Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 27-5-6/253 бұйрығымен.
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы 8-бабының 6) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 286) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғат қорғау мекемелері ұсынатын қызметтер үшін тарифтер мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 17-1/158 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15282 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабының 6) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 286) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Алматы мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер тарифтерінің мөлшерлерінде:
1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 |
Туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын ұсыну, бір адамға бір күнге: |
420 |
2 |
Мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде болу және оларды зерделеу кезінде экскурсия жүргізуші қызметін ұсыну, жиырма адамға дейінгі бір топқа күніне: |
1 200 |
";
3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер тарифтерінің мөлшерлерінде:
1 және 3-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 |
Туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын ұсыну, бір адамға бір күнге: |
420 |
3 |
Мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде болу және оларды зерделеу кезінде 6 адамға дейінгі бір топқа күніне мынадай қызметтер ұсыну: |
1 200 |
";
4) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Іле Алатауы" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер тарифтерінің мөлшерлері:
мынадай редакциядағы 2-1-жолмен толықтырылсын:
"
2-1 | Кемпингтер (киіз үйлер, беседкалар) орналастыру үшін орын ұсыну, тәулігіне бір шаршы метр есеппен | 128 |
";
3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Қоғамдық тамақтандыру (мейрамханалар, кафелар, асханалар), сауда объектілерін немесе оларды орналастыру орындарын ұсыну, тәулігіне бір шаршы метр есеппен | 73 |
";
8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Қонақүйлер, мотельдер, туристік базалар орналастыру үшін орындар ұсыну, бір айға бір гектар есеппен, қоғамдық тамақтандыру (мейрамханалар, кафелар, асханалар) объектілерін орналастыру орындарын қоспағанда | 9000 |
";
5) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Жоңғар Алатауы" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер тарифтерінің мөлшерлерінде:
4 және 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 |
Мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде болу және оларды зерделеу кезінде мынадай қызметтер ұсыну, он бес адамға дейінгі бір топқа күніне: |
4000 |
10 | Табиғи-қорық қоры, табиғи және мәдени мұра объектілерінде, табиғат мұражайлары мен жанды мүйістерде болу және оларды зерделеу кезінде кино, бейне және фото таспаларына түсiруді (кәсіби) жүргізу, бір күнге | 5000 |
";
мынадай редакциядағы 11 және 12-жолдармен толықтырылсын:
"
11 | Қонақүй нөмірлерін ұсыну, бір адамға тәулігіне | 2000 |
12 | Мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер (монша) ұсыну, бір адамға бір сағатқа | 654 |
";
6) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер тарифтерінің мөлшерлерінде:
6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 |
Туристік құрал-жабдықтар ұсыну: |
150 |
";
9, 10, 11, 12, 13 және 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Ұлттық парктің ерекше қорғалатын табиғи аумағында орналасқан демалыс аймағы объектілерінен санитариялық тазарту (қоқыс шығару) қызметін ұсыну, бір рейс жасау | 8375 |
10 | Көлік (трактор) қызметін ұсыну, бір сағатқа | 2135 |
11 | Көлік (шынжыр табанды трактор) қызметін ұсыну, бір сағатқа | 2870 |
12 | Жүк көтергіштігі 4,5 тоннадан аспайтын көлік (жүк автомобилі) қызметін ұсыну, бір километр қашықтыққа | 90,0 |
13 | Жүк көтергіштігі 1,5 тоннадан аспайтын көлік (жүк автомобилі) қызметін ұсыну, бір километр қашықтыққа | 65,0 |
15 | Көлік (11 орынды шағын автобус) қызметін ұсыну, бір километр қашықтыққа | 70,0 |
".
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы |
М. Айнабеков |