ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі - осы бұйрықтың 4-тармағымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 322 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11440 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздік қызметі:
авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы (бірінші басшының орынбасары).";
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Р. Скляр |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
2019 жылғы "____"_________
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
2019 жылғы "____"_________
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
2019 жылғы "____"_________
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандарының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары
1-тарау. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандарының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптар
1. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары (бірінші басшының орынбасары):
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім;
3) жоғары білім ("Білім туралы" ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады);
4) жасы кемінде жиырма бес жаста;
5) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл қызмет өтілі немесе авиация қызметкері ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымында (бұдан әрі - ИКАО) тіркелген азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын "Әуе кемесімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру" мамандығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі ("Білім туралы" ҚР Заңының 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
6) ИКАО оқу орталықтарымен берілетін авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы курстарын бітіргені туралы сертификат.
2. Авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) жоғары білім ("Білім туралы" ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады);
3) жасы кемінде жиырма бес жаста;
4) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл қызмет өтілі немесе авиация қызметкері ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын "Әуе кемесімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру" мамандығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі ("Білім туралы" ҚР Заңының 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
5) авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО оқу орталықтарымен берілген авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы курстарын бітіргені туралы сертификат.
3. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеру бөлімшесінің басшысы, авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеру бөлімшесі бастығының орынбасары, авиациялық қауіпсіздік қызметінің қауіпсіздік бөлімшесінің басшысы, авиациялық қауіпсіздік қызметінің қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасары, авиациялық қауіпсіздік қызметінің әкімшілік бөлімшесінің басшысы, авиациялық қауіпсіздік қызметінің рұқсаттама бюросының басшысы лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) жоғары (техникалық, заң) немесе орта (техникалық және кәсіби) білім ("Білім туралы" ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады);
3) авиация қызметкері ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімін "Әуе кемесімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру" мамандығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік саласында кемінде бір жыл жұмыс өтілі ("Білім туралы" ҚР Заңының 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
4) авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО оқу орталықтарымен берілген авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы курстарын бітіргені туралы сертификат. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеру бөлімшесінің басшысы және оның орынбасарына ұшу алдында жете тексеру бойынша сертификаты қосымша талап етіледі.
4. Кинология бөлімшесінің басшысы, қызметтік иттердің аға жолбасшы-инспекторы (патрульдік-іздеу итінің жетекшісі) қызметтік иттерді жолбасшы-инспекторы (патрульдік-іздеу итінің жетекшісі) лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) негізгі орта, орта немесе жоғары білім;
3) кинолог курстарында оқығандығын растайтын құжат;
4) жасы кемінде жиырма жаста;
5) авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО оқу орталықтарымен немесе уәкілетті ұйыммен сертификатталған авиациялық оқу орталықтарында берілген авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат.
5. Жете тексеру бөлімшесінің ауысым басшысы, қауіпсіздік бөлімшесінің ауысым басшысы, жете тексеру бөлімшесінің аға инспекторы, қауіпсіздік бөлімшесінің аға инспекторы, әкімшілік бөлімшесінің аға инспекторы, жете тексеру бөлімшесінің инспекторы, қауіпсіздік бөлімшесі инспекторы, бақылау және бейнебақылау бекетінің инспекторы, рұқсаттама бюросының инспекторы, әкімшілік бөлімшесінің инспекторы, авиациялық қауіпсіздік қызметінің техникалық жабдықтау және қауіпсіздік құралдары жөніндегі инспектор лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) негізгі орта, орта немесе жоғары білім ("Білім туралы" ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
3) жасы кемінде жиырма жаста;
4) авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат.
6. Оқыту жөніндегі үйлестіруші-инспекторы, сапаны бақылау аудиторы лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) жоғары немесе орта (техникалық және кәсіби) білім ("Білім туралы" ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
3) авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
4) жасы кемінде жиырма бес жаста;
5) ИКАО оқу орталықтарымен берілетін авиациялық қауіпсіздік бойынша курстардың бітірген туралы сертификат.
7. Инспектор-профайлер лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) жоғары ("Психолог" мамандығы бойынша) білім ("Білім туралы" ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
3) жасы кемінде жиырма бес жаста;
4) авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО оқу орталықтарымен берілген авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат.
2-тарау. Авиакомпаниялардың және аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандарының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптар
8. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары (бірінші басшының орынбасары):
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім.
Қазақстан Республикасының Президентін және өзге де қорғалатын тұлғаларды тасымалдауды жүзеге асыратын авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің келісімі бойынша тағайындалады.
3) жоғары білім ("Білім туралы" ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады);
4) жасы кемінде жиырма бес жаста;
5) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл қызмет өтілі немесе авиация қызметкері ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымында (бұдан әрі - ИКАО) тіркелген азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын "Әуе кемесімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру" мамандығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі ("Білім туралы" ҚР Заңының 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
6) ИКАО оқу орталықтарымен берілетін авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы курстарын бітіргені туралы сертификат.
9. Авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) жоғары білім ("Білім туралы" ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады);
3) жасы кемінде жиырма бес жаста;
4) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл қызмет өтілі немесе авиация қызметкері ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын "Әуе кемесімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру" мамандығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі ("Білім туралы" ҚР Заңының 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
5) авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО оқу орталықтарымен берілген авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы курстарын бітіргені туралы сертификат.
10. Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлғаға қойылатын біліктілік талаптары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім;
3) жоғары немесе орта (техникалық және кәсіби) білім ("Білім туралы" ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
4) авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе авиация персоналы ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі немесе ИКАО-да тіркелген азаматтық авиациясының жоғары оқу орындарында "Әуе көлігімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру" мамандығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі ("Білім туралы" ҚР Заңының 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
5) авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО оқу орталықтарымен берілген авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы курстарын бітіргені туралы сертификат.
11. Авиациялық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жетекші маман, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі маман лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) жоғары (техникалық, заң) немесе орта (техникалық және кәсіби) білім ("Білім туралы" ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады);
3) авиация қызметкері ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімін "Әуе кемесімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру" мамандығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік саласында кемінде бір жыл жұмыс өтілі ("Білім туралы" ҚР Заңының 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
4) авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО оқу орталықтарымен берілген авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат.
12. Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі аға инспекторы, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі инспектор лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) негізгі орта, орта немесе жоғары білім ("Білім туралы" ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
3) жасы кемінде жиырма жаста;
4) авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО оқу орталықтарымен немесе уәкілетті ұйыммен сертификатталған авиациялық оқу орталықтарында берілген авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат.
13. Оқыту жөніндегі үйлестіруші-инспекторы, сапаны бақылау аудиторы лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) жоғары немесе орта (техникалық және кәсіби) білім ("Білім туралы" ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжат түрінде расталады);
3) авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
4) жасы кемінде жиырма бес жаста;
5) ИКАО оқу орталықтарымен берілетін авиациялық қауіпсіздік бойынша курстардың бітірген туралы сертификат.
14. Авиация қауіпсіздігі қызметінің басшыларын, азаматтық авиация ұйымының авиациялық қауіпсіздігі бойынша жауапты адамдарды тағайындау үшін ресімдейді және ұлттық қауіпсіздік органдарына келісуге мынадай құжаттар жібереді:
1) жұмыс өтілін және бұрын ұйымдарда, министрліктер мен ведомстволарда атқарған қызметін көрсете отырып, ұсыным;
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) ИКАО-да тіркелген, азаматтық авиацияның оқу орны берген сертификат көшірмесі ("Әуе жолдары бойынша тасымалдау кезінде авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету" мамандығы бойынша ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның жоғарғы оқу орындарының түлектері үшін дипломды алған күннен бастап үш жыл ішінде сертификатты ұсынудың қажеті жоқ);
4) оқу орнын бітіргені туралы дипломның (куәліктің) көшірмесі;
5) жұмыс өтілін растайтын құжат;
6) 4 х 5 см өлшемдегі үш фотосурет (бас киімсіз).
Қазақстан Республикасының Президентін және өзге де қорғалатын тұлғаларды тасымалдауды жүзеге асыратын авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшыларын тағайындау үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне де келісуге жібереді.
15. Сот шешімімен сотталған және айыбын өтеген, белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға құқығынан айырылған, жемқорлық құқық бұзушылықтармен немесе өзге де жағымсыз себептермен байланысты мемлекеттік органдардан шығарылған, сондай-ақ медициналық және психиатриялық ауытқулармен: психикалық дамуының тежелуі, психикалық ауытқулар, сонымен қатар ремиссия, эпилепсия және синкопалды жағдайлар (талып қалу), алкогольге құмарлық, есірткі құмарлық, токсикомания, соның ішінде тұрақты ремиссия жағдайларындағы адамдар қызметке қабылдануға жатпайды.