"Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 623 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 маусымда № 18893 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16525 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 26 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қағидалар:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберінде жүзеге асыратын, олар үшін мемлекеттік кірістер органдарына салық төлеушімен ұсынылған өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге сәйкес ашылған бірлескен банктік шоттан нотариалдық расталған үзінді-көшірмелері валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды болып табылады;

      2) Салық кодексінің 722-бабы 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісімнің шеңберінде теңізде көмірсутегін барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын, олар үшін салық төлеушінің мемлекеттік кірістер органына ресми ілеспе хатпен ұсынған шетел банкінің немесе резидент елдің заңнамасына сәйкес банктік операцияларды реттеуді жүзеге асыратын ұйымның шотына төлемнің түсуін растайтын үзінді-көшірмесі валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды болып табылады.

      Егер түсімді (ішінара немесе толығымен) тікелей немесе жанама бақыланатын Ұлттық компания және (немесе) Ұлттық басқарушы холдинг салық төлеушінің міндеттемелерін орындау есебіне осындай салық төлеушінің шетел банкіндегі шотына түсімдерсіз жолдаған және (немесе) ұстаған жағдайда, онда мемлекеттік кірістер органына ұсынылған, осындай салық төлеуші мен тауарды сатып алушы арасындағы өзара есеп айырысудың тиісті салыстыру актісі валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды болып табылады.

      Бұл ретте, егер осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжат шетел тілінде жазылса, онда оған нотариалды куәландырылған орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі;

      3) Салық кодексінің 433-бабына сәйкес қосылған құн салығын бақылау шотын пайдаланатын салық төлеушілерге қолданылмайды".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтын 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс – шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының тоғызыншы абзацын қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 21 февраля 2018 года № 260 "Об утверждении Правил предоставления заключения о поступлении валютной выручки"

Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 24 июня 2019 года № 623. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 июня 2019 года № 18893

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 21 февраля 2018 года № 260 "Об утверждении Правил предоставления заключения о поступлении валютной выручки" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16525, опубликован 26 марта 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов) следующее изменение:

      в Правилах предоставления заключения о поступлении валютной выручки, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Правила не распространяются на налогоплательщиков:

      1) осуществляющих деятельность на территории Республики Казахстан в рамках окончательного соглашения о разделе продукции, для которых заключением о поступлении валютной выручки являются представленные налогоплательщиком в органы государственных доходов нотариально заверенные копии выписок с совместного банковского счета, открытого в соответствии с окончательным соглашением о разделе продукции;

      2) осуществляющих разведку и (или) добычу углеводородов на море в рамках соглашения о разделе продукции, указанного в пункте 1 статьи 722 Налогового кодекса, для которых заключением о поступлении валютной выручки являются представленные налогоплательщиком в органы государственных доходов выписки, подтверждающие поступление оплаты на счет в иностранном банке или организации, осуществляющие регулируемые банковские операции в соответствии с законодательством страны резидентства, с официальным сопроводительным письмом.

      В случае, если выручка (частично или полностью) направлена и (или) удержана в счет исполнения обязательств налогоплательщика, прямо или косвенно контролируемого Национальной компанией и (или) Национальным управляющим холдингом, без поступления на счет такого налогоплательщика в иностранном банке, то заключением о поступлении валютной выручки являются представленные в органы государственных доходов соответствующие оригиналы актов сверок взаиморасчетов между таким налогоплательщиком и покупателем товаров.

      При этом, если документы, указанные в подпункте 2) данного пункта, составлены на иностранном языке, то к ним прилагается нотариально заверенный перевод на русском языке;

      3) использующих контрольные счета налога на добавленную стоимость в соответствии со статьей 433 Налогового кодекса.".

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзаца девятого пункта 1 настоящего приказа, который вводится в действие с 1 января 2019 года.

      Министр финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Национальный Банк
Республики Казахстан