"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2019 жылғы 19 тамыздағы № 895 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 тамызда № 19266 болып тіркелді. Бұйрық 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етті.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 31.12.2019 дейін (осы бұйрықтың 3 т. қараңыз).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі:

      мынадай мазмұндағы 187-3-тармақпен толықтырылсын:

      "187-3. Мемлекеттік мекеменің берешекті өтеуге шарт жасасу жолымен мемлекеттік мекеменің есептілігінде оларды көрсеткен жағдайда ағымдағы қаржы жылында қосымша бөлінген қаражат есебінен жол қозғалысы және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында халыққа көрсетілген мемлекеттік қызмет үшін ағымдағы қаржы жылының берешегін төлеуіне жол беріледі.

      Ол үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне берешекті өтеуге шарт пен берешек өтелетін айдың 1-не берешектің бар екенін және сомасын растайтын салыстырып тексеру актісінің түпнұсқасы мен көшірмелерін ("Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде түпнұсқадан сканерленген түрін) қоса бере отырып (тіркей отырып) берешек сомасына азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінім ұсынады. Салыстырып тексеру актісіне мемлекеттік мекеме мен өнім берушінің басшылары қол қоюы тиіс.

      Сондай-ақ жол қозғалысы және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында халыққа көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша берешектің қалыптасу себебін көрсете отырып, түсіндірме жазба қоса беріледі.

      Жол қозғалысы және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында халыққа көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша берешектің өтелуі берешек пайда болған ерекшелік бойынша жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (Ерназарова З.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді және ресми жариялануға жатады.

      Қаржы министрінің міндетін атқарушы Б. Шолпанкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

О внесении дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания"

Приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 19 августа 2019 года № 895. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 августа 2019 года № 19266. Срок действия приказа - до 31 декабря 2019 года

      Примечание ИЗПИ.

      Срок действия приказа - до 31.12.2019 (п.3 приказа).
      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие настоящего приказа см. п. 3.

      В соответствии с пунктом 8 статьи 82 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9934) следующее дополнение:

      Правила исполнения бюджета и его кассового обслуживания, утвержденные указанным приказом:

      дополнить пунктом 187-3 следующего содержания:

      "187-3. Допускается оплата государственным учреждением задолженности текущего финансового года за оказанные государственные услуги населению в сфере дорожного движения и обеспечения его безопасности за счет дополнительно выделенных средств в текущем финансовом году при условии отражения их в отчетности государственного учреждения, путем заключения договора на погашение задолженности.

      Для этого государственное учреждение представляет в территориальное подразделение казначейства заявку на регистрацию гражданско-правовой сделки на сумму задолженности с приложением (прикреплением) оригинала и копии (при обслуживании по ИС "Казначейство-Клиент" - сканированного образа с оригинала) договора на погашение задолженности и акта сверки, подтверждающего наличие и сумму задолженности на 1 число месяца, в котором погашается задолженность. Акт сверки должен быть подписан руководителями государственного учреждения и поставщика.

      Также прилагается пояснительная записка с указанием причины образования задолженности по оказанным государственным услугам населению в сфере дорожного движения и обеспечения его безопасности.

      Задолженность по оказанным государственным услугам населению в сфере дорожного движения и обеспечения его безопасности погашается по той же специфике, по которой образовалась задолженность.".

      2. Департаменту бюджетного законодательства Министерства финансов Республики Казахстан (Ерназарова З.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня государственной регистрации, действует до 31 декабря 2019 года и подлежит официальному опубликованию.

      Первый заместитель
Министра финансов
Б. Шолпанкулов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан