"Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-5-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киім үлгілері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін нысанды киіммен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің айырым белгілері;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Бекiтiлген нормаларды iске асыру тиісті қаржы жылына бөлiнген қаражат шегiнде жүргізілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 655 бұйрығына 1-қосымша |
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киім үлгілері
1-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының ерлерге арналған нысанды киім үлгілері
1. Ерлерге арналған нысанды киім жиынтығына:
1) кокардасы бар қара-көк түсті қой терісінен тігілген қысқы құлақшын;
2) қара түсті қой терісінен тігілген қысқа тон;
3) қара-көк түсті ұзындау қысқы күртеше;
4) сыдырмалы күртеше;
5) қара-көк түсті маусымдық күртеше;
6) қара түсті тоқылған қолғап;
7) қара-көк жартылай жүн жемпірлер;
8) қара-көк түсті тоқыма кеудеше;
9) жеңі ұзын ашық-көк түсті жейде;
10) жеңі қысқа ашық-көк түсті жейде;
11) ұзын жеңді ақ түсті жейде;
12) қысқа жеңді ақ түсті жейде;
13) қара түсті былғарыдан жасалған жылы қысқы етік;
14) унты;
15) қара-көк түсті галстук;
16) галстукке арналған қыстырғыш;
17) қара түсті былғары белдеу;
18) қара түсті былғарыдан жасалған маусымдық бәтенке;
19) қара түсті былғарыдан жасалған туфли;
20) қара-көк түсті жүн матадан жасалған шарф;
21) кокадасы бар қара-көк түсті фуражка;
22) қара-көк шалбары бар китель;
23) қара-көк түсті күнделікті шалбар кіреді.
1-сурет
Ескертпе: 1 - күнделікті нысан; 2 - жазғы нысан; 3 - қысқы нысан.
2-тарау. Мемлекеттік кірістер органының әйелдерге арналған нысанда киім үлгілері
2. Әйелдердің нысанды киім жиынтығына:
1) кокардасы бар қара-көк түсті қой терісінен тігілген қысқы құлақшын;
2) қара түсті қой терісінен тігілген қысқа тон;
3) қара-көк түсті ұзындау қысқы күрте;
4) сыдырмалы күртеше;
5) қара-көк түсті маусымдық күртеше;
6) қара түсті тоқылған қолғап;
7) қара-көк жартылай жүн жемпірлер;
8) қара-көк түсті тоқыма кеудеше;
9) жеңі ұзын ашық-көк түсті жейде;
10) жеңі қысқа ашық-көк түсті жейде;
11) ұзын жеңді ақ түсті жейде;
12) қысқа жеңді ақ түсті жейде;
13) қара түсті былғарыдан жасалған жылы қысқы етік;
14) унты;
15) қара-көк түсті галстук;
16) галстукке арналған қыстырғыш;
17) қара түсті былғары белдеу;
18) қара түсті былғарыдан жасалған маусымдық қысқа қонышты етік;
19) қара түсті былғарыдан жасалған туфли;
20) қара-көк түсті жүн матадан жасалған шарф;
21) кокадасы бар қара-көк түсті берет;
22) қара-көк шалбары бар пиджак;
23) қара-көк түсті күнделікті белдемше;
24) қара-көк түсті күнделікті шалбар кіреді.
2-сурет
Ескертпе: 1 - күнделікті нысан; 2 - жазғы нысан; 3 - қысқы нысан.
3-тарау. Ерлерге және әйелдерге арналған далалық нысанды киiм үлгiлерi
3. Ерлерге және әйелдерге арналған далалық нысанды киім жиынтығына (3-сурет):
1) көк түсті далалық күртеше мен шалбар;
2) көк түсті далалық жылы күртеше мен шалбар;
3) көк түсті кепка;
4) көк түсті футболка;
5) қара түсті ұзын қонышты бәтеңке;
6) қара түсті ұзын қонышты далалық жылы бәтеңке кіреді.
3-сурет
Ерлерге және әйелдерге арналған далалық нысанды киім жиынтығы
Ескертпе:
Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін нысанды киіммен қамтамасыз ету Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерді нысанды киіммен қамтамасыз етудің заттай нормалары негізінде жүзеге асырылады.
Нысанды киім дайын түрде мөлшерлемесіне сәйкес беріледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 655 бұйрығына 2-қосымша |
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін нысанды киіммен қамтамасыз етудің заттай нормалары
1 | Заттардың атауы | Өлшем бірлігі | Бір қызметкерге арналған заттар саны | Пайдалану мерзмі (аймен) | Ескертпе |
1 | Кокардасы бар қара-көк түсті қой терісінен тігілген қысқы құлақшын | дана | 1 | 48 | |
2 | Қара түсті қой терісінен тігілген қысқа тон | дана | 1 | 36 | Климаты суық өңірлер үшін ғана |
3 | Қара-көк түсті ұзындау қысқы күртеше | дана | 1 | 36 | |
4 | Сыдырмалы күртеше | дана | 1 | 24 | |
5 | Қара-көк түсті маусымдық күртеше | дана | 2 | 24 | |
6 | Қара түсті тоқылған қолғап | пара | 1 | 12 | |
7 | Қара-көк жартылай жүн жемпірлер | дана | 1 | 24 | |
8 | Қара-көк түсті тоқыма кеудеше | дана | 1 | 24 | |
9 | Жеңі ұзын ашық-көк түсті жейде | дана | 2 | 24 | |
10 | Жеңі қысқа ашық-көк түсті жейде | дана | 2 | 12 | |
11 | Ұзын жеңді ақ түсті жейде | дана | 1 | 24 | |
12 | Қысқа жеңді ақ түсті жейде | дана | 1 | 12 | |
13 | Ерлерге арналған қара түсті былғарыдан жасалған жылы қысқы етік | пара | 1 | 24 | |
14 | Әйелдерге арналған қара түсті былғарыдан жасалған жылы қысқы етік | пара | 1 | 24 | |
15 | Унты | пара | 1 | 48 | Климаты суық өңірлер үшін ғана |
16 | Қара-көк түсті галстук | дана | 1 | 24 | |
17 | Галстукке арналған қыстырғыш | дана | 1 | 36 | |
18 | Қара түсті былғары белдеу | дана | 1 | 24 | |
19 | Ерлерге арналған қара түсті былғарыдан жасалған маусымдық бәтенке | пара | 1 | 24 | |
20 | Әйелдерге арналған қара түсті былғарыдан жасалған маусымдық қысқа қонышты етік | пара | 1 | 24 | |
21 | Ерлерге арналған қара түсті былғарыдан жасалған туфли | пара | 1 | 24 | |
22 | Әйелдерге арналған қара түсті былғарыдан жасалған туфли | пара | 1 | 24 | |
23 | Қара-көк түсті жүн матадан жасалған шарф | дана | 1 | 36 | |
24 | Кокадасы бар қара-көк түсті фуражка | дана | 1 | 24 | |
25 | Қара-көк түсті шалбары бар китель | дана | 1 | 24 | |
26 | Қара-көк түсті белдемшесі бар пиджак | дана | 1 | 24 | |
27 | Қара-көк түсті күнделікті шалбар | дана | 1 | 24 | |
28 | Қара-көк түсті күнделікті белдемше | дана | 1 | 24 | |
29 | Көк түсті далалық жылы күртеше мен шалбар | жиынтық | 1 | 24 | |
30 | Көк түсті далалық күртеше мен шалбар | жиынтық | 1 | 24 | |
31 | Көк түсті кепка | дана | 1 | 24 | |
32 | Көк түсті футболка | дана | 1 | 12 | |
33 | Қара түсті ұзын қонышты бәтеңке | пара | 1 | 24 | |
34 | Қара түсті ұзын қонышты далалық жылы бәтеңке | пара | 1 | 24 | |
35 | Қара көк түсті берет | дана | 1 | 24 |
Ескертпе:
Нысанды киіммен қамтамасыз ету бюджетке салық пен төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның есебінен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 655 бұйрығына 3-қосымша |
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің айырым белгілері
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері үшін айырым белгілері ретінде:
1) тігілетін айырым белгісі (сурет);
алынбайтын – қысқа тонның, қысқы күртешенің, сыдырмалы күртешенің, маусымдық күртешенің, пиджактың, далалық жылы күртешенің, далалық күртешенің сол жақ кеудеде;
алынбалы - жейденің сол жақ төс қалтасында.
Тігілетін айырым белгісі мөлшері 100х80 мм, қара түсті матадан, қалқан тәрізді нысанда жасалған, мемлекеттік кірістер органдары логотипінің ортасының үстіңгі бөлігінде - "QAZAQSTAN", төменде "MEMLEKETTIK KIRISTER ORGANDARY" деген жазуы бар. Белгідегі жазулар мен суреттер тоқу тәсілімен жасалған, алтын түсті;
2) қысқа тонның, қысқы күртешенің, маусымдық күртешенің арқасында жарыққа шағылысатын "MEMLEKETTIK KIRISTER ORGANDARY" деген жазу бар;
3) бас киімнің кокардасы бір тұтас ретінде алтын түстес металл қорытпасынан жасалған, мемлекеттік кірістер органдары логотипінің ортасында көгілдір фонда. Артқы жағында екі металдан жасалған бекіткіштер балқытылып орнатылған. Кокарды бас киімнің ортасына маңдайына бекітіледі;
4) галстукке арналған қыстырғыш сыртқы және ішкі бұтақшалары бар металл пластина. Сыртқы бұтақшасының ортасында - алтын түстес мемлекеттік кірістер органының логотипі.
Сурет
Тігілетін айырым белгісінің үлгісі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 655 бұйрығына 4-қосымша |
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге сыратын, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-5-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің (бұдан әрі - қызметкерлер) нысанды киім киіп жүру тәртібін айқындайды.
2-тарау. Нысанды киім киіп жүру қағидалары
2. Нысанды киіммен киіп жүруге құқығы бар лауазымдар тiзбесiне сәйкес мемлекеттiк кiрiстер органдарының барлық қызметкерлерi қамтамасыз етіледі.
3. Нысанды киімдер ерлерге және әйелдерге арналған болып бөлінеді.
4. Мемлекеттік кiрiстер органдарының қызметкерлеріне нысанды киімдер олардың киім мөлшеріне сәйкес беріледі. Мемлекеттiк кiрiстер органдарына қызметке алғаш қабылданған адамдарға бұйрық шыққаннан кейін, қысқы киiмді қоса, толық мөлшерде нысанды киімдер беріледі.
5. Нысанды киімді және оның элементтерін кию мерзімі ол берілген күннен бастап есептеледі.
6. Мемлекеттiк кiрiстер органдарының қызметкерлерiне жаңа нысанды киiм заттарын бер есепке алу карточкасындағы жазбаға сәйкес бұрын берiлгендердің қолдану мерзiмі өткен соң жүргізіледі.
7. Нысанды киiмнің барлық заттары тазаланып, үтіктелген болуы тиіс.
8. Қамтамасыз ету нормасын асыруға, сондай-ақ нысанды киімді пайдалану мерзімін қысқартуға жол берілмейді.
9. Нысанды киiм заттары жоғалған немесе бүлінген жағдайда жоғалған (бүлінген) заттарды жаңа заттарға айырбастауды мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері өз қаражаты есебінен сатып алады.
10. Нысанды киiм заттарын пайдалануға бері мемлекеттік кірістер органдарының әрбір қызметкеріне жүргізілген есепке алу карточкалары бойынша ескеріледі.
11. Нысанды киім заттарын алуға арналған ведомость немесе мемлекеттік кірістер органдары қызметкерінің қолхаты бар ордер есепке алу карточкасында жазба жасау үшін негіздеме болып табылады.
12. Нысанды киім заттарын есептен шығару мынадай:
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысанды киіммен қамтамасыз ету нормаларында белгіленген пайдалану мерзімі өткен;
мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері қайтыс болған, мүгедектігі бойынша, зейнеткерлік жасқа жету бойынша зейнеткерлікке шыққан;
қызметтік міндеттерді орындау кезінде нысанды киім бүлінген;
мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері жұмыстан босатылған жағдайларда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 655 бұйрығына 5-қосымша |
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің тізбесі
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне:
1) жетекші маман;
2) бас маман жатады.