"Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 747 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 117/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 7 маусымда № 18809 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 747 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12516 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру қағидаларында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Нарядтар беруді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жаңартуға байланысты (оның ішінде, "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару кезінде материалдық құндылықтардың сапалық жай-күйі мен техникалық регламенттерінің талаптарына және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігі бойынша сараптама жүргізу үшін, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін), қарызға беру тәртібімен және броньнан шығару тәртібімен жүзеге асырады.

      3. Жаңартуға байланысты материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама, мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару жөніндегі аукцион жеңімпазымен сатып алу-сату шарты, шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтардың құны толық төленгенін растау негізінде жүзеге асырылады.

      Жаңартылуға жататын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 44) тармақшасына сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жаңарту тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде нарядтар беру мемлекеттік сатып алу туралы шарт және иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтардың шарт талаптарында көзделген құны толық төленгенін растайтын құжат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін жаңарту тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану туралы шарттың негізінде жүзеге асырылады";

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру Заңның 12-бабы 1-тармағының 45) тармақшасына сәйкес қабылданатын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 3-1-бабының 5-1-тармағына сәйкес қабылданатын әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      Гуманитарлық көмек көрсету, босқындарға көмек көрсету үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру Заңның 11-бабының 42) тармақшасына сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      Нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру Заңның 11-бабының 42) тармақшасына сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі және сауда қызметінің субъектілерімен нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару жөніндегі шарттың, шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтардың құны толық төленгенін растайтын құжаттың негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасы өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама, мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару жөніндегі аукцион жеңімпазымен сатып алу-сату шарты, шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтардың құны толық төленгенін растау негізінде жүзеге асырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттаманың негізінде жаңартуға байланысты және мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасы өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд пошта арқылы немесе электронды нысанда сақтау филиалына/сақтау пункттеріне мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталына шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтар құнының толық төленгені туралы ақпарат енгізілгеннен кейін, немесе кепілдік жарна шарт бойынша сату бағасына тең болған немесе одан асып кеткен жағдайда, сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      Сараптама жүргізу үшін материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд шығарылатын көлем үшін төлем алынғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.

      Жаңартылуға жататын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд оларды шығару туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін Комитет алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жаңарту тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд мемлекеттік сатып алу туралы шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтар құнының толық төленгенін растайтын құжат Комитетке келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін жаңарту тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану туралы шартты жасасқаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде беріледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Материалдық құндылықтарды гуманитарлық көмек көрсету, босқындарға көмек көрсету үшін броньнан шығару тәртібімен шығару кезінде наряд оларды шығару туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін Комитет алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде беріледі.

      Материалдық құндылықтарды нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін броньнан шығару тәртібімен шығару кезінде наряд шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтардың құны толық төленгенін растайтын құжат Комитетке келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд оларды шығару туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімін Комитет алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде беріледі.

      Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд оларды шығару туралы әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органның шешімін Комитет алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде беріледі.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қабылдау-тапсыру актісін және нарядты орындау актісін сақтау филиалы/сақтау пункті мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығарған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Комитетке жібереді.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
А. Жұмағалиев

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2019 жылғы 7 маусымдағы
№ 18809 бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 747 бұйрыққа
1-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға № ___ наряд 20___ жылғы "_____" ___________

      Кімге__________________________________________________________

      Мекен жайы____________________________________________________

      Жүк жіберуші___________________________________________________

      Жүк алушы _____________________________________________________

      Төменде көрсетілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары

Р/с №

Материалдық құндылықтардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Бірлік үшін бағасы, теңге

Сомасы, теңге



















      Сомасы (жазбаша) оның ішінде ҚҚС теңге.

      Шығару: жаңартуға байланысты (оның ішінде: "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, сараптама жүргізу үшін, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін), қарызға беру тәртібімен, броньнан шығару тәртібімен жүргізіледі (керегінің астын сызыңыз).

      Материалдық құндылықтарды шығаруға негіздеме:______________________________

      Материалдық құндылықтарды шығару мерзімі (жаңартуға байланысты және мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасы өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде)

      ________________________________________________________________________________

      Ескертпе: Бұл ретте материалдық құндылықтарды алушы сатып алу-сату шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін материалдық құндылықтарды шығаруға құқылы. Осы жағдайда Комитет шарт талаптарына сәйкес айыппұл санкцияларын есептейді.

      Нарядқа қол қоюға уәкілетті адамдар:

      ___________________      _______________________            ____________

      (лауазымы)                  (Т.А.Ә.) (бар болған жағдайда)      (қолы)

      ___________________      _______________________            ____________

      (лауазымы)                  (Т.А.Ә.) (бар болған жағдайда)      (қолы)

      ___________________      _______________________            ____________

      (лауазымы)                  (Т.А.Ә.) (бар болған жағдайда)      (қолы)

      Мөрдің орны

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 747 "Об утверждении формы и Правил выдачи нарядов на выпуск материальных ценностей из государственного материального резерва"

Приказ Министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 5 июня 2019 года № 117/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 июня 2019 года № 18809

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 747 "Об утверждении формы и Правил выдачи нарядов на выпуск материальных ценностей из государственного материального резерва" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12516, опубликован 31 декабря 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      приложение 1 к указанному приказу изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу;

      в Правилах выдачи нарядов на выпуск материальных ценностей из государственного материального резерва, утвержденных указанным приказом:

      пункты 2 и 3 изложить в следующей редакции:

      "2. Выдача нарядов осуществляется Комитетом по государственным материальным резервам Министерства цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан (далее – Комитет) при выпуске материальных ценностей из государственного материального резерва в связи с их освежением (в том числе для проведения экспертизы материальных ценностей по качественному состоянию и соответствию требованиям технических регламентов и нормативным документам по стандартизации, для передачи на баланс другим государственным органам, при выпуске материальных ценностей государственного материального резерва в соответствии с подпунктом 8) пункта 3 статьи 39 Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках"), в порядке заимствования и в порядке разбронирования.

      3. Выдача наряда при выпуске материальных ценностей в связи с их освежением осуществляется на основании протокола о результатах торгов, договора купли-продажи с победителем аукциона по выпуску материальных ценностей из государственного материального резерва, подтверждения полной оплаты стоимости отчуждаемых материальных ценностей, предусмотренной условиями договора.

      Выдача наряда при выпуске материальных ценностей для передачи на баланс другим государственным органам материальных ценностей государственного материального резерва, подлежащих освежению, осуществляется на основании решения Правительства Республики Казахстан, принимаемого в соответствии с подпунктом 44) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите" (далее - Закон).

      Выдача наряда при выпуске материальных ценностей в порядке освежения в соответствии с подпунктом 8) пункта 3 статьи 39 Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках" осуществляется на основании договора о государственных закупках и документа, подтверждающего полную оплату стоимости отчуждаемых материальных ценностей, предусмотренной условиями договора.

      Выдача наряда при выпуске материальных ценностей в порядке освежения для выполнения государственного оборонного заказа осуществляется на основании договора об использовании материальных ценностей государственного материального резерва для выполнения государственного оборонного заказа.";

      подпункт 1) пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "1) принятия мер по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций природного, техногенного и социального характера и их последствий;";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Выдача наряда при выпуске материальных ценностей в порядке разбронирования для принятия мер по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и их последствий осуществляется на основании решения уполномоченного органа в сфере гражданской защиты, принимаемого в соответствии с подпунктом 45) пункта 1 статьи 12 Закона.

      Выдача наряда при выпуске материальных ценностей в порядке разбронирования для принятия мер по предупреждению и ликвидации чрезвычайной ситуации социального характера и ее последствий осуществляется на основании решения государственного органа по предупреждению и ликвидации чрезвычайной ситуации социального характера, принимаемого в соответствии с пунктом 5-1 статьи 3-1 Закона Республики Казахстан от 8 февраля 2003 года "О чрезвычайном положении".

      Выдача наряда при выпуске материальных ценностей в порядке разбронирования для оказания гуманитарной помощи, оказания помощи беженцам осуществляется на основании решения Правительства Республики Казахстан, принимаемого в соответствии с подпунктом 42) статьи 11 Закона.

      Выдача наряда при выпуске материальных ценностей в порядке разбронирования для оказания регулирующего воздействия на рынок осуществляется на основании решения Правительства Республики Казахстан, принимаемого в соответствии с подпунктом 42) статьи 11 Закона и договора по выпуску материальных ценностей из государственного материального резерва для оказания регулирующего воздействия на рынок с субъектами торговой деятельности, документа, подтверждающего полную оплату стоимости отчуждаемых материальных ценностей, предусмотренной условиями договора.

      Выдача наряда при выпуске материальных ценностей в порядке разбронирования при изменении номенклатуры государственного материального резерва осуществляется на основании протокола о результатах торгов, договора купли-продажи с победителем аукциона по выпуску материальных ценностей из государственного материального резерва, подтверждения полной оплаты стоимости отчуждаемых материальных ценностей, предусмотренной условиями договора.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. При выпуске материальных ценностей в связи с освежением и в порядке разбронирования при изменении номенклатуры государственного материального резерва на основании протокола о результатах торгов наряд направляется по почте или в электронной форме в филиал хранения/пункт хранения в течение 3 (трех) рабочих дней после внесения на веб-портал реестра государственного имущества информации о полной оплате стоимости отчуждаемых материальных ценностей, предусмотренной условиями договора, или после заключения договора купли-продажи в случае, если гарантийный взнос равен или превышает цену продажи по договору.

      При выпуске материальных ценностей для проведения экспертизы наряд выдается в течение 3 (трех) рабочих дней после получения оплаты за выпускаемый объем.

      При выпуске материальных ценностей для передачи на баланс другим государственным органам материальных ценностей государственного материального резерва, подлежащих освежению, наряд выдается в течение 3 (трех) рабочих дней после получения Комитетом решения Правительства Республики Казахстан на их выпуск.

      При выпуске материальных ценностей в порядке освежения в соответствии с подпунктом 8) пункта 3 статьи 39 Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках" наряд выдается в течение 3 (трех) рабочих дней после поступления в Комитет документа, подтверждающего полную оплату стоимости отчуждаемых материальных ценностей, предусмотренной условиями договора о государственных закупках.

      При выпуске материальных ценностей в порядке освежения для выполнения государственного оборонного заказа наряд выдается в течение 1 (одного) рабочего дня после заключения договора об использовании материальных ценностей государственного материального резерва для выполнения государственного оборонного заказа.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. При выпуске материальных ценностей в порядке разбронирования для оказания гуманитарной помощи, оказания помощи беженцам наряд выдается в течение 1 (одного) рабочего дня после получения Комитетом решения Правительства Республики Казахстан на их выпуск.

      При выпуске материальных ценностей в порядке разбронирования для оказания регулирующего воздействия на рынок наряд выдается в течение 3 (трех) рабочих дней после поступления в Комитет документа, подтверждающего полную оплату стоимости отчуждаемых материальных ценностей, предусмотренной условиями договора.

      При выпуске материальных ценностей в порядке разбронирования для принятия мер по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и их последствий наряд выдается в течение 1 (одного) рабочего дня после получения Комитетом решения уполномоченного органа в сфере гражданской защиты на их выпуск.

      При выпуске материальных ценностей в порядке разбронирования для принятия мер по предупреждению и ликвидации чрезвычайной ситуации социального характера и ее последствий наряд выдается в течение 1 (одного) рабочего дня после получения Комитетом решения государственного органа по предупреждению и ликвидации чрезвычайной ситуации социального характера на их выпуск.";

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. Акт приема-передачи и акт на исполнение наряда направляется филиалом хранения/пунктом хранения в Комитет не позднее 5 (пяти) рабочих дней со дня выпуска материальных ценностей из государственного материального резерва.".

      2. Комитету по государственным материальным резервам Министерства цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития,
оборонной и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
А. Жумагалиев

  Приложение к приказу
Министра цифрового развития,
оборонной и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
от 5июня 2019 года № 117/НҚ
  Приложение 1
к приказу Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 30 ноября 2015 года № 747
  Форма

Комитет по государственным материальным резервам Министерства цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

Наряд № на выпуск материальных ценностей из государственного материального резерва "___"_______20___ года

      Кому___________________________________________________________

      Адрес__________________________________________________________

      Грузоотправитель________________________________________________

      Грузополучатель_________________________________________________

      Нижеперечисленные материальные ценности государственного материального резерва

№ п/п

Наименование материальных ценностей

Единица измерения

Количество

Цена за единицу, тенге

Сумма, тенге



















      На сумму (прописью) в том числе НДС тенге.

      Выпуск производится: в связи с освежением (в том числе: для проведения экспертизы, для передачи на баланс другим государственным органам, в соответствии с подпунктом 8) пункта 3 статьи 39 Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках"), в порядке заимствования, в порядке разбронирования (нужное подчеркнуть).

      Основание выпуска материальных ценностей:________________________________

      Срок вывоза материальных ценностей (при выпуске материальных ценностей в связи с освежением и в порядке разбронирования при изменении номенклатуры государственного материального резерва) ____________________________________________________________________

      Примечание: При этом получатель материальных ценностей вправе вывозить материальные ценности до окончания срока действия договора купли-продажи. В этом случае Комитетом начисляются штрафные санкции в соответствии с условиями договора.

      Лица, уполномоченные на подписание наряда:
___________________ ________________________________________________ ____________
      (должность)                         (Ф.И.О.) (при его наличии)             (подпись)

      ___________________ ________________________________________________ ____________
      (должность)                         (Ф.И.О.) (при его наличии)             (подпись)

      ___________________ ________________________________________________ ____________
      (должность)                         (Ф.И.О.) (при его наличии)             (подпись)

      Место для печати