Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 10.11.2020 № 618 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" 2017 жылғы 16 қазандағы № 646қбпү қаулысының Жарлығының 29 қосымшасы 4 тармағы, "Азаматтық қызметшілерге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 2-тармағы 4) - тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамына парашютпен секіргені үшін үстемеақы (қосымша ақы) төлеу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 10.11.2020 № 618 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
4. Бұйрық лауазымды тұлғаларына, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майоры |
Н. Ермекбаев |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 687 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамына парашютпен секіргені үшін үстемеақы (қосымша ақы) төлеу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 10.11.2020 № 618 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамына парашютпен секіргені үшін үстемеақы (қосымша ақы) төлеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамына парашютпен секіргені үшін үстемеақы (қосымша ақы) төлеу тәртібін айқындайды.
2. Шетелде білім алатын, оның ішінде шетелде курстық даярлықтан өтетін жеке құрамға үстемеақы (қосымша ақы) төлеу қабылдаушы тараптың халықаралық шарттарына (келісімдерге, келісімшарттарға) сәйкес қабылданған ақшалай ризықты (стипендияларды) және басқа да төлемдерді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерге сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Парашютпен секіргені үшін үстемеақы (қосымша ақы) төлеу тәртібі
3. Үстемеақы (қосымша ақы) мынадай жағдайларда күнтізбелік жыл ішінде жауынгерлік (оқу-жаттығу) даярлық жоспары бойынша парашютпен секіргені үшін, сондай-ақ мәжбүрлі, оның ішінде катапульттену әдісімен парашютпен секіргені үшін төленеді:
1) ағымдағы жылы 1 – 6 ретке дейін парашютпен секірген кезде – күніне базалық лауазымдық айлықақыдан 1 (бір) процент мөлшерінде;
2) ағымдағы жылы 7 – 12 ретке дейін парашютпен секірген кезде – күніне базалық лауазымдық айлықақыдан 2 (екі) процент мөлшерінде;
3) ағымдағы жылы 13 – 25 ретке дейін парашютпен секірген кезде – күніне базалық лауазымдық айлықақыдан 4 (төрт) процент мөлшерінде;
4) ағымдағы жылы 26 – 50 ретке дейін парашютпен секірген кезде – күніне базалық лауазымдық айлықақыдан 6 (алты) процент мөлшерінде;
5) ағымдағы жылы 51 – 100 ретке дейін парашютпен секірген кезде – күніне базалық лауазымдық айлықақыдан 8 (сегіз) процент мөлшерінде;
6) ағымдағы жылы 101 рет және одан астам парашютпен секірген кезде – күніне базалық лауазымдық айлықақыдан 10 (он) процент мөлшерде.
Үстемеақы (қосымша ақы) төлеу және оны төлеу мөлшерін өзгерту тиісті секіру жасалған күннен бастап жүзеге асырылады және күнтізбелік жылдың соңына дейін осы мөлшерде төленеді.
4. 3-тармақта көрсетілген үстемеақы (қосымша ақы) мөлшері :
1) күніне базалық лауазымдық айлықақыдан 1 (бір) процентке – парашюттік-десанттық (әуе-десанттық) даярлық нұсқаушыларына;
2) күніне базалық лауазымдық айлықақыдан 2 (екі) процентке – парашюттік спорт түрлерінен "Спорт шебері" атағынан төмен емес спорттық атағы бар адамдарға қосымша ұлғайтылады.
Үстемеақының (қосымша ақының) жалпы мөлшері күніне базалық лауазымдық айлықақыдан 10 проценттен аспауға тиіс.
5. Үстемеақы (қосымша ақы) әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығы негізінде онда өткен ай үшін ағымдағы айда секірген күнді және олардың кезектілігін көрсете отырып төленеді. Желтоқсанда үстемеақы (қосымша ақы) қараша және желтоқсан үшін төленеді.
Бұйрық шығару үшін негіздеме парашютпен секіргені туралы мәліметтер (жоспарлы кестелер, тізімдер, анықтамалар, сертификаттар, жарыстар (сайыстар) хаттамалары) болып табылады.
Үстемеақы (қосымша ақы) төлеу бойынша тиісті есептеуді жүргізу әскери бөлім командирі (мекеме бастығы) тағайындаған адамдарға жүктеледі.
6. Жауынгерлік (оқу-жаттығу) даярлық жоспарына қосымша үстемеақы (қосымша ақы) төлеумен жылына 50 ретке дейін парашютпен секіруге рұқсат етіледі:
1) оқу-жаттығуларда, көрнекі өнер көрсетулерде және оларға дайындалу бойынша жаттықтыруларда парашютпен секірген кезде;
2) арнайы, оқу-жаттығу, оқу-жаттықтыру (оқу-әдістемелік) және тексеру жиындарында парашютпен секірген кезде;
3) бақылау сабақтарында және әскерлерді тексеру (инспекциялау) кезінде парашютпен секірген кезде;
4) арнайы тапсырма бойынша парашютпен секірген кезде;
5) "қанат" типті парашюттік жүйемен парашютпен секірген кезде;
6) сынау және эксперименттік парашютпен секіру, парашюттік даярлық бағдарламаларын алдын ала сынап тексеру кезінде;
7) парашюттік спорттан жарыстарға дайындалу және оған қатысу кезінде.