"Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 514 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 24 шілдеде № 19080 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі – тасымалдаушы) – жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына иелік ететін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      2) ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі – клиенттердің тапсырыстарын өңдеуге және оларды таксимен тасымалдаушының орындауына, оның ішінде аппараттық-бағдарламалық кешенді және (немесе) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын қолдана отырып беруге арналған, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері немесе заңды тұлғасы болып табылатын тасымалдаушы немесе өзге де тұлға құратын қызмет;

      3) багаж түбіртегі – багажды автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын, сондай-ақ тасымалдаушының багажды сақтауға немесе тасымалдау үшін қабылдағанын растайтын құжат;

      4) багажды автомобиль – жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдау маршруттарында жолаушылардың багаждарын (жүктерін) тасымалдауға арналған жүк автомобилі;

      5) борт журналы – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленген және тігілген, тасымалдаушының мөрімен бекітілген жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралында болатын журнал, оған автокөлік құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан өткені туралы белгілер қойылады;

      6) диспетчерлік жүйе – келісілген маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының қозғалысы туралы нақты уақыт режимінде үздіксіз ақпарат алуға мүмкіндік беретін жүйе;

      7) диспетчерлік жүйе операторы – диспетчерлік жүйені ұйымдастыру және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлғалар;

      8) жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттері (аялдау пункті) – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсіру мақсатында автокөлік құралдарының аялдауына арналған жол бойындағы белдеу учаскесі;

      9) жол жүру құжаты (билет) – ресімдеу жолымен жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат;

      10) қауіпті учаскелер – автомобиль жолдарының жүріп өткенде жол-көлік оқиғасы болуының жоғары қаупі туындайтын немесе қозғалыс режимінің елеулі өзгерістеріне байланысты учаскелері;

      11) қозғалыс кестесі – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбір аялдама пункті бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтерді қамтитын құжат (кесте, графикалық бейне);

      12) қолмен жуу – автокөлік құралдарын су берудің жоғары қысымды аппараттарын, су жеткізу жүйелерін және (немесе) ыдыстардағы суды пайдалану арқылы қолмен жуу;

      13) маршрут – автобустың, шағын автобустың, троллейбустың белгіленген бастапқы, аралық және соңғы аялдама пункттері арасында белгіленген жүретін жолы;

      14) маршрут схемасы – аялдау пункттері, олардың ара қашықтықтары, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, теміржол өтпелері, көпірлер және тоннельдер) көрсетілген маршруттың графикалық шартты бейнеленуі;

      15) механикаландырылған жуу – жуу құрамы және суды жеткізу үшін құрылғылармен, айналатын және (немесе) қозғалатын щеткалармен, сондай-ақ желдеткіш құрылғысымен жарақтандырылған арка үлгісіндегі ауыстырылатын тетіктерден тұратын автокөлік құралдарын автоматты жуу;

      16) рейс – маршруттың бастапқы пунктінен соңғы пунктіне дейінгі автобустың, шағын автобустың, троллейбустың жолы;

      17) спутниктік навигация аппаратурасы – көлік құралына жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары бойынша оның ағымдағы орналасқан жерін, жүру бағыты мен жылдамдығын айқындау, қосымша борт жабдығымен деректер алмасу үшін, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері бойынша ақпарат алмасу үшін орнатылатын аппараттық-бағдарламалық құрылғы;";

      18) такси тасымалы – жеңіл автомобилмен жолаушылар және багажды ақылы немесе жалдау бойынша тасымалдау қызметі;

      19) таксимен тасымалдаушы – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      20) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасы – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында пайдаланылатын және таксиге тапсырыс беруге және көлік құралын экипажымен қоса жалға алуға ұялы байланыс қызметтері немесе Интернет арқылы қолжетімділік берілетін бағдарламалық өнім;

      21) таксометр – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау құнын (бағасын) есептеуге арналған құрылғы;

      22) техникалық аялдама – автобустар мен шағын автобустардың жолаушыларды маршруттан түсіруді және маршрутқа отырғызуды көздемейтін аялдамасы.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ұйымдастыру сипаты бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тұрақты, тұрақты емес және таксимен тасымалдау болып бөлінеді.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Жолаушылар мен багажды республикаішілік тасымалдау әкімшілік-аумақтық белгілеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) қалалық (ауылдық) – елді мекеннің белгіленген шекарасының шегіндегі тасымалдау;

      2) қала маңындағы – елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап есептелетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақтағы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау;

      3) ауданішілік – бір аудан шегіндегі елді мекендердің арасындағы тасымалдау;

      4) ауданаралық (облысішілік қалааралық) – бір облыс шегіндегі, әртүрлі аудандардағы елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе облыстық маңызы бар қалалармен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау;

      5) облысаралық қалааралық – әртүрлі облыстардағы елді мекендердің арасында жүзеге асырылатын немесе республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынастағы автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау лицензиарға берілген лицензияға қосымшада көрсетілген автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жолаушылар тасымалы жүзеге асырылатын автобустардың, шағын автобустардың жылжымалы құрамының бірлігі өзгерген жағдайда, лицензияға қосымша қайта ресімдеуге жатады.

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 3-8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Тұрақты емес тасымалдау жеке және заңды тұлғалардың бір жолғы тапсырысы (өтінімі) бойынша жүзеге асырылады. Мұндай тасымалдауға: туристік, экскурсиялық, іс-шараларға қызмет көрсету жатады.

      Бір жолғы тасымалдау белгілі бір кезең ішінде шарттық негізде жүзеге асырылуы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2 және 8-3-тармақтарымен толықтырылсын:

      "8-1. Шағын автобустармен жолаушылар тасымалдауға жиырма бір жасқа толған, "D1" кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығы және кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл "С" санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар жүргізушілер жіберіледі.

      "8-2. Жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындар он алтыдан астам болатын автобустармен және троллейбустармен жолаушылар тасымалдауға жиырма бес жасқа толған, кемінде бес жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде үш жыл "D1" кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар жүргізушілер жіберіледі.

      8-3. Жалпы пайдаланудағы көлік мүгедек жолаушылардың мініп-түсуіне арналған құрылғылармен жабдықталады.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Екі және одан да көп тасымалдаушылармен жаңа халықаралық маршруттарды ашуға бір уақытта өтінім беру кезінде, автобустың қозғалыс кестесінің айырмашылығы бойынша бастапқы және аралық пункттері ұзақтығы 250 км дейін 15 минуттан аз және 250 км асатын 1 сағаттан аз уақытты құраса, басымдылық осы қатынас түрінде көп тәжірибесі бар тасымалдаушыға беріледі.";

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында өлшемі 60х40х20 см дейінгі және салмағы 20 кг аспайтын қол жүгін, сондай-ақ қабы бар бір жұп шаңғыны, бала арбасын немесе шанасын (автобустарда ғана) өзімен бірге тегін алып жүруге рұқсат етіледі.

      34. Осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетілген көлем және салмақ өлшемдерінен асатын қол жүгі багажға жатады және автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксимен тасымалдануға тиіс.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық және қала маңы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жол жүру, багаж алып жүру төлемін жолаушы Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғылары арқылы сатуды қоса алғанда, қолма-қол ақшамен кондукторға (жүргізушіге) беру немесе жүру үшін электрондық төлеу жүйесі арқылы жасайды.";

      45 және 45-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Қалалық (ауылдық) және қала маңын қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру және багажды алып жүру төлемін жолаушы маршруттың бастапқы пунктінен сапарды жүзеге асыру кезінде автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің кассасына, оның ішінде Интернет жүйесін қоса алғанда, электрондық сату арқылы немесе маршруттың аралық пунктінде отырғызу кезінде кондукторға (жүргізушіге) тарифке сәйкес төлейді.

      45-1. Тасымалдаушылар электрондық диспетчерлеу жүйесін және электрондық төлеу жүйесін ұстау және қолдану талабын сақтауға тиіс.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде, Қазақстан Республикасы облыстарының шет мемлекетке шығу немесе шет мемлекеттен кіру жүзеге асырылатын елді мекендері арасында отандық тасымалдаушылардың жолаушылар мен багажды тасымалдауын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 90-1-тармақпен толықтырылсын:

      "90-1. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген автокөлік құралдарымен тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралдарымен жолаушыларды, жүктерді тасымалдау жөніндегі кәсіпкерлік қызмет жүзеге асырылмайды.";

      162-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) конкурс ұйымдастырушысының аумағында орналасқан, жылжымалы құрамды сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндірістік-техникалық базаның (меншікті, жалға алынған немесе шарт бойынша қызмет көрсететін) болуы;";

      170-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 болып тіркелген) Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі талаптарына сәйкес жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде ұстау бойынша қажетті жұмыстар кешенін өткізу мүмкіндігін растайтын құжаттардың көшірмелерін, оның ішінде елді мекенде немесе қала маңындағы аймақта, бірақ конкурс ұйымдастырушысының аумағында орналасқан өнеркәсіптік-техникалық базаға құқық белгілейтін және құқықтық куәландыратын құжаттар, профилактикалық медициналық куәландыруды жүзеге асыруға жоғары немесе орта медициналық білімі туралы дипломның көшірмесін қоса бере отырып, медициналық қызметкермен жасасқан шарттың көшірмелерін;";

      мынадай мазмұндағы 204-1-тармақпен толықтырылсын:

      "204-1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес сапарды жүзеге асыру кезінде:

      1) жол жүру құжаттарына қандай да болмасын түзетулер енгізуге;

      2) автобустың, шағын автобустың салонында багаж алып жүруге;

      3) темекі тартуға, қоқсытуға, спирт ішімдіктерін ішуге;

      4) жүргізушіні әңгімемен алаңдатуға, сондай-ақ автобустың қозғалысы кезінде салон ішінде жүруге;

      5) от қауіпті, жарылғыш, улағыш, жеңіл тұтанатын, улы, уытты және күлімсі иісті заттарды, құндағы және дәрімен атылатын ілеспе құжаттары жоқ қаруды, сондай-ақ жолаушыларға не автобус салонының жабдығына немесе жарағына залал (ластау немесе зақымдау) келтіруі мүмкін заттар мен бұйымдарды тасымалдауға жол берілмейді.";

      10 - тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тапсырыс берілген автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды және багажды тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі";

      207-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "207. Жолаушылар мен багажды тапсырыс берілген автобустармен, шағын автобустармен тасымалдаудың жүйелік сипаты бар және азаматтарды жұмыс, оқу орындарына жеткізу мақсатында, сондай-ақ туристік және экскурсиялық тасымалдауды жүзеге асыру үшін жүзеге асырылады.";

      211-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "211. Қызметті көрсетуді бастағанға дейін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген Хабарламаларды қабылдау қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 10194 болып тіркелген) аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органына такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама береді.

      Таксимен жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қызметті хабарландыру тәртібінің талаптарын сақтамай жүзеге асыруға жол берілмейді.

      Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастау туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді.

      Таксимен тасымалдаушы тізілімнен шығару өтініш берушінің өтініші, соттың қызметіне тыйым салу туралы шешімі немесе такси тасымалдаушысымен осы Қағидаларда көзделген талаптарды орындамауы бойынша жүргізеді.";

      214-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "214. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы:

      1) жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін түсі біркелкі және осы Қағидалардың 341-тармағына сәйкес айырым белгілері бар таксилерді пайдалануды;

      2) автокөлік құралдарының рейс алдында техникалық қарап тексеруден, такси жүргізушілерінің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өтуін;

      3) таксидің ақауы болған жағдайда оны уақтылы ауыстыруды;

      4) жолаушының такси көрсететін қызмет құны (бағасы) туралы хабардар болуын;

      5) отыз және одан да көп такси болған кезде әрбір отыз таксиге шаққанда арнайы жүріп-тұру құралдарын пайдаланатын мүгедектерді тасымалдау үшін ыңғайластырылған кем дегенде бір таксиінің болуын;

      6) такси жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауды;

      7) жол құжаттарын ресімдеуге қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 214-1-тармақпен толықтырылсын:

      "214-1. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушының:

      1) такси тұрағы, жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін арнайы жабдықталған такси тұрақтарын пайдалануға;

      2) жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтай отырып, жол желісінің кез келген учаскелерінде жолаушыларды отырғызуды және түсіруді жүргізуге;

      3) ақпараттық-диспетчерлік қызметтің немесе ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөніндегі шарттың болуын қамтамасыз етуге;

      4) автокөлік құралын таксометрмен жабдықтауға;

      5) жергілікті атқарушы органдарға арнайы жабдықталған такси тұрақтарын ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар беруге құқығы бар.";

      324-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты маршруттарында қолданылатын автобустар мен шағын автобустар тасымалдауды ұйымдастырушыға нақты уақыт режимінде ақпарат беретін спутниктік навигация аппаратурасымен жабдықталады.";

      342-тармақ алып тасталсын;

      343-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "343. Таксидің салонында жолаушылар көретіндей жерде жүргізушінің фотосуреті бар, тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда) көрсетілген визит карточкасы, тасымалдаушының ресми атауы, оның мекенжайы және телефон нөмірі көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады.";

      394 және 395-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "394. Аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары әуежайларда, вокзалдарда, 1 және 2-санатты стационарлық сауда объектілерінде, сауда базарларында, театрларда, цирктерде, кинотеатрларда, мәдени-демалыс ұйымдарында (мәдениет және демалыс парктері), сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда такси тұрақтарын ұйымдастыруды және жабдықтауды қамтамасыз етеді.

      395. Такси тұрақтары басқа автомобильдердің тұрақтарынан арнайы шектеу сызықтарымен немесе қоршаумен бөлінеді және жергілікті атқарушы органдардың ӘПК-мен келісімі бойынша "Жеңіл такси тұрағының орны" 5-14 жол белгісімен белгіленеді.";

      399-тармақ алып тасталсын;

      401-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "401. Таксимен тасымалдаушы болып табылмайтын өзге де тұлға құратын ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізіліміне енгізілген, оның ішінде таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасы арқылы жасалған автокөлік құралын экипажымен қоса жалға алу шарты бойынша таксимен тасымалдауды жүзеге асыратын таксимен тасымалдаушылармен ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөнінде шарт жасасады және таксимен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде таксимен тасымалдаушы осы Қағидалардың 214-тармақтың 3) және 6) тармақшаларының талаптарын орындаған жағдайда, өз қызметтерін көрсетеді.

      Таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде орналастырылады.";

      402-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "402. Таксимен тасымалдаушы болып табылмайтын өзге де тұлға құрған ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі клиенттерінің тапсырысының және оларды такси жүргізушісіне берудің есебін қағаз немесе электрондық нысанда жүргізеді.";

      8-қосымшаның 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жылжымалы құрамды сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндірістік-техникалық базаның (меншікті, жалға алынған немесе қызмет көрсету шарт бойынша жүргізілетін болады), оның ішінде техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу кешендері бар өндірістік корпустардың, қойма үй-жайларының, автотұрақтардың, жинау-жуу кешендерінің, бақылау-техникалық пункттерінің, әкімшілік ғимараттардың және тұрмыстық корпустардың болуы туралы мәліметтер.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      2019 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      2019 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2019 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      2019 жылғы "___" _________

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 16 июля 2019 года № 514. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 июля 2019 года № 19080

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11550, опубликован 15 июля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнения:

      в Правилах перевозки пассажиров и багажа автомобильным транспортом, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) автомобильный перевозчик (далее – перевозчик) – физическое или юридическое лицо, владеющее автотранспортными средствами, за исключением легковых, на праве собственности или на иных законных основаниях, осуществляющее предпринимательскую деятельность по перевозке пассажиров, багажа, грузов и почтовых отправлений;

      2) информационно-диспетчерская служба такси – служба, создаваемая перевозчиком или иным лицом, являющимся индивидуальным предпринимателем или юридическим лицом Республики Казахстан, для обработки заказов клиентов и передачи их на исполнение перевозчику такси, в том числе с применением аппаратно-программного комплекса и (или) мобильного приложения заказа такси;

      3) багажная квитанция – документ, подтверждающий заключение договора автомобильной перевозки багажа, а также прием перевозчиком багажа на хранение или для перевозки;

      4) багажный автомобиль – грузовой автомобиль для перевозки багажа (грузов) пассажиров на маршрутах регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа;

      5) бортовой журнал – пронумерованный и прошнурованный журнал, скрепленный печатью перевозчика, находящийся на автотранспортном средстве при осуществлении нерегулярных перевозок пассажиров и багажа, в который проставляются отметки о прохождении предрейсового технического осмотра автотранспортного средства и предрейсового и послерейсового медицинского освидетельствования водителя, по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      6) диспетчерская система – система, позволяющая непрерывно получать информацию в режиме реального времени о движении автотранспортных средств, осуществляющих регулярные перевозки пассажиров и багажа по согласованным маршрутам;

      7) оператор диспетчерской системы – физические или юридические лица, обеспечивающие организацию и функционирование диспетчерской системы;

      8) пункт посадки и высадки пассажиров (остановочный пункт) – обустроенный в соответствии с требованиями настоящих Правил участок придорожной полосы, предназначенный для остановки автотранспортных средств с целью посадки и высадки пассажиров;

      9) проездной документ (билет) – документ в бумажной или электронной форме, путем оформления которого заключается договор перевозки пассажира;

      10) опасные участки – участки автомобильных дорог, проезд по которым сопряжен с повышенным риском вовлечения в дорожно-транспортное происшествие или связан с существенными изменениями режима движения;

      11) расписание движения – документ (таблица, графическое отображение), содержащий сведения о месте и времени движения автобусов, микроавтобусов, троллейбусов по каждому остановочному пункту маршрута регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа;

      12) ручная мойка – мойка автотранспортных средств ручным способом с использованием аппаратов высокого давления подачи воды, систем водоснабжения и (или) воды с емкостей;

      13) маршрут – установленный путь следования автобуса, микроавтобуса, троллейбуса между определенными начальными, промежуточными и конечными остановочными пунктами;

      14) схема маршрута – графическое условное изображение маршрута с указанием остановочных пунктов, расстояний между ними, а также характерных ориентиров (развилок дорог, перекрестков, железнодорожных переездов, мостов и тоннелей);

      15) механизированная мойка – автоматическая мойка автотранспортных средств, состоящая из перемещаемых механизмов арочного типа, оснащенных устройствами для моющего состава и подачи воды, вращающимися и (или) перемещающимися щетками, а также устройством обдува;

      16) рейс – путь автобуса, микроавтобуса, троллейбуса от начального до конечного пункта маршрута;

      17) аппаратура спутниковой навигации – аппаратно-программное устройство, устанавливаемое на транспортное средство для определения его текущего местоположения, направления и скорости движения по сигналам глобальных навигационных спутниковых систем, обмена данными с дополнительным бортовым оборудованием, а также для обмена информацией по сетям подвижной радиотелефонной связи;

      18) перевозка такси – услуга по перевозке пассажиров и багажа легковым автомобилем, оказываемое за плату или по найму;

      19) перевозчик такси – индивидуальный предприниматель или юридическое лицо, оказывающие услуги по перевозке пассажиров и багажа такси;

      20) мобильное приложение заказа такси – программный продукт, используемый на абонентском устройстве сотовой связи и предоставляющий доступ к заказу такси и аренде транспортного средства с экипажем посредством услуг сотовой связи или Интернета;

      21) таксометр – устройство, предназначенное для расчета стоимости (цены) перевозки пассажиров и багажа такси;

      22) техническая остановка - остановка автобусов и микроавтобусов, не предусматривающая высадку с маршрута и посадку на маршрут пассажиров.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. По характеру организации автомобильные перевозки пассажиров и багажа подразделяются на регулярные, нерегулярные и перевозки такси.";

      дополнить пунктом 4-1 следующего содержания:

      "4-1. По административно-территориальному признаку внутриреспубликанские перевозки пассажиров и багажа подразделяются на:

      1) городские (сельские) – перевозки в пределах установленных границ населенного пункта;

      2) пригородные – перевозки по маршрутам, соединяющим населенный пункт с пригородной зоной протяженностью до пятидесяти километров, измеряемых от установленных границ населенного пункта;

      3) внутрирайонные – перевозки между населенными пунктами в пределах одного района;

      4) межрайонные (междугородные внутриобластные) – перевозки в пределах одной области, осуществляемые между населенными пунктами, находящимися в разных районах, или соединяющие населенные пункты с городами областного значения;

      5) междугородные межобластные – перевозки, осуществляемые между населенными пунктами, находящимися в разных областях, или соединяющие населенные пункты с городами республиканского значения, столицей.";

      пункты 7 и 8 изложить в следующей редакции:

      "7. Нерегулярная перевозка пассажиров автобусами, микроавтобусами, а также регулярная перевозка пассажиров автобусами, микроавтобусами в международном сообщении осуществляются автобусами, микроавтобусами, указанными в приложении к лицензии, выданному лицензиару.

      В случае изменения единицы подвижного состава автобусов, микроавтобусов, которыми осуществляется перевозка пассажиров, указанная в части первой настоящего пункта, приложение к лицензии подлежит переоформлению.

      Переоформление лицензии и (или) приложения к лицензии осуществляется в соответствии с пунктами 38 статьи 33 Закона Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях".

      8. Нерегулярные перевозки осуществляется по разовым заказам (заявкам) физических и юридических лиц. К таким перевозкам относятся: туристические, экскурсионные, по обслуживанию мероприятий.

      Разовые перевозки могут осуществляться на договорной основе в течение определенного периода.";

      дополнить пунктами 8-1, 8-2 и 8-3 следующего содержания:

      "8-1. К перевозкам пассажиров микроавтобусами допускаются водители, достигшие двадцатиоднолетнего возраста, имеющие право управления транспортными средствами подкатегории "D1" и стаж работы водителем не менее трех лет, в том числе стаж управления транспортными средствами, относящимися к категории "С", не менее одного года.

      8-2. К перевозкам пассажиров автобусами, имеющими более шестнадцати сидячих мест, помимо сиденья водителя, и троллейбусами допускаются водители, достигшие двадцатипятилетнего возраста, имеющие стаж работы водителем не менее пяти лет, в том числе стаж управления транспортными средствами, относящимися к подкатегории "D1", не менее трех лет.

      8-3. Общественный транспорт снабжается устройствами для посадки и высадки пассажиров-инвалидов.";

      дополнить пунктом 16-1 следующего содержания:

      "16-1. При одновременной подаче заявки на открытие новых международных маршрутов двумя и более перевозчиками: с расписанием в разнице движения автобусов по начальному и промежуточным пунктам протяженностью до 250 км составляет менее 15 минут и более 250 км составляет менее 1 часа, приоритет отдается перевозчику, который имеет наибольший опыт работы на данном виде сообщений.";

      пункты 33 и 34 изложить в следующей редакции:

      "33. На маршрутах регулярных городских (сельских) и пригородных автомобильных перевозок пассажиров и багажа разрешается в салоне автобуса, микроавтобуса провозить с собой бесплатно одну ручную кладь размером до 60х40х20 см и весом не более 20 кг, а также инвалидную коляску, одну пару лыж в чехле, детскую коляску или санки (только в автобусах).

      34. Ручная кладь, превышающая габаритные и весовые размеры, указанные в пункте 33 настоящих Правил, относится к багажу и подлежит перевозке в багажном отделении автобуса, микроавтобуса или в багажном автомобиле, сопровождающем автобус, микроавтобус.";

      пункт 41 изложить в следующей редакции:

      "41. Оплата проезда, провоза багажа на маршрутах регулярных городских и пригородных перевозок пассажиров и багажа производится пассажиром наличными деньгами кондуктору (водителю) или через систему электронной оплаты за проезд, включая посредством сети Интернет и устройств сотовой связи.";

      пункты 45 и 45-1 изложить в следующей редакции:

      "45. Оплата проезда и провоза багажа на маршрутах регулярных внутриреспубликанских перевозок пассажиров и багажа, за исключением городских (сельских) и пригородных, производится пассажиром в кассу автовокзала, автостанции, пункта обслуживания пассажиров, в том числе посредством электронной продажи, включая сети Интернет, при осуществлении поездки из начального пункта маршрута или кондуктору (водителю) при посадке на промежуточном пункте маршрута в соответствии с тарифом.

      45-1. Перевозчики соблюдают условия по содержанию и эксплуатации диспетчерской системы и системы электронной оплаты за проезд.";

      пункт 90 изложить в следующей редакции:

      "90. На регулярных перевозках пассажиров и багажа в международном сообщении перевозка пассажиров между пунктами на территории Республики Казахстан не осуществляется, за исключением перевозки пассажиров и багажа отечественными перевозчиками между населенными пунктами области Республики Казахстан, через которые осуществляется выезд в иностранное государство или въезд с иностранного государства не осуществляется.";

      дополнить пунктом 90-1 следующего содержания:

      "90-1. Предпринимательская деятельность по перевозке пассажиров, багажа автотранспортными средствами, зарегистрированными на территории иностранного государства, между пунктами, расположенными на территории Республики Казахстан, за исключением перевозки автотранспортными средствами, временно ввезенными на территорию Республики Казахстан, не осуществляется.";

      подпункт 3) пункта 162 изложить в следующей редакции:

      "3) наличие производственно-технической базы для хранения, технического обслуживания и ремонта подвижного состава (собственной, арендованной или обслуживающей по договору), расположенной на территории организатора конкурса;";

      подпункт 7) пункта 170 изложить в следующей редакции:

      "7) копии документов, подтверждающих возможность проведения необходимого комплекса работ по поддержанию подвижного состава в технически исправном состоянии в соответствии с требованиями, установленными Правилами технической эксплуатации автотранспортных средств, утвержденных приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 547 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12221), в том числе правоустанавливающие и правоудостоверяющие документы на производственно-техническую базу, расположенную на территории организатора конкурса, копии договора с медицинским работником на осуществление профилактического медицинского освидетельствования с приложением копии диплома о высшем или среднем медицинском образовании;";

      дополнить пунктом 204-1 в следующего содержания:

      "204-1. При осуществлении поездки на нерегулярных автомобильных перевозках пассажиров и багажа исключается:

      1) внесение исправлений в проездные документы;

      2) провоз багажа в салоне автобуса, микроавтобуса;

      3) курение, мусор, распитие спиртных напитков;

      4) отвлечение водителя разговорами, а также хождение по салону во время движения автобуса, микроавтобуса;

      5) перевозка огнеопасных, взрывчатых, отравляющих, легковоспламеняющихся, ядовитых, едких и зловонных веществ, огнестрельного оружия без чехлов и сопроводительных документов, а также предметов и вещей, которые наносят ущерб (загрязнение или повреждение) пассажирам либо оборудованию или оснащению салона автобуса.";

      наименование главы 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Порядок организации и осуществления перевозок пассажиров и багажа заказными автобусами и микроавтобусами";

      пункт 207 изложить в следующей редакции:

      "207. Перевозки пассажиров и багажа заказными автобусами и микроавтобусами носят систематический характер и осуществляются с целью доставки граждан к месту работы, учебы, а также для осуществления туристических и экскурсионных перевозок.";

      пункт 211 изложить в следующей редакции:

      "211. До начала осуществления деятельности индивидуальный предприниматель или юридическое лицо подает в местный исполнительный орган района, города областного значения, города республиканского значения, столицы уведомление о начале деятельности в качестве перевозчика такси в соответствии с Правилами приема уведомлений, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 января 2015 года № 4 (зарегистрирован в Реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 10194).

      Осуществление деятельности без соблюдения требований уведомительного порядка при организации перевозок пассажиров и багажа такси не допускается.

      Местный исполнительный орган района, города областного значения, города республиканского значения, столицы ведет реестр индивидуальных предпринимателей и юридических лиц, подавших уведомление о начале деятельности в качестве перевозчика такси.

      Исключение из реестра перевозчиков такси осуществляется по заявлению перевозчика, решению суда о запрещении деятельности, или при невыполнении перевозчиком такси требований настоящих Правил.";

      пункт 214 изложить в следующей редакции:

      "214. При организации перевозок пассажиров и багажа такси перевозчик такси обеспечивает:

      1) использовать для перевозок пассажиров и багажа такси, имеющие единую цветовую гамму и отличительные обозначения в соответствии с пунктами 341 настоящих Правил;

      2) прохождение предрейсового технического осмотра автотранспортных средств, а также предрейсового и послерейсового медицинского осмотра водителей такси лицом, имеющим диплом о высшем или среднем медицинским образовании, с которым заключен договор на осуществление медицинских осмотров;

      3) своевременную замену такси в случае его неисправности;

      4) информирование пассажира о стоимости (цене) услуги такси;

      5) на каждые тридцать такси не менее одного такси, приспособленного для перевозки инвалидов, использующих специальные средства передвижения;

      6) соблюдение режима труда и отдыха водителей такси;

      7) оформление путевой документации.";

      дополнить пунктом 214-1 следующего содержания:

      "214-1. При организации перевозок пассажиров и багажа такси перевозчик имеет право:

      1) использовать для стоянки такси, посадки и высадки пассажиров специально оборудованные стоянки такси;

      2) производить посадку и высадку пассажиров на любых участках дорожной сети с соблюдением требований правил дорожного движения;

      3) иметь информационно-диспетчерскую службу такси или заключить договор по информационно-диспетчерскому обслуживанию;

      4) оборудовать автотранспортное средство таксометром;

      5) представлять в местные исполнительные органы рекомендации по организации специально оборудованных стоянок такси.";

      подпункт 3) пункта 324 изложить в следующей редакции:

      "3) автобусы и микроавтобусы, используемые на маршрутах регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа, оборудуются аппаратурой спутниковой навигации с предоставлением информации организатору перевозок в режиме реального времени;";

      пункт 342 исключить;

      пункт 343 изложить в следующей редакции:

      "343. В салоне такси в поле зрения пассажиров устанавливается визитная карточка водителя с фотографией, указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии), а также информационное табло с указанием официального наименования перевозчика, его адреса и номера телефона.";

      пункты 394 и 395 изложить в следующей редакции:

      "394. Местные исполнительные органы районов, городов областного значения, города республиканского значения и столицы обеспечивают организацию и оборудование стоянок такси в (на) аэропортах, вокзалах, стационарных торговых объектах категории 1 и 2, торговых рынках, театрах, цирках, кинотеатрах, культурно-досуговых организациях (парки культуры и отдыха), а также площадях, проспектах, улицах, кварталах.

      395. Стоянки такси отделяются от стоянок других автомобилей специальными ограничительными линиями дорожной разметки или ограждениями и обозначаются дорожным знаком 5-14 "Место стоянки легковых такси", установленными местными исполнительными органами по согласованию с КАП.";

      пункт 399 исключить;

      дополнить пунктом 401 следующего содержания:

      "401. Информационно-диспетчерская служба такси, создаваемая иным лицом, не являющимся перевозчиком такси, заключает договор по информационно-диспетчерскому обслуживанию с перевозчиками такси, включенными в реестр индивидуальных предпринимателей и юридических лиц, подавших уведомление о начале деятельности в качестве перевозчика такси, в том числе осуществляющими перевозки такси по договору аренды автотранспортного средства с экипажем, заключенному посредством мобильного приложения заказа такси, и оказывает свои услуги при условии выполнения перевозчиком такси при осуществлении перевозок такси требований подпунктов 3) и 6) пункта 214 настоящих Правил.

      Сведения об индивидуальных предпринимателях и юридических лицах, подавших уведомление о начале деятельности в качестве перевозчика такси, размещаются в государственном электронном реестре разрешений и уведомлений.";

      пункт 402 изложить в следующей редакции:

      "402. Информационно-диспетчерская служба такси, создаваемая иным лицом, не являющимся перевозчиком такси, ведет учет заказов клиентов и передачи их водителю такси в бумажной или электронной форме.";

      пункт 3 приложения 8 изложить в следующей редакции:

      "3. Наличие производственно-технической базы, расположенной на территории организатора конкурса, для хранения, технического обслуживания и ремонта подвижного состава (собственная, арендуемая или обслуживание будет проводиться по договору), в том числе данные о наличии производственных корпусов с комплексами технического обслуживания и текущего ремонта, складских помещений, автостоянок, уборочно-моечных комплексов, контрольно-технических пунктов, административных зданий и бытовых корпусов.".

      2. Комитету транспорта Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
Р. Скляр

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан
"___" _________ 2019 год

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан
"___" _________ 2019 год

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной
экономики Республики Казахстан
"___" _________ 2019 год

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних
дел Республики Казахстан
"___" _________ 2019 год