БҰЙЫРАМЫН:
1. "Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17705 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Үлгі қағидаларында:
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Білім беру ұйымдарында тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау үшін, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау кезеңінде білім беру ұйымдары басшыларының бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол тақ саннан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясының құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен төраға сайланады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. "Білім беру ұйымдарының қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша шешіледі.";
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында жүзеге асырылады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Білім беру ұйымына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Түсу емтихандарына қатысу үшін мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама ұсынған кезде, қажет болған жағдайда, мемлекеттік комиссия төрағасының атына:
1) жеке аудитория ұсыну;
2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектерге арналған түсу емтиханы шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекшінің және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысанда қосымша өтініш бере алады.";
12-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар оқуға түсушілер үшін - негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);";
13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 29 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 25 қыркүйегі аралығында өткізіледі.";
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі осы Үлгі қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.";
"17. Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар осы Үлгі қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген бағдарламалар бойынша өткізілетін шығармашылық емтихандар тапсырады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу нысаны осы Үлгі қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес анықталады.
Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша арнайы емтиханды өткізу нысанын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары дербес айқындайды.";
30-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
1) оқудың күндізгі нысанына - негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында;
2) оқудың кешкі және сырттай нысанына - негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстарында жүргізіледі.
Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
1) негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар адамдар үшін екі пәннен 16 балдан кем, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 25 балдан кем;
2) жалпы орта білімі бар адамдар үшін үш пәннен 24 балдан кем, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 балдан кем жинағандар жіберілмейді.";
көрсетілген Үлгі қағидаларға 2-қосымшада:
"0300000 - Медицина, фармацевтика *" деген бөлім алынып тасталсын;
ескертпе алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |