БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9936 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларында:
8, 9, 10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жеткізуші газ жеткізудің белгіленген орташа тәуліктік нормасы шегінде бір ай ішінде тең көлемде, ал қажет болған жағдайда тараптар мен тасымалдаушының келісімімен диспетчерлік график бойынша жеткізеді, ал өнеркәсіптік тұтынушы оны алады (іріктеп алады).
9. Күзгі-қысқы кезеңдегі температураның ауытқуынан туындаған өнеркәсіптік тұтынушыға газ жеткізудің орташа тәуліктік нормасының асып кетуі газ қоймасындағы газдың технологиялық қоры есебінен, сондай-ақ газ иесімен (егер жеткізуші иесі болып табылмаса) және тасымалдаушымен келісім бойынша жеткізушінің басқа да көздері есебінен жабылуы мүмкін. Мұндай жағдайда газды нормативтен артық іріктеп алу газ жеткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасының 5 %-нан асып кетуі мүмкін емес.
10. Өнеркәсіптік тұтынушыға газды бөлшек саудада өткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасы 5 %-дан асқан жағдайда, тасымалдаушыға жеткізушінің келісімі бойынша осы туралы тұтынушыны ескерткен сәттен бастап үш сағат өткеннен кейін газ жеткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасына дейін газды жеткізуге мәжбүрлі түрде шектеу жүргізу құқығы беріледі.
11. Газды тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға жеткізу кезінде ғана ай сайын газ жеткізудің әркелкілігіне жол беріледі.
Тұрмыстық тұтынушылардың жылу энергиясына деген қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қазандықтар мен жылу электр станцияларына газ жеткізудің әркелкілігіне осы Қағидалардың және жеткізуші мен тұтынушы арасында жасалған шарттың талаптарымен негізделген нормалар шегінде жол беріледі.
12. Жеткізушінің келісімінсіз тауарлық газ артық жұмсалған кезде өнеркәсіптік тұтынушы шартта белгіленген көлемнен артық алынған (іріктеп алынған) газ көлемінің құнын және әрбір тәулік үшін оны тасымалдау құнын мынадай коэффициентті қолдана отырып қосымша төлейді:
1) 15 сәуірден бастап 15 қазанға дейін - 1,2;
2) 15 қазаннан бастап 15 сәуірге дейін - 1,5.";
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
"15-1. Тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар тек нақты тұтынылған газ көлемі үшін төлемақы жүргізеді.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химиясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |