"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Теңіз порты мәртебесін беру қағидалары бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Министр | Р. Скляр |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 400 бұйрығымен бекітілді |
Теңіз порты мәртебесін беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Теңіз порты мәртебесін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 4-бабы 3-тармағының 55-41) тармақшасына сәйкес әзірленген және теңіз порты мәртебесін беру тәртібін айқындайды.
2. Теңіз порты мәртебесі қызметі мен түрі теңіз порты қызметтерін көрсетумен байланысты сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы көліктік инфрақұрылым объектілеріне ұсынылады (бұдан әрі – көлік инфрақұрылымының объектісі).
3. Теңіз порты мәртебесін беру кемелерді өңдеу, жүктерді ауыстырып тиеу және жолаушыларды отырғызу (түсіру), сондай-ақ осы теңіз объектілерінің акваториясында кемелердің жүзу қауіпсіздігінің деңгейін кейіннен арттыру үшін теңіз порттарын есепке алуды жүйелеу бойынша қызметтерді көрсететін, Каспий теңiзiнiң қазақстандық жағалауында сауда мақсатында теңізде жүзу саласында қолданыстағы және құрылып жатқан көлік инфрақұрылымының қызметін реттеу мақсатында жүзеге асырылады.
4. Теңіз порттары жалпыға ортақ пайдаланылатын объектілер болып табылады және түрі бойынша сауда және мамандандырылған (балық, мұнай және басқалар) болып бөлінеді.
5. Теңіз портының аумағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес ұсынылған өзіне жерді, жер учаскелерін және теңіз портының акваториясын қамтиды.
6. Теңіз терминалдарының жиынтығы аумақтық қағидат бойынша бір теңіз портына бірігеді.
7. Теңіз көлігі қызметінің мақсаттары үшін теңіз портының жұмыс істеуі сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы шегінде көзделген салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) теңіз порты мәртебесін беру туралы шешімін қабылдаған сәтінен бастап жүзеге асырылады.
2-тарау. Теңіз порты мәртебесін беру тәртібі
8. Теңіз порты мәртебесін уәкілетті орган береді.
9. Анықталған көлік инфрақұрылымының объектісіне теңіз порты мәртебесін беру туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті орган осы объектінің иесіне мынадай ақпараттарды және құжаттардың көшірмелерін енгізу қажеттілігі туралы сұрау салуды жолдайды:
1) теңіз порты объектісінің орналасқан жері, негізгі техникалық сипаттамалары, оның ішінде жүктерді тиеу және түсіру, жолаушыларды отырғызу және түсіру бойынша оның мүмкіндіктері, кеме қатынасына арналған көрсетілетін қызметтері, кіреберіс жолдарының болуы, навигация кезеңі, өзге де адамдарға жататын өзге де инфрақұрылым объектілерінің болуы;
2) теңіз порты объектілерімен ұсынылатын қызметтер тізбесі;
3) жер учаскелерін бөлу туралы жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің;
4) объектіні пайдалануға қабылдау актісі;
5) теңіз порты объектісінің заңды мекенжайы.
10. Теңіз порты мәртебесін беру, сондай-ақ, осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес құжаттар мен ақпараттарды бастамашылық тәртібінде көлік инфрақұрылымы объектісінің иесі енгізген жағдайда да жүзеге асырылады.
11. Теңіз порты мәртебесін беру туралы шешім көлік инфрақұрылымы объектісінің иесінен осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес құжаттар мен ақпараттарды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті органның бұйрығы түрінде қабылданады.
12. Теңіз порты мәртебесін беру туралы шешім қабылданғаннан кейін уәкілетті орган осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының теңіз порттарының тізіліміне тиісті ақпарат енгізеді.
Уәкілетті орган теңіз порттарының тізілімін өзінің www.miid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырады.
13. Теңіз порты мәртебесін беру туралы бұйрықтың көшірмесі теңіз портының акваториясын қоса алғанда, теңіз портының шекарасын айқындау үшін жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
Теңіз порты мәртебесін беру қағидаларына қосымша |
|
нысан |
Қазақстан Республикасы теңіз порттарының тізілімі
1. | Теңіз портының атауы | |
2. | Реттік тіркеу нөмірі | |
3. | Теңіз портының орналасқан жері | |
4. | Теңіз портының мәртебесі туралы бұйрығының күні мен нөмірі | |
5. | Теңіз портының негізгі техникалық сипаттамалары | |
5.1. | Теңіз порты аумағының ауданы (гектар): | |
5.2. | Теңіз порты акваториясының ауданы (шаршы шақырым): | |
5.3. | Айлақ саны | |
5.4. | Теңіз портының айлақтық фронтының ұзындығы(метр бойы): | |
5.5. | Жүк терминалдарының өткізу қабілеттілігі, барлығы (жылына мың тонна ) | |
оның ішінде: | ||
құятын (жылына мың тонна ) | ||
құрғақ (жылына мың тонна ) | ||
контейнерлер (жылына жиырма футтық баламамен мың бірлік): | ||
5.6. | Жолаушылар терминалының өткізу қабілеттілігі (жылына жолаушы) | |
5.7. | Портқа кіретін кемелердің барынша өлшемдері (шөгу, ұзындығы, ені) (метр) | |
5.8. | Жабық қоймалар алаңы (мың шаршы метр) | |
5.9. | Ашық қоймалар алаңы (мың шаршы метр) | |
5.10. | Мұнайды, мұнай өнімдерін, химиялық жүктер, құйылмалы азық-түлік жүктерін, астық жүктерін сақтауға арналған резервуарлардың сыйымдылығы (мың тонна) | |
6. | Теңіз портының навигация кезеңі | |
7. | Пошталық мекенжай | |
8. | Теңіз терминалдары операторларының, сондай-ақ теңіз терминалдары операторлары көрсететін қызметтердің тізбесі: |