадағы әскери дайындыққа, ЖОО басшысымен келісу бойынша әскери кафедралардың профессор-оқытушы құрамының (бұдан әрі – ПОҚ) және инженерлік-техникалық персоналының (бұдан әрі – ИТП) лауазымдарына әскери қызметшілерді іріктеу, тағайындау және іссапарға жіберуді ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асырады.
ПОҚ лауазымына, оның ішінде әскери кафедра басшысының орынбасары лауазымына тағайындау үшін басымдықпен әскери қызметте кемінде 10 жыл еңбек сіңірген запастағы және отставкадағы офицерлер, ал ИТП лауазымына тағайындау үшін анғұрлым даярланған офицерлер мен сержанттар (запастағы, отставкадағы) қатарынан қаралады. Көрсетілген лауазымдарға әскери қызметтен теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған әскери қызметшілерді тағайындауға жол берілмейді.
Әскери кафедраларда әскери дайындықтың сапалы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ҚР ҚМ ЖОО басшысымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында ПОҚ-ның біліктілікті арттыру курстарынан өту кестелерін жасайды.
7. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық тегін және ақылы негізде жүзеге асырылады. Ақылы негізде оқыту құны мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыту құнынан аспайды.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін негізде оқуға конкурс шарттарынан өткен әскери кафедралары бар ЖОО студенттері, ал ақылы негізде оқу үшін осылайша конкурс шарттарынан өткен, әскери кафедраға бөлінген орындар санына сәйкес комиссия ұсыным берген студенттер жіберіледі.
Ақылы негізде оқу үшін меншік және бағыныстылық нысанына қарамастан, ЖОО-ның басшысы ҚР ҚМ-мен келісу бойынша әскери кафедралары жоқ басқа да ЖОО-лардың студенттерін тарта алады.
8. Әскери кафедраларда оқу үшін жыл сайын қабылдау жоспары ерікті түрде әзірленеді және оны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітеді.
2-тарау. Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу
9. Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу жыл сайын іріктеу жылының 1 – 20 тамыз кезеңінде конкурс негізінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін қабылдау жоспарына сәйкес жүргізіледі. Қабылдау жоспары әскери кафедралар басшыларының мекенжайына іріктеу жылының 1 сәуіріне дейін жолданады.
Әскери кафедралар құжаттарды қабылдауды іріктеу комиссиясы жұмысының басталуына 10 жұмыс күні қалғанда аяқтайды.
Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес жастағы студенттер жіберіледі.
Әскери кафедрада оқуға студенттерді іріктеу үшін конкурс төрт кезеңде жүзеге асырылады:
бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәргерлік сараптаманы жүргізу қағидалары және әскери-дәргерлік сараптама органдары туралы ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) сәйкес бекітілген медициналық куәландырудан өту;
екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу;
үшінші кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;
төртінші кезең – ҚР ҚМ-мен келісу бойынша ЖОО бастығы жасайтын және бекітетін рейтингілік балдар есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.
10. Іріктеу комиссиясының құрамы мен жұмыс істеу мерзімдері Қорғаныс минстрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының (бұдан әрі – ҚМБО – ҚР ҚК БШБ) бұйрығымен айқындалады.
Іріктеу комиссиясы мүшелердің тақ санынан (кемінде 5 адам) тұрады, оған мыналар кіреді:
1) комиссия төрағасы – әскери кафедра басшысы;
2) комиссия төрағасының орынбасары – ҚР ҚМ-ның әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше айқындайтын ҚР ҚК офицері;
3) ҚР ҚК әскери полициясы органдарының әскери қызметшісі;
4) әскери кафедра бекітіп берілген әскери бөлімнің (мекеменің) дене шынықтыру дайындығы мен спортқа жауапты, ал олар болмаған кезде ЖОО-ның дене тәрбие және спорт кафедрасының өкілі;
5) оның басшысы айқындайтын ЖОО-ның ПОҚ қатарынан (әскери кафедра емес) өкіл.
ЖОО әскери кафедрасының өкілі комиссия хатшысы болып тағайындалады (дауыс беру құқығынсыз).
11. Конкурстың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі.
12. Запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады. Колледждерді аяқтағаннан кейін ЖОО-ның екінші курсына қабылданған студенттер ЖОО-да оқу жылы аяқталғаннан кейін жалпы негіздерде запастағы офицер бағдарламасы бойынша оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға құқылы.
Әскери дайындық ЖОО-да оқу аяқталғанға дейін бір жыл қалғанда оқу-жаттығу жиынымен (кәсіби практикамен) аяқталады.
13. Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қоса берумен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ресімдейді.
14. Медициналық куәландырудан өту үшін студенттер әскери кафедрада ресімделген медициналық куәландыру картасын алады. Студенттерді медициналық куәландыру жергілікті әскери басқару органдарында жүргізіледі. Медициналық куәландырудан өту конкурс өтетін жылы 10 маусымнан бастап 20 шілдеге дейінгі кезеңде жүзеге асырылады. Студенттер медициналық куәландыру картасын іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей әскери кафедраға қайтарады.
Медициналық куәландырудан өтпеген студенттер конкурсқа жіберілмейді.
15. Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеуден өткізуді іріктеу комиссиясы ЖОО-ның компьютерлік сыныптарында жүргізеді және ол ынталылық, стреске төзімділік, сыни тұрғыдан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды.
16. Студенттердің дене шынықтыру дайындығы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелерімен бағаланады. Үш нормативті тапсыру сомасы бойынша 8 балл жинамаған студенттер конкурс кезеңінен өтпеген болып есептеледі.
17. Кәсіби-психологиялық іріктеуді өткізудің және дене шынықтыру дайындығы нәтижелері комиссия мүшелері қол қоятын ведомостарға енгізіледі.
18. Іріктеу комиссиясының отырыстары іріктеу комиссиясының төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "әскери дайындыққа жіберілсін", "ақылы негізде оқуға ұсынылсын", "бас тартылсын" деген шешімдердің бірін қабылдаумен хаттама ресімделеді.
Шешім қарапайым көпшілік дауыс берумен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда іріктеу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
19. Тегін оқу үшін әскери кафедраға бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындардың тиісті санының нөміріне дейінгі рейтингіде тұрған студенттер жіберіледі.
20. Конкурс кезеңдерінің нәтижелерімен келіспеген студент сол күні іріктеу комиссиясының төрағасына жазбаша түрде өтініш (ерікті түрде) білдіреді.
Өтініш мәні бойынша хаттамамен ресімделген іріктеу комиссиясының шешімі өтініш түскен күннен бастап 1 күнтізбелік күн ішінде "қанағаттандырылды", "бас тартылсын" деген шешім шығарылады.
21. Конкурс нәтижелері іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін келесі күні сағат 17.00-ге дейін әскери кафедраның ақпараттық стендіне орналастырылады.
3-тарау. Әскери кафедрадағы оқу процесі
22. ЖОО басшысы әскери кафедраның оқу жылына арналған жұмыс, әскери кафедраның оқу материалдық базасын жетілдіру, тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс, ПОҚ біліктілігін арттырудың перспективалық және жылдық жоспарларын бекітеді.
23. Оқу процесін жоспарлау оқу жылы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей аяқталады.
24. Оқу процесін жоспарлау әскери кафедраның қызметін регламенттейтін құжаттарды әзірлеу жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды.
25. Студенттерді әскери дайындау әскери кафедра оқытушысының басшылығымен "әскери күн" әдісімен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Оқу сабақтарының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағатты құрайды, оқу-жаттығу жиынында (кәсіби практикада) болған күндерден басқа. Өзіндік жұмыс ұзақтығы 2 академиялық сағатты құрайды. ЖОО-дағы және оқу жиынындағы (кәсіби практикадағы) бір академиялық сағат 50 минутты құрайды.
26. Әскери дайындық бойынша оқу жылының басталуы және аяқталуы ЖОО-ның күнтізбелік оқу жоспары негізінде айқындалады. Оқу-жаттығу жиындарын өткізу мерзімдерін ҚР ҚМ ЖОО-мен келісу бойынша айқындайды.
27. Әскери кафедраның штаттық кестесін әскери кафедра басшысының ұсынымымен ЖОО-ның басшысы бекітеді және білім алушылардың санын ескере отырып, оқытушылардың орташа жылдық оқу жүктемелерінің ауқымына сүйене отырып айқындалады. Әскери кафедраның ПОҚ оқу жүктемесі ауқымының есебі ЖОО-да бекітілген нормалар бойынша белгіленеді.
4-тарау. Оқу-жаттығу жиынынан (кәсіби практикадан) өту
28. Студенттердің оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практикасы) әскери дайындықтың соңғы кезеңі болып табылады. Оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практика) студенттерді практикалық оқыту және олардың әскери дайындықтың теориялық курсын зерделеу кезінде меңгерген командалық, әдістемелік дағдыларын жетілдіру мақсатында әскери бөлімдердің (мекемелердің), әскери оқу орындарының оқу материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып жүргізіледі.
29. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер үшін оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практика) мынадай екі кезеңде өткізіледі:
бірінші кезең – әскери кафедра базасында 90 академиялық сағат;
екінші кезең – ҚМБО – ҚР ҚК БШБ бекітетін жоспар-кестеге сәйкес әскери бөлімдердің, әскери оқу орындарының оқу материалдық базасын пайдалана отырып, 138 академиялық сағат.
30. Оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практика) ЖОО-ны аяқтағанға дейін бір жыл бұрын өткізіледі. Оқу-жаттығу жиынынан (кәсіби практикадан) өтуге кедергі болатын дәлелді себептер (науқастану, отбасы және қызметтік жағдайлар бойынша) бар болған кезде оның келесі жылы өтуіне жол беріледі. Оқу-жаттығу жиындарынан (кәсіби практикадан) өтуді бір реттен артық ауыстыруға жол берілмейді.
31. Оқу-жаттығу жиынын (кәсіби практиканы) өткізу мерзімдері мен орындары көрсетілген жоспар-кестені өткізу жылының 30 сәуіріне дейін ҚМБО – ҚР ҚК БШБ бекітеді.
32. Оқу-жаттығу жиынына (кәсіби практикаға) ағымдағы үлгерімі және оқуға төлемі бойынша берешектері жоқ оқу орны бойынша оң мінездемеге ие студенттер жіберіледі.
33. Жеке құрамды орналастыру және тамақтандыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары ішкі қызмет жарғысының талаптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11844 болып тіркелген) бекітілген, Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларына сәйкес жабдықталған казармаларда немесе далалық лагерьлерде ұйымдастырылады.
34. Студенттер оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практика) уақытында ішкі нарядта қызмет өткеруге тартылады. Ішкі қызметті іс жүзінде өткергені үшін сабақтарды, тәрбие және әскери-патриоттық жұмысты есепке алу журналына бағалар (еркін нысанда) қойылады.
35. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша білім алатын студенттерді олардың оқу-жаттығу жиынынан (кәсіби практикадан) өтуі уақытында оқу процесін қамтамасыз етуге байланысты емес шаруашылық және басқа да жұмыстарға тартуға жол берілмейді.
36. Оқу-жаттығу жиынынан (кәсіби практикадан) өту кезеңінде жүйелі түрде тәртіпті бұзатын, одан өтуден жалтарған студенттер әскери кафедра басшысының ұсынысы бойынша ЖОО басшысының бұйрығымен әскери дайындықтан өтуден шеттетіледі.
37. Әскери кафедралар бекітілген ҚР ҚМ әскери бөлімдері мен мекемелеріне жыл сайын 1 қазанға дейін жауынгерлік даярлық жоспарына қосу және оқу-жаттығу жиынын (кәсіби практиканы) өткізу кезеңінде қару-жарақпен, әскери техникамен, оқ-дәрілермен, автомобиль көлігімен, оқу-жаттықтыру кешендерімен және құралдарымен, сондай-ақ материалдық-техникалық және азық-түлікпен қамтамасыз етудің басқа да түрлерімен қамтамасыз ету үшін өтінімдер (еркін нысанда) жолданады. Өтінімдер оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практика) басталғанға дейін 3 ай бұрын нақтыланады.
Базасында оқу-жаттығу жиындары (кәсіби практика) өткізілетін әскери оқу орындарының бастықтары, әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлері, әскери оқу орындарының басшылары оқу-жаттығу жиындарын (кәсіби практиканы) ұйымдастыруда, өткізу сапасын қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді және оқу-жаттығу жиындарын (кәсіби практиканы) өткізуді бақылауға құқылы.
38. Оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практика) аяқталғаннан кейін бөлімшелер командирлері әр студентке қызметтік мінездеме (еркін нысанда) жасайды.
39. Оқу-жаттығу жиынында (кәсіби практикада) оқу аптасының ұзақтығы 6 жұмыс күнін құрайды. Оқу күні 8 академиялық сағатты, демалыс алдындағы (мереке алдындағы) күндері – 6 академиялық сағатты құрайды, тәрбие және әскери-патриоттық жұмысты, жаттықтырулар мен ақпараттандыруды жүргізуге уақыт көзделеді.
40. Тактикалық (тактикалық-арнайы), (тактикалық-саптық) және арнайы сабақтарды, оқ атуларды, жауынгерлік машиналарды жүргізу бойынша сабақтарды өткізу, регламенттік жұмыстарды жүргізу кезінде оқу уақытының ұзақтығы регламенттелмейді.
5-тарау. Әскери кафедрадағы тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс
41. Тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) әскери кафедра оқу жылына ЖОО-да тәрбие жұмысына жетекшілік ететін бөлімшелермен бірлесіп әзірлейді және оны ЖОО басшысы оқу жылы басталғанға дейін екі апта бұрын бекітеді.
42. Жоспарға мынадай бөлімдер енгізіледі:
1) әскери-патриоттық жұмыс;
2) көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу;
3) идеологиялық жұмыс және ақпараттық қарсы іс-қимыл;
4) психологиялық жұмыс;
5) ақпараттық-имидждік жұмыс.
43. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша білім алатын студенттердің тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс жөніндегі іс-шаралары сабақтар процесінде және әскери кафедрадағы күн тәртібінде көзделген сағаттарда, сондай-ақ ЖОО-ның басқа да кафедраларымен, факультеттерімен, қоғамдық ұйымдармен, әскери бөлімдермен және мекемелермен бірлесіп сабақтан тыс уақытта жүргізіледі.
6-тарау. Оқу материалдық база
44. ҚР ҚМ әскери кафедраларды әскери мүлікпен, оқу-жаттығу қару-жарағы мен әскери техникасының үлгілерімен, оқ-дәрілермен, аспаптармен, аппаратурамен, құрал-саймандармен, әскери техникаға қосалқы бөлшектермен, ведомстволық нормативтік және құқықтық актілермен, топографиялық және теңіз карталарымен, оқу әдебиетімен қамтамасыз етеді.
45. Әскери дайындықты ұйымдастыру, қажетті оқу материалдық-техникалық базаны құру, қару-жарақ пен әскери техниканың сақталуын қамтамасыз ету, құпиялылық режимін сақтау ЖОО басшысына жүктеледі.
46. Әскери дайындықты ұйымдастыру үшін ЖОО басшысы әскери-есептік мамандықтар бойынша даярлау ерекшелігін ескере отырып, әскери кафедраларды оқшауланған дәрісханалық, арнайы кітапханалық қорлармен, жабдықталған саптық плацпен, қаруды сақтауға арналған бөлмемен, басқа да қажетті құралдармен және инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді.
47. Әскери кафедралардың оқу материалдық базасының негізгі элементтері:
1) оқу-жаттығу қару-жарағы мен әскери техникасы, зертханалық жабдық, оқу-жаттықтыру құралдары, техникалық оқыту құралдары, көрнекі құралдар және басқа да әскери оқу-жаттығу мүлкі;
2) дәрісханалар (дәріс залдары), сыныптар, кабинеттер, зертханалар, кітапханалар, оқытушылар бөлмелері, қаруды, әскери-техникалық мүлікті сақтауға, құпиялылық белгісі бар әдебиетпен жұмыс істеуге арналған бөлмелер және басқа да қосалқы оқу-жаттығу үй-жайлары;
3) арнайы оқу-жаттықтыру кешендері, оқу-жаттығу қалашықтары (тактикалық, оқ ату, инженерлік даярлық, радио-химиялық және бактериологиялық қорғану, қарауылдық, радиополигондар), оқ ату тирлері, саптық плацтар және жалпыәскери және арнайы даярлық бойынша бағдарламаларды пысықтауға арналған басқа да объектілер;
4) оқу-жаттығу шеберханалары, автомобиль гараждары, парк элементтері, әскери техникаға, аспаптарға, әскери оқу-жаттығу және басқа да мүлікке арналған сақтау орындары;
5) оқу құралдары, оқу-әдістемелік құжаттар болып табылады.
48. Қажет болған кезде әскери кафедралар оқу процесінде ҚР ҚМ әскери бөлімдерінің (мекемелерінің) және әскери оқу орындарының далалық оқу-жаттығу базасын пайдаланады.
49. Әскери кафедралар олар бекітілген әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарының оқу-жаттығу қару-жарағымен, оқу-жаттығу әскери техникасымен және әскери-техникалық мүлкімен қамтамасыз етіледі.
50. Әскери кафедраға бөлінетін оқу-жаттығу үй-жайлары оқыту бағдарламаларының пәндері бойынша жабдықталады және тек әскери дайындық бойынша білім алушылардың сабақтары мен өзіндік жұмыстары үшін пайдаланылады.
51. Дәрісханалар, зертханалар және басқа да оқу-жаттығу үй-жайлары техникалық оқыту құралдарымен, қару-жарақ пен әскери техниканың табельдік үлгілерімен, аспаптармен, агрегаттармен және олардың макеттерімен жарақтандырылады.
52. Әскери кафедраның оқу материалдық базасының объектілерін оқу процесіне, тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс жөніндегі іс-шараларға жатпайтын қызмет үшін пайдалануға жол берілмейді.
53. Оқу сыныптарының саны білім алушылардың және белгіленген әскери-есептік мамандықтардың санына байланысты айқындалады.
54. Әскери кафедралардың оқу материалдық базасын дамыту және жетілдіру әскери-есептік мамандықтарға сәйкес перспективалық, жылдық жоспарлар негізінде жүзеге асырылады.
Әскери дайындықты жүзеге асыру кезінде ЖОО азаматтарды әскери даярлау бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде бөлінген бюджет қаражатын және ЖОО студенттерді әскери дайындыққа ақылы негізде оқытудан алған ақша қаражатын мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
7-тарау. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау және бітіру емтихандарын тапсыру
55. Сынақ-емтихан сессиясын және бітіру емтиханын жүргізу кезінде запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша білім алатын студенттердің барлық бақылау түрлері бойынша оқу жетістіктері ЖОО-да пайдаланылатын жүйеге қатысты әскери кафедра әзірлеген білімді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі бойынша бағаланады.
56. Үлгерімді ағымдағы бақылау олардың теориялық және практикалық даярлық деңгейін айқындау мақсатында оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі және бақылаудың әртүрлі нысандарымен жүзеге асырылады.
57. Сынақ-емтихан сессиясы жұмыс оқу жоспарына сәйкес өткізіледі.
58. Әрбір оқу пәні үшін бақылау нысаны емтихан (сынақ), зертханалық, есептік-графикалық тапсырмалар, курстық жұмыстар (жобалар), практикалардың барлық түрлері үшін қорғау болып табылады.
59. Емтихандар (сынықтар) жазбаша, ауызша, тест, практикалық немесе аралас нысанда өткізіледі.
Емтиханға ағымдағы үлгерімі және оқуға төлемі бойынша берешектері жоқ студенттер жіберіледі.
60. Емтихандарды қабылдауды, зертханалық жұмыстарды, есептік-графикалық тапсырмаларды, курстық жұмыстарды (жобаларды) қорғауды жұмыс (тапсырма, жоба) басшысының тікелей қатысуымен әскери кафедра басшысы тағайындайтын комиссия жүзеге асырады. Емтиханды ауызша немесе жазбаша нысанда өткізу үшін циклдер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша емтихан билеттерін әзірлейді.
61. Емтихан билеттері әскери кафедра оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында талқыланады және оларды әскери кафедраның басшысы бекітеді. Әр емтихан билеті үш сұрақтан тұрады, оның біреуі практикалық болады. Емтихан билеттері взводтағы студенттер санынан 30 %-ға асатын санға жасалады.
62. Емтихан уақытында студенттер әскери техниканы немесе оның шартты түрдегі суретін және басқа да оқу-материалдық құралдарды пайдалана алады. Емтиханда рұқсат етілмеген қосалқы материалдарды пайдаланған білім алушы қанағаттанарлықсыз бағаны қоюмен, емтиханнан шығарылады.
Емтиханды қайта тапсыру, оның мерзімдері, емтихан комиссиясының құрамы әскери кафедра басшысының бұйрығымен белгіленеді.
Емтиханды аралық аттестаттау аяқталғаннан кейін бір аптадан ерте емес кемінде бір рет қайта тапсыруға рұқсат етіледі.
63. Емтиханда алынған бағалар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша емтихан ведомосында есепке алынды.
64. Емтихан ведомосы оқу-жаттығу взводына бір данада жасалады және оған әскери кафедра басшысы қол қояды.
65. Жаңа академиялық кезең басталғанға дейін оқу берешегін жоймаған студент әскери даярлықтан шеттетілуге жатады.
66. Оқу пәні бойынша сынақ-емтихан сессиясын өткізу кезінде емтиханда алынған баға және академиялық кезең ішінде үлгерімді ағымдағы бақылау бағасының орташа балы ескеріледі.
67. Бітіру емтиханы әскери дайындықтың және студенттің запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасын меңгеру дәрежесін тексерудің қорытынды кезеңі болып табылады және оқыту бағдарламасы ауқымында білімін, іскерлігін, практикалық дағдыларын, біліктіліктерін тексеруді қамтиды.
Студенттер бейіндік пәндер бойынша жұмыс оқу жоспарына сәйкес бітіру емтиханын тапсырады. Бітіру емтиханына шығарылатын сұрақтар оқу-әдістемелік комиссияда қаралады, оны әскери кафедра басшысы бекітеді және студенттерге емтихан басталғанға дейін үш айдан кешіктірілмей жеткізіледі.
68. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша бітіру емтиханын дайындауға және өткізуге 3 жұмыс күні (2 жұмыс күні – дайындыққа және 1 жұмыс күні – емтихандарды тапсыруға) бөлінеді.
69. Бітіру емтиханы бірнеше пән сұрақтарын қамтитын теориялық және практикалық нысанда жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес өткізіледі.
Бітіру емтиханының теориялық бөлігі дәрісханаларда, ал практикалық бөлігі жергілікті жерде және полигондарда, парктерде, оқ ату және арнайы қалашықтарда, мамандандырылған сыныптарда (зертханаларда) тапсырылады.
70. Бітіру емтиханы қажетті оқу материалдық базаны пайдалана отырып, оқу-жаттығу жиынының (кәсіби практиканың) қорытынды кезеңінде өткізіледі. Бітіру емтиханын қабылдауды оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практика) өткізілетін орында ұйымдастыру мүмкін болмаған кезде қабылдау әскери кафедрада ұйымдастырылады.
71. Бітіру аттестаттау комиссиясы әрбір әскери-есептік мамандық бойынша кіші комиссияларға бөлінеді.
72. Комиссия құрамы мүшелердің тақ санынан (кемінде 3 адам) тұрады, әскери кафедра басшысының ұсынысы бойынша ЖОО басшысының бұйрығымен тағайындалады.
73. Әскери дайындық бойынша бітіру емтиханын тапсырмаған студенттер тек бір жылдан кейін әскери кафедрада бітіру емтихандарын тапсыру уақытында қайта тапсыруға жіберіледі.
74. Емтихан тапсырушылардың білімін бағалауда келіспеушіліктер болған кезде түпкілікті шешімді бітіру аттестаттау комиссиясының төрағасы қабылдайды.
75. Әрбір оқу-жаттығу взводының бітіру емтиханын тапсыру нәтижелері бітіру аттестаттау комиссиясының отырысында осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бітіру аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді.
76. Оқу жылындағы жұмыс, оқу-жаттығу жиынын (кәсіби практиканы) өткізу, бітіру емтиханын қабылдау нәтижелері туралы есеп олар аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне жолданады.
77. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындықтың толық курсын аяқтаған және бітіру емтихандарын тапсырған студенттер ЖОО-ны бітіргеннен кейін "запастағы лейтенант", "запастағы медицина қызметінің лейтенанты" әскери атағын беруге ұсынылады.
8-тарау. Әскери даярлықтан шеттету, оқыту, ауыстыру және қайта қабылдау нысанын өзгерту
78. Әскери дайындықтан шеттету ЖОО басшысының бұйрығымен мынадай негіздер бойынша:
1) үлгермеушілігі бойынша;
2) ЖОО басшысы бекітетін ішкі тәртіпті бұзғаны үшін;
3) науқастану, отбасы және қызметтік жағдайлар бойынша қатыспауды (ЖОО басшысының бұйрығымен расталатын) қоспағанда, академиялық кезең ішінде 12 сағат оқу сабақтарына қатыспағаны үшін;
4) өз қалауы бойынша;
5) денсаулық жағдайы бойынша;
6) жоғары оқу орнынан шығарылуына байланысты;
7) оқу үшін төлемегені (ақылы негізде оқыған жағдайда) үшін жүзеге асырылады.
79. Осы Қағидалардың 78-тармағының 1) – 6) тармақшалары бойынша шеттетілген студенттер әскери дайындыққа қайта қабылданбайды. Осы Қағидалардың 78-тармағының 7) тармақшасына сәйкес шеттетілгендер шеттету туралы бұйрық шығарылған сәттен бастап бір ай ішінде ақылы негізде оқу үшін төлем жасаған кезде одан әрі әскери дайындыққа жіберіледі.
80. Әскери дайындықтан өтетін және ЖОО басшысының бұйрығымен академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқыту кезеңінде басқа ЖОО-ларға (оның ішінде шетел мемлекеттерінің) оқуға жіберілген студенттер әскери дайындықтан шеттетілмейді, ал академиялық демалыс берілген студенттер академиялық демалыста болу уақытында әскери даярлықтан шеттетіледі. Академиялық демалыстың мерзімі аяқталғаннан кейін ЖОО басшысының бұйрығымен студенттер әскери кафедрада оқу үшін қайта қабылданады.
81. Әскери кафедра студентін бір ЖОО-дан басқасына ауыстыру әскери кафедрада оқудың бірінші семестрінде бос орын болған кезде жүзеге асырылады.
82. Әскери кафедраға оқуға қабылдау студент ауыстырылған ЖОО басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады. ЖОО басшысы бұйрығының көшірмесі оқуға қабылдағаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде белгіленген тәртіппен әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне жолданады.
Өтініш
Сізден мені __________________________________ мамандығы бойынша әскери
(шифр) (мамандықтың атауы)
кафедрада оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
20___ж. "____"________________ ____________________
(студенттің қолы)
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларына 2-қосымша |
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттардың тізімі
1. Өтініш.
2. Жеке куәлік (түпнұсқасы мен көшірмесі).
3. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі).
4. Көлемі 3х4 см 2 фотосурет;
5. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.
6. Спорттық жетістіктерді (бар болған кезде) растайтын құжат.
7. Студенттің ЖОО-да нақты оқитыны туралы факультет деканы қол қойған анықтама.
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларына 3-қосымша |
Студент-ер балалар үшін дене шынықтыру бойынша нормативтер
Р/с | Бақылау жаттығулары | Балл | ||
"5" |
"4" |
"3" | ||
1. | 100 м (с) жүгіру | 14,2 | 14,5 | 15,0 |
2. | 3000 м (мин) жүгіру | 13,00 | 15,00 | 16,00 |
3. | Биік белтемірде тартылу (саны) | 12 | 10 | 8 |
Студент-қыздар үшін дене шынықтыру бойынша нормативтер
Р/с | Бақылау жаттығулары | Балл | ||
"5" |
"4" |
"3" | ||
1. | 100 м (с) жүгіру | 16,0 | 16,5 | 17,0 |
2. | 2000 м (мин) жүгіру | 10,00 | 11,3 | 12,2 |
3. | Шалқасынан жатқан күйде қолын желкесіне қоюмен денені көтеру (саны) | 25 | 20 | 15 |
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
ЖОО _______________________________________әскери кафедрасында әскери дайындыққа студенттерді іріктеу бойынша іріктеу жөніндегі комиссиясы отырысының № ___ хаттамасы
Р/с№ | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) | Туған күні, айы, жылы | Факу-льтет | Мамандық шифрі | Оқу курсы | Оқу тобы | ӘДК нәтижелері | Психологиялық тестілеу нәтижелері | Кәсіби-психологиялық іріктеу балдары |
Дене шынықтыру бойынша нормативтерді | Оқу үлгерімі бойынша балдар | Қорытынды рейтингтік балл | Комиссия шешімі |
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
_________________________________________________________ (ЖОО атауы)
ӘСКЕРИ КАФЕДРА
БЕКІТЕМІН Әскери кафедраның басшысы ____________________________ (әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары) 20___ ж. "____" ___________________ |
ӘЕМ – _________ бойынша оқитын студенттер үшін "______________" пәнінен емтихан билеттері
ОӘК әскери кафедрасының отырысында талқыланды ___________ 20___ ж. "_____"________________ № ________ хаттама 20___ жылғы "____" ___________ 20___ жылғы "____" ___________ 20___ жылғы "____" ___________ нақтыланды № 1 билет |
1. Артиллериялық қарулар топтамасы және олардың сипаттамасы.
2. Артиллериялық қарудың арналуы ТТС, олардың жалпы құрылымы.
3. 122 мм Г Д-30 көздеу құралдарын салыстырып тексеру.
№ 2 билет |
___________________________________________ ___________________________________________ Цикл бастығы – аға оқытушы___________________ ____________________________________________ (әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары)
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
№____ЕМТИХАН ВЕДОМОСЫ 20__ж. "_____" ______________ 20__- 20__ оқу жылындағы_____ академиялық кезең Бақылау түрі – емтихан ӘЕМ - ___________________ _______________оқу взводы ____________________________________________________ (пән атауы)
Р/с№ |
Тегі, аты, әкесінің аты | Емтихан бағасы ( балдық-рейтингілік жүйе бойынша) | Емтихан комиссиясы төрағасының қолы | |
Балдар саны | Әріптік жүйе бойынша баға | |||
11. | ||||
22. |
Тізім бойынша барлығы: ____________________________________________
Емтиханға қатысқан студенттер саны ________________________
оның ішінде жалпы балмен тапсырғандар: 90-нан 100 балға дейін _____ адам
75- тен 89 балға дейін ___адам
50 -ден 74 балға дейін ___ адам
0 -ден 49 балға дейін ___ адам
Емтиханға келмеген студенттер саны ___________________________
Емтиханға жіберілмеген студенттер саны _____________________________
Емтихан комиссиясының төрағасы _____________________________
ә/атағы, қолы, Т.А.Ә. (бар болған кезде)
Емтихан комиссиясының мүшелері _____________________________
ә/атағы, қолы, Т.А.Ә. (бар болған кезде)
_____________________________
ә/атағы, қолы, Т.А.Ә. (бар болған кезде)
Әскери кафедраның басшысы _____________________________
әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. (бар болған кезде)
Ескертпе: студенттер емтиханда ЖОО-да пайдаланатын жүйеге қатысты әскери кафедра әзірлеген білімді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі бойынша бағаланады.
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
Бітіру аттестаттау комиссиясы отырысының Х А Т Т А М А С Ы 20__ ж. "____"__________________
Қатысқандар:
Бітіру аттестаттау комиссиясының төрағасы:
____________________________________________________________
Бітіру аттестаттау комиссиясының мүшелері:
____________________________________________________________
Бітіру аттестаттау комиссиясының хатшысы:
____________________________
1. Әскери дайындық бойынша емтихан тапсырған студенттер______________________
(ЖОО атауы)
оқу взводы ____________________,
(оқу взводының нөмірі)
_______________ әскери-есептік мамандығы бойынша оқыды
(ӘЕМ атауы)
2. Студенттер бітіру емтиханында мынадай нәтижелер көрсетті:
Р/с |
Т.А.Ә. | Алынған бағалар ( балдық-рейтингілік жүйе бойынша) | |||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 | ||
3. Жалпы балмен тапсырды:
90-нан 100 балға дейін__ адам. (_%), 75-тен 89 балға дейін __ адам (_%), 50-ден 74 балға
дейін__ адам (_%), 0-ден 49 балға дейін __(_%).
4. Студенттердің пәндер бойынша дайындаудың жалпы
кемшіліктері:____________________________________________________
5. ҚОРЫТЫНДЫ. 50 балдан жоғары алған студенттер ӘЕМ
_______________________ бойынша запастағы офицер әскери атағын беруге лайықты.
(ӘЕМ атауы)
Студенттер ____________ ЖОО-ны бітіргенге дейін бітіру емтиханын қайта тапсыруға
жіберілуі мүмкін. (тегі бойынша)
Бітіру аттестаттау комиссиясының төрағасы ________________________________
(әскери атағы, қолы)
Бітіру аттестаттау комиссиясының мүшелері: ________________________________
(әскери атағы, қолы)
________________________________
(әскери атағы, қолы)
Бітіру аттестаттау комиссиясының хатшысы:
_______________________________________
Ескертпе: студенттер емтиханда ЖОО-да пайдаланылатын жүйеге қатысты әскери кафедра әзірлеген білімді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі бойынша бағаланады.