Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.04.2020 № 26/қе (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11146 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
"Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ділманов Дархан Айтқалиұлына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры |
К. Мәсімов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
___________________
2019 жылғы "___" _________
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
___________________
2019 жылғы "___" _________
"Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырады.
2 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері – он бес жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы куәландырылған, электронды құжат нұсқасында "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) веб-порталдың: техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 15-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін).
9. Көрсетілетін қызметті алушы веб-порталы арқылы жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
1) қазақстандық кеменің капитаны (иесі) жасаған кеменің рөлі (бұдан әрі – тізімдер) қоса берілген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) қазақстандық кемеге меншік құқығы туралы куәліктің көшірмесі немесе қазақстандық кемені жалға алу шартының көшірмесі (теңіз кемелері үшін);
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәліктің көшірмесі (теңіз кемелері үшін);
4) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың көшірмесі;
5) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жұмысқа рұқсаттың көшірмесі;
6) кеме куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кемелер тізілімінде тіркелген кемелер үшін).
Көрсетілетін қызметті алушының құжатты қабылдауын растау "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберілген күні мен уақытын құрайтын өтінімнің нөмірі болып табылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен ақпараттардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген негіздер болған жағдайда, ҰҚК Шекара қызметі екі жұмыс күні ішінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша дәлелді бас тартуды рәсімдейді.
3 тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта байланысы немесе көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығы арқылы қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қабылданады.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, осындай шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығында тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдауды растау болып табылады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошта мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағым көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанында веб-портал арқылы беріледі. Веб-портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Веб-портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өтініш туралы ақпаратқа көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" қол жеткізе алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіпте сотқа жүгінеді.
4 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында: www.shekaraknb.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделеді.
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы алу үшін ЭЦҚ болуы қажет.
16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-91-55, 71-91-59, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Сериясы _______ № ___________ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат
1. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе жеке кәсіпкердің тегі, аты,
әкесінің аты, оның мекенжайы
_______________________________________________________________
2. Кеме иесінің атауы және мекенжайы _____________________________
_______________________________________________________________
3. Кеменің атауы ________________________________________________
4. Кеменің түрі __________________________________________________
5. Кеменің борттық нөмірі ________________________________________
6. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) ______________________
_______________________________________________________________
7. Кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы
_______________________________________________________________
8. Техникалық бақылау құралдарының түрі __________________________
_______________________________________________________________
9. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінде кеменің тіркелуі туралы мәлімет
______________________________________________________
10. Рұқсаттың қолданылу мерзімі _________________________________
11. Теңіз кәсіпшілігінің ауданы (аудандары) ________________________
12. Теңіз кәсіпшілігі өнімдерін кіргізу және түсіру үшін Қазақстан Республикасы теңіз
порттарының (орналасу пункттерінің)
тізбесі_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(Шекара қызметі әскери бөлімі командирінің қолы)
20__ жылғы "___" _________
Парақтың сыртқы жағы
Ерекше белгілер
1. Рұқсат тоқтатып қойылған күн __________________________________
2. Рұқсатты тоқтата тұрудың себептері _____________________________
_______________________________________________________________
3. Рұқсат қайта жаңартылған күн __________________________________
Рұқсаттың күші жойылғаны туралы белгі
1. Рұқсаттың күші жойылған күні _________________________________
2. Рұқсаттың күшін жою себептері ________________________________
______________________________________________________________

Шекара қызметі әскери бөлімінің белгілері _________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беру (ұзарту) туралы өтініш
Кімге ________________________________________________________________
(Шекара қызметі әскери бөлімінің атауы)
Кімнен ________________________________________________________________
(заңды тұлғаның заңды мекенжайы көрсетілген толық атауы немесе
________________________________________________________________
дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), оның мекенжайы)
________________________________________________________________
Мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында балық өнімдері мен өзге де өнімді сату немесе өндіру үшін теңіз кәсіпшілігі өнімдерін жеткізу болып табылатын кәсіпшілік қызмет жүргізілген жағдайда кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) шетелдік кемелерге, сондай-ақ шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге ауыстырып тиемей
__________________________________________________________________________
(балық кәсіпшілігі ауданы көрсетіледі) ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алуға (ұзартуға) өтінішті қарауды сұраймын.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алуға мәлімделген кемелер туралы мәліметтер ______ парақта келтірілген.
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(заңды тұлға басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)
20 __ жылғы "__" _________
Өтінішке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алуға мәлімделген қазақстандық кеме туралы мәліметтер
1. Кеменің атауы __________________________________________________
2. Кеменің типі ____________________________________________________
3. Кеменің борттық нөмірі __________________________________________
4. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасқан пункті) ______________________
5. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінде кеменің тіркелуі туралы
мәліметтер: __________________________________________________________
6. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың нөмірі, алынған орны, күні және оның
қолданылу мерзімдері _______________________________________
7. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты,
әкесінің аты, оның мекенжайы _________________________________
8. Кеменің меншік иесінің атауы және мекенжайы _____________________
________________________________________________________________
9. Квоталар иесінің атауы және мекенжайы ___________________________
________________________________________________________________
10. Кеме капитанының (иесінің) тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы
_________________________________________________________________
11. Техникалық бақылау құралдарының типі __________________________
12. Кәсіпшілік қызмет жүргізу ауданы (аудандары) _____________________
________________________________________________________________
13. Кеме кәсіпшілік ауданына баратын кезде Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуінің болжамды координаталары мен мерзімдері
________________________________________________________________
Кеме кәсіпшілік ауданына шығатын және кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) жеткізуі
мен түсіруі үшін кіретін Қазақстан Республикасының теңіз порты (орналасу пункті)
________________________________________________________________
(заңды тұлға басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)
20 __ жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беруден (ұзартудан) бас тарту туралы хабарлама
1. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты,
әкесінің аты, оның мекенжайы _____________________________________
2. Кеме иесінің атауы және мекенжайы
____________________________________________________________________
3. Кеменің атауы _______________________________________________
4. Кеменің типі _________________________________________________
5. Кеменің борттық нөмірі _______________________________________
6. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) _____________________
7. Кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы ________
___________________________________________________________
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат
беруден (ұзартудан) бас тарту себептері ________
______________________________________________________________
(Шекара қызметі әскери бөлімі командирінің қолы)
20 __ жылғы "___" _________
"Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері – он жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы куәландырылған, электронды құжат нұсқасында "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) веб-порталдың: техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 15-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін).
9. Көрсетілетін қызметті алушы веб-порталы арқылы жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға ұсыныс, онда жұмыс жүргізудің немесе іс-шаралар өткізудің сипаты, орны, қатысушылары, уақыты, кәсіпшілік және өзге де кемелерде пайдаланылатын көлік және өзге де техникалық құралдар туралы, ал қажет болған жағдайларда, егер бұл шектес мемлекетпен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында ескертілсе, мемлекеттік шекараны кесіп өту орны мен уақыты туралы мәліметтер көрсетіледі;
2) тиісті уәкілетті органдардың шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізуге, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге іс-шараларды өткізуге рұқсат құжаттарының көшірмесі;
3) жеке тұлға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Көрсетілетін қызметті алушының құжатты қабылдауын растау "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберілген күні мен уақытын құрайтын өтінімнің нөмірі болып табылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен ақпараттардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген негіздер болған жағдайда, ҰҚК Шекара қызметі үш жұмыс күні ішінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша дәлелді бас тартуды рәсімдейді.
3 тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда почта байланысы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қабылданады.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, осындай шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығында тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдауды растау болып табылады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – оның атауы, мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағым көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанында веб-портал арқылы беріледі. Веб-портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Веб-портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өтініш туралы ақпаратқа көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" қол жеткізе алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделеді.
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы алу үшін ЭЦҚ болуы қажет.
14. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіпте сотқа жүгінеді.
4 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
15. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында: www.shekaraknb.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде орналастырылған.
16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-91-55, 71-91-59, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
"Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
|
Нысан |
Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама
РҰҚСАТТАМА түбіршегінің №_____ |
РҰҚСАТТАМА №_____ |
"Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
|
Нысан |
ҰСЫНЫС (ПРЕДСТАВЛЕНИЕ)
Тізімге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына
(шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға)
_____________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс)
шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама (лар) беруді сұраймын
(Прошу выдать пропуск (а) на въезд и пребывание в пограничную полосу гражданам
Республики Казахстан (иностранцам и лицам без гражданства) согласно списку)
__________________________________________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс) (населенный пункт, район, область)
Мақсаты (цель)
_______________________________________________________________
Уақыты (время)
______________________________________________________________
Шекаралық белдеуге рұқсаттамалар алатын Қазақстан Республикасы азаматтарының (шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың) тізімі
(Список граждан Республики Казахстан (иностранцев, лиц без гражданства) на получение пропуска в пограничную полосу)
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Туған жылы, айы, күні | Тұратын жерінің мекенжайы | Жұмыс орны, лауазымы | Жеке басын куәландыратын құжаттың № | Азаматтығы |
(№ п/п) | Фамилия, имя, отчество (при его наличии) | (Число, месяц, год рождения) | (Адрес места жительства) | (Место работы, должность) | (№ документа, удостоверяющего личность) | (Гражданство) |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 |
Шекаралық белдеуде техникалық құралдар тартылатын болады:
В пограничной полосе будут задействованы технические средства:
Р/с № |
Техникалық құралдардың атауы |
Мемлекеттік тіркеу нөмірі |
Жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) |
Иесі |
1 | ||||
2 |
Ұсынысқа мынадай құжаттар қоса беріледі
(К представлению прилагаются следующие документы)
____________________________________________________________________
Өтініш білдірушінің электрондық мекенжайы (электронный адрес заявителя)
____________________________________________________________________
Мен ұсынылған деректердің дұрыстығына дербес жауап беремін (я несу персональную
ответственность за достоверность представленных данных)

лауазымы (должность)
____________________________________________________________________
(күні, айы және жылы) (дата, месяц, год)
"Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша |
|
Нысан |
ӨТІНІШ (ЗАЯВЛЕНИЕ)
Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама беруді сұраймын
(Прошу выдать пропуск на въезд и пребывание в пограничной полосе)
__________________________________________________________________________
(елдімекен, аудан, облыс) (населенный пункт, район, область)
Мақсаты (цель) ____________________________________________________________
Уақыты (время) __________________________________________________________
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын (о себе сообщаю следующие
сведения)
Тегі (фамилия) ___________________________________________________________
Аты (имя) _______________________________________________________________
Әкесінің аты, болған жағдайда (отчество, при его наличии) _____________________
Туған жылы мен жері (год и место рождения) _________________________________
Жұмыс орны (место работы) ______________________________________________
(ұйымның атауы және лауазымы) (наименование организации и должность)
Жеке басын куәландыратын құжаты (документ, удостоверяющий личность)
_____________ № __________________ 20__ ж. "______"__________
_______________________________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы және күні)
(дата и наименование органа, выдавшего документ, удостоверяющий личность)
Тұрғылықты жері (местожительство) ________________________________________
Өзіммен бірге балаларым барады (со мной следуют дети) ______________________
(аты және жасы) (имя и возраст) ___________________________________________
Өтініш білдірушінің электрондық мекенжайы (Электронный адрес заявителя) ________
Мен ұсынылған деректердің дұрыстығына дербес жауап беремін (я несу персональную
ответственность за достоверность представленных данных)
_______________________________________________________________________
(Күні, айы және жылы) (дата, месяц, год)
ХАБАРЛАМА
__________________________________________________
Сіздің 20___ жылғы ____ __________ өтінішіңізге (ұсынысыңызға), құжаттарды толық
көлемде ұсынбауға немесе өтініште (ұсыныста) дұрыс емес мәліметтерді:
_________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
көрсетуге байланысты шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама беруден бас тартатынымыз туралы хабарлаймыз.
(На Ваше заявление (представление) от __ _____ 20 ___ года уведомляем об отказе в выдаче пропуска на въезд и пребывание в пограничной полосе в связи представлением докуметов не полном объеме либо указание в заявлении (представлении) не достоверных сведений:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
0000 әскери бөлімінің командирі (командир воинской части 0000)
_________________________________________________________________
лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
қолы 20___ жылғы ____ ___
(подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии).
должностного лица) (күні, айы және жылы) (дата, месяц, год)
"Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырады.
2 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері – он бес жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы куәландырылған, электронды құжат нұсқасында "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) веб-порталдың: техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 15-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін).
9. Көрсетілетін қызметті алушы веб-порталы арқылы жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуы үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларға адамдардың тізімін қоса бере отырып рұқсат алуға ұсыныс;
2) тиісті уәкілетті органдардың аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізуге рұқсат құжаттарының көшірмесі.
Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) ғылыми зерттеулер және (немесе) іздестіру қызметін жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті берушіге қосымша:
1) жобаның сипаты және мақсаты, ғылыми жабдықтың сипаттамасы;
2) кемелердің атауын, типін және сыныбын, аудандар бойынша нақты географиялық деректерді қоса алғанда, пайдаланылатын әдіс пен құралдар;
3) зерттеу жүргізетін кемелер келетін және кететін немесе тиісті жағдайларда жабдықтар орналастырылатын және алып тасталатын күн;
4) жобаға жауапты ұйымның атауы, басшы немесе адам туралы толық мәлімет ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушының құжатты қабылдауын растау "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберілген күні мен уақытын құрайтын өтінімнің нөмірі болып табылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен ақпараттардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген негіздер болған жағдайда, ҰҚК Шекара қызметі екі жұмыс күні ішінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша дәлелді бас тартуды рәсімдейді.
3 тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта байланысы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қабылданады.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, осындай шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығында тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдауды растау болып табылады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – оның атауы, мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағым көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанында веб-портал арқылы беріледі. Веб-портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Веб-портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өтініш туралы ақпаратқа көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" қол жеткізе алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделеді.
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы алу үшін ЭЦҚ болуы қажет.
14. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіпте сотқа жүгінеді.
4 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
15. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында: www.shekaraknb.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде орналастырылған.
16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-91-55, 71-91-59, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама
РҰҚСАТТАМА түбіршегінің №___ |
РҰҚСАТТАМА №___ |
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар алуға ұсыну
ҰСЫНУ (ПРЕДСТАВЛЕНИЕ)
Теңізге шығуға рұқсаттама беруді сұраймын ________________________________________ |
(екінші беті)
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығу үшін рұқсаттамалар алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының (шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың) тізімі
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Туған жылы, күні, айы | Тұратын жерінің мекен жайы | Жұмыс орны, лауазымы | Жеке басын куәланды ратын құжаттың № | Азамат тығы | Ескертпе |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 |
Барлығы: ____________________________________________________________
(адамдардың жалпы саны – жазбаша)
Бұл ретте техникалық құралдар тартылатын болады:
Р/с № | Техникалық құралдардың атауы | Мемлекеттік тіркеу нөмірі | Тегі, аты, әкесінің аты капитанның (болған жағдайда) | Ескертпе |
1 | ||||
2 |
Қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама беруден бас тарту туралы хабарлама
ХАБАРЛАМА
20___жылғы "____" ______ Сіздің өтінішіңізге |