"Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің жылғы 14 ақпандағы № 183 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 371 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 сәуірде № 18601 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16514 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа реадкцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2019 жылғы 22 сәуірдегі
№ 371 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 14 ақпан
№ 183 бұйрығына
қосымша

Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - банктер) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) банктерге беру тәртібін айқындайды.

2-тарау. Ақпаратты беру тәртібі

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) банктерге Ақпаратты Салық кодексінің 24-бабының 1), 4), 6), 8), 11), 13) және 15) тармақшаларында көзделген міндеттерді банктердің орындауы мақсатында табыс етеді.

      3. Банктерге уәкілетті органның Ақпаратты бастапқы алуы Қазақстан Республикасының Біріктірілген салықтық ақпараттық жүйесіндегі (бұдан әрі – ҚР БСАЖ) салық төлеушілердің, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тұрған жеке тұлғалардың немесе жеке практикамен айналысатын тұлғалардың (бұдан әрі – салық төлеушілер) тіркеу мәліметтерін, "inis_RegData.tab" ТАВ файлға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес уәкілетті органның ақпарат сипаттамасына сай, жазбаны өңдеу түрін бейнелеусіз жолымен жүргізіледі және уәкілетті органның және банктің жауапты лауазымды тұлғаларымен қол қойылатын салық төлеушілердің тіркеу мәліметтерін қабылдау-өткізу актісі бойынша (бұдан әрі – қабылдау-өткізу актісі) банктерге табыс етіледі.

      Ақпаратты бастапқы алуы жауапты лауазымды тұлғаға жазбаша сұрау салудың негізінде банктің сенімхаты бойынша беріледі.

      Салық кодексінің 24-бабы 15) тармақшасының төртінші абзацында көзделінген міндеттерді банктердің орындауы мақсатында, салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілер туралы ақпаратты уәкілетті орган электрондық өзара іс-қимыл арқылы және (немесе) осындай салық төлеушілер тізімін уәкілетті органның деректер базасынан алу жолымен банктерге ұсынады.

      Электрондық өзара іс-қимыл форматы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген, "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы қағидаларына сәйкес жасалған уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) мен банктің АЖ-нің интеграциясын іске асыру бойынша келісіммен айқындалады (бұдан әрі – Келісім).

      Банктердің салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің болуы мәніне тексеру жүргізуі, сондай-ақ уәкілетті органның www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында "Электрондық сервистер" режимінде іске асырылған "Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" сервисі арқылы жүргізіледі.

      4. Уәкілетті орган Ақпаратты жаңартуды мәліметтердің атауында алынған күні мен уақыты көрсетілген "inis_RegData_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab" ТАВ-файлға ҚР БСАЖ салық төлеушілердің өзгертілген, толықтырылған, жойылған тіркеу мәліметтерін алу арқылы жүзеге асырады.

      Ақпарат қазіргі Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес уәкілетті органның ақпарат сипаттамасына сай, жазбаны өңдеудің тиісті түрін көрсете отырып, жүктеледі.

      Күн сайынғы алуға ҚР БСАЖ-гі тіркеу есебінен шығарылғандарды қоса алғанда, салық төлеушілердің саны (жазба саны бойынша) туралы мәліметтер көрсетілетін қосымша "inis_SummaIIN_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab" ТАВ файлда беріледі.

      Электрондық өзара іс-қимыл шеңберінде салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілер туралы мәліметтерді жаңарту онлайн-режимде жүзеге асырылады.

      Салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілер туралы тізімді жаңартуды, уәкілетті орган операциялық жабылу күніне салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілердің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, салық төлеушілердің тіркеу нөмірі, мемлекеттік кірістер органдарының коды, бюджеттік сыныптама коды, берешек сомасы, төлем түрі (салық, айыппұл, өсімпұл) тізбесін деректер базасынан "CULC_NZ_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab" ТАВ-файлға алу арқылы жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеушілер туралы мәліметтерді қазіргі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер базасынан "ehd_regNDS.tab" ТАВ-файлға салады.

      5. Жаңартылған Ақпарат rnn-banks@mgd.kz электрондық таратуға автоматты түрде күн сайын жұмыс күндері Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 08.00, қазіргі Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ағымдағы күннің Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 00.00 - 01.00-дегі жағдай бойынша осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес жіберіледі.

      Салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілер туралы жаңартылған тізімді, ҚҚС төлеушілері туралы мәліметтерді уәкілетті орган күнделікті Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08.00, ftp://ftp.salyk.kz серверінде, BVU_spisok папкасына орналастырады.

      6. rnn-banks@mgd.kz таратуға қосылуға тиісті банкінің электрондық мекенжайын (электрондық мекенжайлар тізбесі) банк уәкілетті органға Ақпараттың бастапқы түсірілімін алғаны туралы сұрау салу жолдаған кезде ұсынады және қабылдау-өткізу актісінде көрсетеді.

      rnn-banks@mgd.kz таратылымына банктің электрондық мекенжайын (электрондық мекенжайлар тізбесін) енгізу, өзгерту немесе алып тастау үшін банк уәкілетті органға банктің электрондық мекенжайын (электрондық мекенжайлар тізбесін) енгізу, өзгерту немесе алып тастау қажеттігі туралы ресми хатты табыс етеді.

      7. Салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілер туралы мәліметтер мен тізім қоса алғанда, ҚҚС төлеушілер туралы мәліметтерді, ақпаратты техникалық проблемалар салдарынан, оның ішінде Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде табыс ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, банктер техникалық ақау туындаған күннің алдындағы күні уәкілетті орган табыс еткен Ақпаратты және (немесе) тізімді қолданады.

      Осы Қағидалардың мақсатында, техникалық ақау деп, оның ішінде Келісіммен айқындалған техникалық талаптарға сәйкес электрондық өзара іс-қимылдың жұмыс қабілеттілігінің сәйкес келмеуі түсініледі.

      Осындай жағдайларда уәкілетті орган 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде rnn-banks@mgd.kz электрондық таратуға техникалық проблемалардың туындағаны туралы хабарлама жібереді.

      8. Салық кодексінің 24-бабының 1), 4), 6), 8), 11), 13) және 15) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындау мақсатында, банктер:

      1) салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілер туралы тізімді қоса алғанда, ҚҚС төлеушілер туралы мәліметтерді, Ақпаратты тиісті АЖ-не және (немесе) банктің деректер базасына "inis_RegData.tab", "CULC_NZ_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab", "ehd_regNDS.tab" ТАВ-файлдан жүктелуіннің;

      2) rnn-banks@mgd.kz таратылуына жіберген Ақпараттың және уәкілетті органның ftp серверінде орналастырылған ҚҚС төлеушілер туралы мәліметтердің және тізімнің негізінде күн сайын жұмыс күндері банктің жұмыс күні басталғанға дейін салық төлеушілердің тіркеу деректерінің жаңартылуының;

      3) Келісімге сәйкес банктің АЖ-нің уәкілетті органның АЖ-не электрондық өзара іс-қимылдың жүзеге асырылуына талаптардың орындалу толықтығын қамтамасыз етеді.

      9. Банктің орындауымен байланысты Салық кодексінің 24-бабының 1), 4), 6), 8), 11), 13) және 15) тармақшаларында көзделген міндеттерді қоспағанда, Ақпарат үшінші тұлғаларға берілуге және таратылуға жатпайды.

      10. Ақпаратты күн сайын жүктеген кезде салық төлеуші бойынша жазбаны өңдеу түріне байланысты тиісті ақпараттық жүйеде және (немесе) деректер базасында:

      1) "1" жазбаны өңдеу түрі бойынша – салық төлеуші бойынша мәліметтерді жана файлдағы мәліметтермен ауыстыру (іздеу ЖСН/БСН және (немесе) СТН сәйкестендіргіші бойынша жүргізіледі);

      2) "2" жазбаны өңдеу түрі бойынша –жаңа файлдан жазбаны толықтыру;

      3) "3" жазбаны өңдеу түрі бойынша – жазбаны жою жүргізіледі.

      Күн сайын, файл жүктелгеннен кейін ақпараттық жүйедегі және (немесе) банкінің деректер базасындағы салық төлеушілер саны уәкілетті органның "inis_SummaIIN_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab" ТАВ файлында көрсеткен санына сәйкестігіне тексеріс жүргізіледі.

  Салық төлеушілер, оның ішінде
дара кәсіпкер немесе жеке
практикамен айналысатын адам
ретінде тіркеу есебінде тұрған
жеке тұлғалар туралы ақпаратты
екінші деңгейдегі банктерге
және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға беру
қағидаларына
1-қосымша

Уәкілетті орган ақпаратының сипаттамасы

Атауы

Түрі

Ескертпе

1

ЖСН/БСН

нышандық


2

СТН

нышандық

СТ ЖСН/БСН болмаған кезде

3

СТ түрі

сандық

0 – ЖТ;
1 – ЗТ;
2 – БДК

4

ДК/ЗТ атауы

нышандық

Егер ЖТ болса – толтырылмай бос жол жіберіледі

5

ЖТ үшін ТАӘ (болған жағдайда)

нышандық

Егер ЗТ болса – толтырылмай бос жол жіберіледі

6

Орналасқан (тұрғылықты/ДК тұрғылықты) жері бойынша соңғы тіркеу есебінен шығу күні

күні

Егер тіркеу есебінен шығару жүргізілмесе, толтырылмай бос жол жіберіледі.
Егер СТ ағымдағы күнгі жағдайда орналасқан жері/тұрғылықты жері/ДК тұрғылықты жері бойынша барлық МКО есептен шығарылған кезде ғана күні беріледі

7

Есептен шығару себебі

сандық

1 – тарату, банкроттық;
2 – қосылу (қайта құру);
3 – ұйымның бөлінуі (қайта құру);
4 – қайтыс болуына байланысты ЖСН/БСН/СТН әрекетінің тоқтатылуы;
5 – заңды тұлғалардың таратылуы;
6 – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуі;
7 – СТН жарамсыз деп тану және дербес шоттарын біріктіру;
8 – "Мемлекеттік деректер қорынан шығару".
Егер жоғарыда көрсетілген себептер бойынша есептен шығарылмаған жағдайда, онда жол толтырылмай бос жіберіледі

8

ДК, адвокат, ЖН, ЖСО, КМ ретінде қызметті жүзеге асыратын ЖТ белгісі

сандық

1 – ЖТ ДК, ЖН, адвокат немесе ЖСО болып табылмайды;
32 – тұлға ДК болып табылады;
128 – ЖТ ЖН болып табылады;
64 – ЖТ адвокат болып табылады;
256 – ЖТ ЖСО болып табылады;
512 – ЖТ КМ болып табылады;
Егер ЗТ болса, онда бос мән жіберіледі

9

Әрекетсіз СТ белгісі

сандық

0 – әрекетті;
1 – әрекетсіз

10

Тұрғылықты жері (орналасқан жері/ДК тұрғылықты жері) бойынша МКО коды

сандық

Егер СТ ДК тұрғылықты жері/орналасқан жері бойынша МКО тұрмаса (БДК үшін), онда бос жол жіберіледі. МКО* коды алдындағы нөлсіз жіберіледі. Тұрғылықты жер бойынша код тек ДК, ЖН, ЖСО, адвокат немесе КМ болып табылмайтын ЖТ үшін жіберіледі.
ДК, адвокаттар, ЖН, ЖСО, КМ немесе ЗТ үшін МКО коды тіркеу есебінің тиісті түрі бойынша жіберіледі (ДК, адвокат, ЖН, ЖСО, КМ орналасқан жері бойынша, ЗТ орналасқан/келу жері бойынша)

11

ДК тұрғылықты жері (орналасқан жері) бойынша МКО атауы

нышандық

Егер СТ тұрғылықты жері/орналасқан жері/ДК тұрғылықты жері бойынша МКО тіркеуде тұрмаса (БДК үшін), бос жол жіберіледі. Тұрғылықты жер бойынша МКО атауы тек ДК, ЖН, ЖСО адвокат немесе КМ болып табылмайтын ЖТ үшін беріледі. ДК, адвокаттар, ЖН, ЖСО, КМ немесе ЗТ үшін МКО атауы тіркеу есебінің тиісті түрі бойынша беріледі (ДК, адвокат, ЖН, ЖСО, КМ орналасқан жері бойынша, ЗТ орналасқан/келу жері бойынша)

12

Жазбаны өңдеудің түрі

сандық

1 – СТ туралы жазбаны өзгерту;
2 – СТ туралы жазбаны толықтыру;
3 – СТ туралы жазбаны алып тастау

      Ескертпе:

      * МКО кодтары "Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16402 болып тіркелген) бекітілген;

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      ДК – дара кәсіпкер;

      МКО – мемлекеттік кірістер органы;

      СТ – салық төлеуші;

      СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

      ЖТ – жеке тұлға;

      ЖН – жекеше нотариус;

      ЖСО – жеке сот орындаушы;

      КМ – кәсіби медиатор;

      ЗТ – заңды тұлға.

  Салық төлеушілер, оның ішінде
дара кәсіпкер немесе жеке
практикамен айналысатын адам
ретінде тіркеу есебінде тұрған
жеке тұлғалар туралы ақпаратты
екінші деңгейдегі банктерге
және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға беру
қағидаларына
2-қосымша

Уәкілетті органның ҚҚС төлеушілер туралы мәліметінің сипаттамасы*

Атауы

Типі (форматы)

1

ЖСН/БСН

нышандық

2

Салық төлеушінің атауы

нышандық

3

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылған күні

күн

      Ескертпе:

      *ҚҚС төлеушілер туралы мәлімет, егер салық төлеушінің ағымдағы күнге ҚҚС куәлігінің "қолданыста" мәртебесі болған жағдайда ғана беріледі;

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы.

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 февраля 2018 года № 183 "Об утверждении Правил предоставления банкам второго уровня и организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, информации о налогоплательщиках, в том числе физических лицах, состоящих на регистрационном учете в качестве индивидуального предпринимателя или лица, занимающегося частной практикой"

Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 22 апреля 2019 года № 371. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 апреля 2019 года № 18601

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 февраля 2018 года № 183 "Об утверждении Правил предоставления банкам второго уровня и организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, информации о налогоплательщиках, в том числе физических лицах, состоящих на регистрационном учете в качестве индивидуального предпринимателя или лица, занимающегося частной практикой" (зарегистрирован Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 16514, опубликован 2 апреля 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан ) следующее изменение:

      Правила предоставления банкам второго уровня и организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, информации о налогоплательщиках, в том числе физических лицах, состоящих на регистрационном учете в качестве индивидуального предпринимателя или лица, занимающегося частной практикой, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования. 

      Первый Заместитель Премьер – Министра
Республики Казахстан - Министр финансов
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Приложение
к приказу Первого Заместителя
Премьер – Министра
Республики Казахстан -
Министра финансов
Республики Казахстан
от 22 апреля 2019 года № 371
  Приложение
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан
от 14 февраля 2018 года № 183

Правила предоставления банкам второго уровня и организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, информации о налогоплательщиках, в том числе физических лицах, состоящих на регистрационном учете в качестве индивидуального предпринимателя или лица, занимающегося частной практикой

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила предоставления банкам второго уровня и организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, (далее – банки) информации о налогоплательщиках, в том числе физических лицах, состоящих на регистрационном учете в качестве индивидуального предпринимателя или лица, занимающегося частной практикой, (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1) статьи 24 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и определяют порядок предоставления банкам информации о налогоплательщиках, в том числе физических лицах, состоящих на регистрационном учете в качестве индивидуального предпринимателя или лица, занимающегося частной практикой (далее – Информация).

Глава 2. Порядок предоставления Информации

      2. Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (далее – уполномоченный орган) предоставляет в банки Информацию в целях исполнения банками обязанностей, предусмотренных подпунктами 1), 4), 6), 8), 11), 13) и 15) статьи 24 Налогового кодекса.

      3. Первоначальная выгрузка Информации для банков производится уполномоченным органом путем выгрузки регистрационных данных налогоплательщиков, в том числе физических лицах, состоящих на регистрационном учете в качестве индивидуального предпринимателя или лица, занимающегося частной практикой (далее – налогоплательщики), из интегрированной налоговой информационной системы Республики Казахстан (далее – ИНИС РК) в TAB файл "inis_RegData.tab" в соответствии с описанием информации уполномоченного органа согласно приложению 1 к настоящим Правилам без отражения типа обработки записи и предоставляется банкам по акту приема-передачи регистрационных данных налогоплательщиков (далее – акт приема-передачи), который подписывается ответственными должностными лицами уполномоченного органа и банка.

      Первоначальная выгрузка Информации предоставляется на основании письменного запроса по доверенности банка на ответственное должностное лицо.

      В целях исполнения банками обязанности, предусмотренной абзацем четвертым подпункта 15) статьи 24 Налогового кодекса, информация о налогоплательщиках, имеющих налоговую задолженность, задолженность по социальным платежам, предоставляется уполномоченным органом в банки посредством электронного взаимодействия и (или) путем выгрузки списка таких налогоплательщиков из базы данных уполномоченного органа.

      Формат электронного взаимодействия определяется Соглашением по реализации интеграции информационных систем (далее – ИС) уполномоченного органа с ИС банка (далее – Соглашение), заключаемым в соответствии с Правилами интеграции объектов информатизации "электронного правительства", утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра информации и коммуникации Республики Казахстан от 29 марта 2018 года № 123 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16777).

      Проведение банком проверки на предмет наличия налоговой задолженности, задолженности по социальным платежам осуществляется также посредством сервиса "Сведения об отсутствии (наличии) налоговой задолженности", реализованной в режиме "Электронные сервисы" на интернет-ресурсе уполномоченного органа www.kgd.gov.kz.

      4. Обновление Информации осуществляется уполномоченным органом путем выгрузки измененных, дополненных, удаленных регистрационных данных налогоплательщиков из ИНИС РК в TAB файл "inis_RegData_гггг-мм-дд_чч-мм-cc.tab", наименование которого содержит значения, соответствующие дате и времени выгрузки сведений.

      Информация выгружается в соответствии с описанием информации уполномоченного органа согласно приложению 1 к настоящим Правилам с отражением соответствующего типа обработки записи.

      К ежедневной выгрузке прилагается дополнительный TAB файл "inis_SummaIIN_гггг-мм-дд_чч-мм-cc.tab", в котором отражаются сведения о количестве в ИНИС РК налогоплательщиков, включая снятых с регистрационного учета (по количеству записей).

      Обновление сведений о налогоплательщиках, имеющих налоговую задолженность, задолженность по социальным платежам в рамках электронного взаимодействия осуществляется в онлайн-режиме.

      Обновление списка налогоплательщиков, имеющих налоговую задолженность, задолженность по социальным платежам, осуществляется уполномоченным органом путем выгрузки из базы данных в TAB файл "CULS_NZ_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab" перечня индивидуальных идентификационных номеров/бизнес-идентификационных номеров, регистрационных номеров налогоплательщиков, имеющих на закрытый операционный день налоговую задолженность, задолженность по социальным платежам, кода органов государственных доходов, кода бюджетной классификации, суммы задолженности, типа платежа (налог, пеня, штраф).

      Сведения о плательщиках налога на добавленную стоимость (далее – НДС) выгружаются уполномоченным органом из базы данных в ТАВ файл "ehd_regNDS.tab" по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      5. Обновленная Информация передается на электронную рассылку rnn-banks@mgd.kz в автоматическом режиме, ежедневно в рабочие дни в 08.00 часов по времени города Нур-Султан, в соответствии с пунктом 4 настоящих Правил по состоянию на 00.00 - 01.00 часов по времени города Нур-Султан текущего дня в соответствии с описанием информации уполномоченного органа согласно приложениям 1 и 2 к Правилам.

      Обновленный список налогоплательщиков, имеющих налоговую задолженность, задолженность по социальным платежам, сведения о плательщиках НДС размещается уполномоченным органом, ежедневно в 08.00 часов по времени города Нур-Султан, на сервере ftp://ftp.salyk.kz в папке BVU_spisok.

      6. Электронный адрес (перечень электронных адресов) банка, подлежащий (-их) подключению к рассылке rnn-banks@mgd.kz предоставляется банком в уполномоченный орган при направлении запроса о получении первоначальной выгрузки Информации и указывается в акте приема-передачи.

      Для включения, изменения или исключения электронного адреса (перечня электронных адресов) банка в рассылке rnn-banks@mgd.kz банк представляет официальное письмо о необходимости включения, изменения или исключения электронного адреса (перечня электронных адресов) банка в уполномоченный орган.

      7. При невозможности предоставления Информации, включая сведения и список о налогоплательщиках, имеющих налоговую задолженность, задолженность по социальным платежам, сведения о плательщиках НДС ввиду технических проблем, в том числе в сроки, установленные пунктом 5 настоящих Правил, банками используется Информация и (или) список, предоставленный уполномоченным органом на дату, предшествующую дате возникновения технического сбоя.

      В целях настоящих Правил, под техническим сбоем понимается, в том числе несоответствие работоспособности электронного взаимодействия согласно техническим требованиям, определенным Соглашением.

      В таких случаях уполномоченным органом в течение 24 (двадцати четырех) часов на электронную рассылку rnn-banks@mgd.kz направляется сообщение о возникновении технических проблем.

      8. В целях исполнения обязанностей, предусмотренных подпунктами 1), 4), 6), 8), 11), 13) и 15) статьи 24 Налогового кодекса, банками обеспечивается полнота:

      1) загрузки Информации, включая списка налогоплательщиков, имеющих налоговую задолженность, задолженность по социальным платежам, сведений о плательщиках НДС в соответствующую ИС и (или) базу данных банка из TAB файлов "inis_RegData.tab", "CULS_NZ_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab", "ehd_regNDS.tab";

      2) обновления регистрационных данных налогоплательщиков ежедневно в рабочие дни до начала рабочего дня банка на основании Информации, направленной на рассылку rnn-banks@mgd.kz, сведений о плательщиках НДС и списка, размещенного на ftp сервере уполномоченного органа;

      3) исполнения требований к осуществлению электронного взаимодействия ИС банка к ИС уполномоченного органа в соответствии с Соглашением.

      9. Информация не подлежит передаче и распространению третьим лицам, за исключением связанных с выполнением банком обязанностей, предусмотренных подпунктами 1), 4), 6), 8), 11), 13) и 15) статьи 24 Налогового кодекса.

      10. При ежедневной загрузке Информации в зависимости от типа обработки записи по налогоплательщику в соответствующей информационной системе и (или) базе данных производится:

      1) по типу обработки записи "1" – замена сведений по налогоплательщику (поиск производится по идентификатору ИИН/БИН и (или) РНН) сведениями из нового файла;

      2) по типу обработки записи "2" – добавление записи из нового файла;

      3) по типу обработки записи "3" – удаление записи.

      Ежедневно после загрузки файла проводится проверка на соответствие количества налогоплательщиков в информационной системе и (или) базе данных банка количеству, указанному уполномоченным органом в TAB файле "inis_SummaIIN_гггг-мм-дд_чч-мм-cc.tab".

  Приложение 1
к Правилам предоставления
банкам второго уровня и
организациям, осуществляющим
отдельные виды банковских
операций, информации о
налогоплательщиках, в том
числе физических лицах,
состоящих на регистрационном
учете в качестве индивидуального
предпринимателя или лица,
занимающегося частной практикой

Описание информации уполномоченного органа

Название

Тип

Примечание

1

ИИН/БИН

символьное


2

РНН

символьное

При отсутствии у НП ИИН/БИН

3

Тип HП

числовое

0 – ФЛ;
1 – ЮЛ;
2 – ИПС.

4

Наименование ИП/ЮЛ

символьное

Если ФЛ, то передается пустая строка

5

ФИО (при его наличии) для ФЛ

символьное

Если ЮЛ, то передается пустая строка

6

Дата последнего снятия с регистрационного учета по местонахождению (местожительству/месту нахождения ИП)

дата

Если снятие с регистрационного учета не производилось, то передается пустая строка.
Дата передается только в случаях, если НП на текущую дату был снят с учета по местонахождению/местожительству/месту нахождения ИП во всех ОГД

7

Причина снятия с учета

числовое

1 – ликвидация, банкротство;
2 – слияние (реорганизация);
3 – разделение организации (реорганизация);
4 – прекращение действия ИИН/БИН/РНН в связи со смертью;
5 – ликвидация юридических лиц;
6 – переезд за пределы Республики Казахстан;
7 – признание недействительным РНН и объединение лицевых счетов;
8 – "Исключение из государственной базы данных".
В случае, если не было снятия с учета по вышеперечисленным причинам, то передается пустая строка

8

Признак ФЛ, осуществляющего деятельность в качестве ИП, адвоката, ЧН, ЧСИ, ПМ

числовое

1 – ФЛ не является ИП, ЧН, адвокатом или ЧСИ;
32 – лицо является ИП;
128 – ФЛ является ЧН;
64 – ФЛ является адвокатом;
256 – ФЛ является ЧСИ;
512 – ФЛ является ПМ;
Если ЮЛ, то передается пустое значение

9

Признак бездействующего НП

числовое

0 – действующий;
1 – бездействующий

10

Код ОГД по местожительству (местонахождению/местонахождению ИП)

числовое

Если НП не состоит в ОГД по местожительству/местонахождению/месту нахождения ИП, то передается пустая строка. Код ОГД* передается без лидирующего нуля. Код ОГД по местожительству передается лишь для ФЛ, не являющихся ИП, ЧН, ЧСИ, адвокатом или ПМ. Для ИП, адвокатов, ЧН, ЧСИ, ПМ и ЮЛ передается код ОГД по соответствующему типу регистрационного учета (по месту нахождения ИП, адвоката, ЧН, ЧСИ, ПМ, по местонахождению/местопребыванию ЮЛ)

11

Наименование ОГД по местожительству (местонахождению)

символьное

Если НП не состоит в ОГД по местожительству/местонахождению/месту нахождения ИП, то передается пустая строка. Наименование ОГД по местожительству передается лишь для ФЛ, не являющихся ИП, ЧН, ЧСИ адвокатом или ПМ. Для ИП, адвокатов, ЧН, ЧСИ, ПМ и ЮЛ передается наименование ОГД по соответствующему типу регистрационного учета (по месту нахождения ИП, адвоката, ЧН, ЧСИ, ПМ, по местонахождению/местопребыванию ЮЛ)

12

Тип обработки записи

числовое

1 – изменение записи о НП;
2 – добавление записи о НП;
3 – удаление записи о НП

      Примечание:

      * коды ОГД утверждены приказом Министра финансов Республики Казахстан от 12 февраля 2018 года № 159 "Об утверждении кодов органов государственных доходов Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16402);

      расшифровка аббревиатур:

      БИН – бизнес идентификационный номер;

      ИИН – индивидуальный идентификационный номер;

      ФИО – фамилия, имя, отчество (при его наличии);

      ИП – индивидуальный предприниматель;

      ОГД – орган государственных доходов;

      НП – налогоплательщик;

      РНН – регистрационный номер налогоплательщика;

      ФЛ – физическое лицо;

      ЧН – частный нотариус;

      ЧСИ – частный судебный исполнитель;

      ПМ – профессиональный медиатор;

      ЮЛ – юридическое лицо.

  Приложение 2
к Правилам предоставления
банкам второго уровня и
организациям, осуществляющим
отдельные виды банковских
операций, информации о
налогоплательщиках, в том
числе физических лицах,
состоящих на регистрационном
учете в качестве индивидуального
предпринимателя или лица,
занимающегося частной практикой

Описание сведений уполномоченного органа о плательщиках НДС*

Название

Тип (формат)

1

ИИН/БИН

Символьное

2

Наименование налогоплательщика

Символьное

3

Дата постановки на регистрационный учет по НДС

Дата

      Примечание:

      * сведения о плательщиках НДС передаются только в случаях, если у налогоплательщика на текущую дату имеется статус свидетельства НДС "действительно";

      расшифровка аббревиатур:

      БИН – бизнес идентификационный номер;

      ИИН – индивидуальный идентификационный номер;

      НДС – налог на добавленную стоимость.