Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу қағидаларын және олар бойынша есептілікті жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 17 қыркүйекте № 19383 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-169/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.10.2020 № ҚР ДСМ-169/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 151-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар бойынша есептілікті жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. "Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу қағидаларын және олар бойынша есептілікті жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 451 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12083 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы Л. Актаева

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2019 жылғы 16 қыркүйектегі
№ ҚР ДСМ-127 бұйрыққа
1-қосымша

Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Тіркеу қағидалары) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген және халық арасындағы инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар және уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Инфекциялық және паразиттік аурулар жағдайларын тіркеу және есепке алу тәртібі

      2. Халық арасындағы инфекциялық және паразиттік аурулар жағдайларын тіркеу және есепке алу науқастың тұрғылықты жеріне қарамастан, аурудың анықталған орны бойынша жүргізіледі.

      3. Медициналық ұйымдарда және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тіркеу мен есепке алынуға жататын халықтың арасындағы инфекциялық және паразиттік аурулардың тізбесінің 1, 2 - тармақтарына сәйкес инфекциялық және паразиттік аурулар жеке есепке алынуға жатады.

      Жеке есепке алынуға жататын инфекциялық және паразиттік аурулардың (күдікті) әрбір жағдайына "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі – № 907 бұйрық) № 090/е нысаны бойынша хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) толтырылады, ол 12 сағаттың ішінде аурудың тіркелген жері бойынша (науқастың тұрғылықты жеріне қарамастан) аумақтық бөлімшеге жіберіледі. Ақпарат 3 сағаттың ішінде телефон арқылы аумақтық бөлімшеге хабарланады.

      Медициналық ақпараттық жүйе болған кезде хабарлама электрондық түрде жүргізіледі.

      4. Обамен, тырысқақпен, сары қызбамен, Денге қызбасымен, Батыс Ніл қызбасымен, Конго-Қырым геморагиялық қызбасымен, шұбар қызбамен, Эбола қызбасымен, Зика қызбасымен, шистозомоздармен, туберкулезбен, трихофитиямен, микроспориямен, фавуспен, қышымамен, адамның иммун тапшылығы вирусы тудырған симптомсыз инфекциялық мәртебесі және адамның иммун тапшылығы вирусынан туындайтын аурумен (бұдан әрі – АИТВ инфекциясы) және Қазақстан Республикасында бұрын тіркелмеген инфекциялық аурулар жағдайларын тіркеу және есепке алу мынадай схема бойынша жүргізіледі:

      1) адамның обамен, тырысқақпен, сары қызбамен, Денге қызбасымен, Батыс Ніл қызбасымен, Конго-Қырым геморагиялық қызбасымен, шұбар қызбамен, Эбола қызбасымен, Зика қызбасымен, шистозомоздармен және Қазақстан Республикасында бұрын тіркелмеген инфекциялық аурудың әрбір жағдайы және оларға күдіктену туралы науқасты анықтаған медицина қызметкері 3 сағаттың ішінде аумақтық бөлімшеге хабарлама жібереді. Сондай-ақ денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына кезектен тыс хабарлама жіберіледі;

      2) оқшауланудың барлық түріндегі белсенді туберкулез диагнозы өмірінде алғаш рет қойылған әрбір науқасқа хабарлама толтырылады, ол күнтізбелік 3 күннің ішінде аудандық (қалалық) туберкулезге қарсы диспансерге (бөлімшеге, кабинетке) және аумақтық бөлімшеге жіберіледі. Өліміне себепші болған "Белсенді туберкулез" диагнозы қайтыс болғаннан кейін анықталған жағдайда, дәрігер-фтизиатр диагнозын растауы және аумақтық бөлімшеге хабарлама беруі қажет.

      Туберкулездің бациллярлық түрімен ауыратын науқастар анықталған жағдайда, туберкулездің белсенді емес түрімен ауыратын науқастарда бацилла бөлу пайда болған кезде, сондай-ақ тірі кезінде есепке тұрмаған науқастар туберкулезден қайтыс болған жағдайда хабарлама толтырылады, ол 24 сағаттың ішінде науқастың тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшеге жіберіледі.

      Аудандық (қалалық) туберкулезге қарсы диспансер (бөлімше, кабинет) ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың екінші күніне аумақтық бөлімшеге алынған хабарламаның негізінде белсенді туберкулезбен ауыратын жаңадан анықталған науқастардың саны туралы жиынтық мәліметтерді салыстыру үшін жібереді.

      3) АИТВ инфекциясы жағдайларын есепке алуды және тіркеуді АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары жүргізеді.

      4) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың екінші күні аумақтық бөлімшеге АИТВ инфекциясының жаңадан анықталған жағдайларының саны туралы жиынтық мәліметтерді хабарлайды.

      Денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық көмек көрсетумен байланысты, пациенттерде, донорларда, қан реципиенттерінде, оның компоненттері мен препараттарында, тіндерде (тіндердің бөліктерінде) және (немесе) ағзаларда (ағзалардың бөліктерінде) анықталған АИТВ-ның әрбір жағдайына АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары 12 сағаттың ішінде аумақтық бөлімшеге хабарлама жібереді.

      4) микроспория, трихофития, фавус, қышыманың әрбір жағдайына және оларға күдіктену кезінде хабарлама екі данада толтырылады, бір данасы аумақтық бөлімшеге, екіншісі – күнтізбелік 3 күннің ішінде аудандық (қалалық) тері-венерологиялық диспансеріне (бөлімше, кабинет) жіберіледі.

      5. Медициналық ұйымдарда осы Тіркеу қағидаларына қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тіркеу мен есепке алынуға жататын халықтың арасындағы инфекциялық және паразиттік аурулардың тізбесінің 3-тармағына сәйкес инфекциялық және паразиттік аурулар жеке есепке алынуға және жиынтық есепке алынуға жатады.

      Тұмаумен, оқшаулануы көптеген немесе нақтыланбаған жоғарғы тыныс алу жолдарының жіті инфекцияларымен, адамның иммун тапшылығы вирусы тудырған ауру және адамның иммун тапшылығы вирусы тудырған симптомсыз инфекциялық мәртебесі және басқа да функционалдық ішек бұзылулары жағдайларында хабарлама берілмейді, осы ауруларды есепке алу амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда жүргізіледі.

      Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың екінші күніне аумақтық бөлімшеге телефон арқылы науқастардың саны туралы жиынтық деректерді хабарлайды.

      6. Денсаулық сақтау ұйымдарында хабарламаны меншік нысанына және ведомcтволық тиістілігіне қарамастан ауруды анықтаған немесе оған күдіктенген медицина қызметкері, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар толтырады.

      7. Фельдшерлік-акушерлік пункттің, медициналық пункттің медицина қызметкерлері хабарламаны екі данада толтырады: бірінші данасы аумақтық бөлімшеге, екіншісі – қарамағында осы фельдшерлік-акушерлік пункті, медициналық пункті бар медициналық ұйымға (учаскелік, аудандық, қалалық ауруханаға, амбулаторияға, емханаға және басқаға) жіберіледі.

      8. Білім беру ұйымдарына баратын балалардың арасындағы ауруларды есепке алу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) білім беру ұйымына қызмет көрсететін медицина персоналы хабарламаны осы ұйымның персоналы инфекциялық немесе паразиттік ауруды анықтаған (күдіктенген) жағдайда аумақтық бөлімшеге жібереді;

      2) медициналық ұйымдардың медициналық персоналы білім беру ұйымдарына баратын балаларда инфекциялық немесе паразиттік аурулар анықталған (күдіктенген) кезде хабарламаны аумақтық бөлімшеге жібереді;

      3) жаз мезгілінде қаланың сыртындағы аймаққа шыққан балалардың сауықтыру ұйымдарына қызмет көрсететін медицина қызметкерлері хабарламаны жаз мезгіліндегі сауықтыру ұйымының уақытша орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшесіне жібереді.

      9. Инфекциялық немесе паразиттік ауруды анықтаған немесе оған күдіктенген жедел медициналық көмек ұйымының медицина қызметкерлері анықталған науқас туралы қызмет көрсету ауданында науқас тұратын емханаға (амбулаторияға) хабарлайды. Науқас емдеуге жатқызылмаған жағдайларда хабарламаны аумақтық бөлімшеге науқастың үйіне баратын емхананың медицина қызметкері, науқас емдеуге жатқызылған жағдайларда – стационардың медицина қызметкері жібереді.

      10. Инфекциялық аурулармен ауыратын (инфекциялық ауруға күдікті) науқастардың стационарлық емдеуге келіп түсуі, инфекциялық ауру диагнозын нақтылау немесе өзгерту туралы ақпаратты ұсыну мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) инфекциялық аурулар ауруханасы (инфекциялық аурулар бөлімшесі бар көп бейінді аурухана) ауданында науқасты емдеуге жатқызуға жіберген медициналық ұйым орналасқан аумақтық бөлімшеге науқас келіп түскен сәттен бастап 12 сағаттың ішінде инфекциялық аурулармен ауыратын науқастардың түсуі туралы хабарлайды;

      2) диагнозды нақтылаған немесе өзгерткен медициналық ұйым жаңа хабарлама толтырады және өзгертілген (нақтыланған) диагнозды, оны қойған күнін, бастапқы диагнозбен зертханалық зерттеу нәтижелерін көрсете отырып, 12 сағаттың ішінде оны аумақтық бөлімшеге жібереді.

      11. Меншік нысанына қарамастан барлық медициналық ұйымдарда, ұйымдардың медициналық кабинеттерінде № 907 бұйрықпен бекітілген, науқас туралы мәліметтер енгізілетін № 060/е нысан бойынша инфекциялық ауруларды тіркеу журналы жүргізіледі.

      12. Медициналық ұйымдарда инфекциялық және паразиттік ауруларды тіркеу, есепке алу үшін мыналар жауапты болып табылады:

      1) медициналық ұйымда – басшы;

      2) білім беру ұйымдарында, сауықтыру ұйымдарында – осы ұйымның медицина қызметкері.

      13. Аумақтық бөлімшелерде инфекциялық және паразиттік ауруларды есепке алу одан әрі хабарламамен расталған инфекциялық немесе паразиттік аурудың (күдіктенудің) анықталуы туралы телефон арқылы хабарлау негізінде жүргізіледі.

      14. Аумақтық бөлімше өзінің аумағында басқа өңірлерден келген адамдарда инфекциялық немесе паразиттік ауру жағдайы анықталған жағдайда аурулардың ошақтарында тиісті санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін науқастардың тұрақты тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшесін хабардар етеді.

3-тарау. Кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу және есепке алу тәртібі

      15. Аумақтық бөлімшелерде жіті және созылмалы кәсіптік аурулар мен уланулар хабарлама негізінде тіркеуге және есепке алынуға жатады.

      16. Жіті кәсіптік ауру мен уланудың әрбір жағдайына осы ауруды анықтаған немесе күдіктенген дәрігер хабарламаны толтырады, оны 12 сағаттың ішінде аумақтық бөлімшеге және науқастың (зардап шеккеннің) жұмыс істейтін жері бойынша ұйымның басшысына (жұмыс берушіге) жіберіледі. Ақпарат 3 сағаттың ішінде телефон арқылы аумақтық бөлімшеге хабарланады.

      17. Диагноз нақтыланған немесе өзгерген кезде медициналық ұйым жаңа хабарламаны толтырады және 24 сағаттың ішінде науқастың (зардап шеккеннің) жұмыс істейтін жері бойынша аумақтық бөлімшесіне және ұйымның басшысына (жұмыс берушіге) жібереді, бұл ретте өзгертілген (нақтыланған) диагноз, оның қойылған күні, бастапқы диагнозы көрсетіледі.

      18. Алғаш рет анықталған созылмалы кәсіптік ауру (интоксикация) туралы хабарлама кәсіптік патология орталықтарында және кәсіптік аурулар клиникаларында толтырылады. Түпкілікті диагноз қойылғаннан кейін хабарлама күнтізбелік 3 күннің ішінде науқастың (зардап шеккеннің) жұмыс істейтін жері бойынша аумақтық бөлімшесіне және науқастың (зардап шеккеннің) жұмыс орны бойынша ұйымның басшысына (жұмыс берушіге), сондай-ақ науқасты (зардап шеккенді) жолдаған медициналық ұйымға жіберіледі. Алғаш рет анықталған созылмалы кәсіптік ауру (интоксикация) туралы хабарлама науқастың зиянды өндірістік факторлармен байланыста болған соңғы жұмыс орны бойынша жіберіледі.

      19. Кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеуді және есепке алуды науқастың (зардап шеккеннің) зиянды өндірістік факторлармен байланыста болған негізгі жұмыс орны бойынша аумақтық бөлімшелері жүргізеді.

      20. Аумақтық бөлімшелерде Кодекстің 7-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша Кәсіптік ауруды (улануды) есепке алу картасы жүргізіледі.

      21. Аумақтық бөлімшелерде, денсаулық сақтау ұйымдарында, кәсіптік патология орталықтарында Кодекстің 7-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша кәсіптік ауруларды (улануларды) тіркеу журналы жүргізіледі.

  Инфекциялық, паразиттік,
кәсіптік аурулар мен уланулар
жағдайларын тіркеу, есепке
алуды жүргізу қағидаларына
қосымша

Қазақстан Республикасында тіркеу мен есепке алуға жататын халықтың арасындағы инфекциялық және паразиттік аурулардың тізбесі

      1. Медициналық ұйымдарда және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелерде) жеке есепке алынуға жататын инфекциялық аурулар:

      1) тырысқақ (А00);

      2) іш сүзегі (А01.0);

      3) А, В, С, нақтыланбаған қылауы (А01.1-А01.4);

      4) басқа да сальмонеллез инфекциялары (А02);

      5) шигеллез (бактериялық дизентерия) (АОЗ);

      6) басқа да бактериялық ішек инфекциялары (А04.0-04.5; А04.7-А04.9);

      7) Yersіnіa enterocolіtіca тудырған энтерит (иерсиниоз) (А04.6);

      8) басқа айдарларда аурулардың себебі ретінде жіктелмеген басқа да бактериялық тамақтан уланулар (А05);

      9) амебиаз (А06);

      10) вирусты және басқа да нақтыланған ішек инфекциялары (А08);

      11) ротавирусты энтерит (А08.0);

      12) туберкулез (А15-А19);

      13) оба (А20);

      14) туляремия (А21);

      15) күйдіргі (А22);

      16) бруцеллез (А23);

      17) лептоспироз (А27);

      18) пастереллез (А28.0);

      19) листериоз (А32);

      20) сіреспе (А33-А35);

      21) дифтерия (А36);

      22) көкжөтел (А37);

      23) жәншау (А38);

      24) менингококк инфекциясы (А39);

      25) легионерлер ауруы (А48.1);

      26) орнитоз, пситтакоз (А70);

      27) риккетсиоздар (А75-А79);

      28) жіті полиомиелит (А80);

      29) анықталмаған және басқа да параличті жіті полиомиелиті (А80.3)

      30) құтырма (А82);

      31) вирусты менингит (А.87.0; А.87.1; А.87.8; А.87.9);

      32) буынаяқтылар арқылы берілетін вирусты қызбалар мен вирусты геморрагиялық қызбалар (А92-А99);

      33) сары қызба (А95);

      34) желшешек (В01);

      35) қызылша (В05);

      36) қызамық (В06);

      37) аусыл (В08.8);

      38) вирусты гепатит (В15-В18);

      39) эпидемиялық паротит (В26);

      40) басқа айдарларда аурулардың себебі ретінде жіктелген Streptoccus pneumoniae (В95.3);

      41) басқа айдарларда аурулардың себебі ретінде жіктелген Haemophilus influenzae (Haemophilus influenzae) (В96.3);

      42) анықталмаған бактериалдық менингит (G00.9);

      43) медицналық түсік (О 04.0; О 04.5);

      44) көбінесе босанғаннан кейінгі кезеңмен байланысты асқынулар (О85; О86; О90.0; О90.1; О 91);

      45) перинатальдық кезеңге тән инфекциялық аурулар (Р35.0; Р35.3; Р35,8; Р36-Р39);

      46) басқа да айдарларда жіктелмеген хирургиялық және терапиялық араласу асқынулары (Т.80.2; Т.81.3; Т.81.4; Т.82.6; Т.82.7; Т.83.5; Т.83.6; Т.84.5-Т.84.7; Т.85.7; Т.88.0; Т.88.1;);

      47) егеуқұйрықтың тістеуі (W53);

      48) иттің тістеуі немесе соққысы (W54);

      49) басқа сүтқоректілердің тістеуі немесе соққысы (W55);

      50) іш сүзегінің қоздырғышын тасымалдаушылық (Z22.0);

      51) асқазан-ішек ауруларының қоздырғышын тасымалдаушылық (Z22.1);

      52) дифтерия қоздырғышын тасымалдаушылық (Z22.2);

      53) басқа анықталған бактериялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылық (Z22.3).

      2. Медициналық ұйымдарда және аумақтық бөлімшелерде жеке есепке алуға жататын паразиттік аурулар:

      1) лямблиоз (А07.1);

      2) Лайм ауруы (А.69.2);

      3) вирустық кене энцефалиті (А84);

      4) дерматофития, оның ішінде эпидермофития,трихофития, микроспория, фавус (В35);

      5) безгек (В50-В54);

      6) лейшманиоз (В55);

      7) токсоплазмоз (В58);

      8) гельминтоздар (В65-В83);

      9) педикулез (В85);

      10) қышыма (В86);

      11) басқа да инфекциялық аурулардың қоздырғышын тасымалдаушылық (безгек) (Z22.8).

      3. Медициналық ұйымдарда жеке есепке алынуға және аумақтық бөлімшелерде жиынтық есепке алынуға жататын инфекциялық аурулар:

      1) көбінесе жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялар(А50-А53);

      2) гонококк инфекциясы (А54);

      3) хламидиялық инфекция (А55; А56);

      4) адамның иммун тапшылығы вирусы тудырған ауру (АИТВ) (В20-В24);

      5) оқшаулануы нақтыланбаған вирустық инфекциясы (В34.0; В34.1; В34.2);

      6) оқшаулануы көптеген немесе нақтыланбаған жоғарғы тыныс алу жолдарының жіті инфекциялары (J06);

      7) тұмау (J10-J11);

      8) басқа да функционалдық ішек бұзылулары (К59.1; К59.9);

      9) адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) тудырған симптомсыз инфекциялық мәртебе (Z21).

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2019 жылғы 16 қыркүйектегі
№ ҚР ДСМ-127 бұйрыққа
2-қосымша

Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар бойынша есептілікті жүргізу қағидалары

      1. Осы Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар бойынша есептілікті жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Есептілікті жүргізу қағидалары) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының халқы арасындағы инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар және уланулар жағдайларын тіркеуді, есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар бойынша есептілікті жүргізу тәртібі Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актіге сәйкес мына тәртіппен анықталады:

      1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аудандық аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аудандардың аумақтық бөлімшесі) және "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының аумақтық филиалдары ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне инфекциялық және паразиттік аурулардың саны туралы салыстыру жүргізеді;

      2) аумақтық бөлімше ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық бөлімшесіне инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша есеп береді;

      3) басқа министрліктер мен ведомстволардың санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық бөлімшесіне инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша есеп береді;

      4) облыстардың, республикалық маңызы қалалардың және астананың аумақтық бөлімшелері ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Ұлттық орталығы) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарына инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша есеп береді;

      5) Ұлттық орталық ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 8-күніне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша есеп ұсынады.

      3. Халық арасындағы кәсіптік аурулар мен уланулар бойынша есеп ұсыну мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) кәсіптік патология орталықтары және кәсіптік аурулар клиникалары ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне облыстық аумақтық бөлімшелерге кәсіптік ауру немесе улану диагноздары алғаш рет қойылған науқастардың тізімін көрсете отырып, есептер ұсынады. Есепте науқастың (зардап шеккеннің) тегі, аты, әкесінің аты ( болса), туған жылы, жұмыс орны, қойылған диагнозы, диагноз қойылған күні көрсетіледі;

      2) облыстардың, республикалық маңызы қалалардың және астананың аумақтық бөлімшесі ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 12- күніне Ұлттық орталыққа кәсіптік аурулар мен уланулар бойынша есеп ұсынады;

      3) Ұлттық орталық ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға кәсіптік аурулар мен уланулар бойынша есеп ұсынады.

Об утверждении Правил регистрации, ведения учета случаев инфекционных, паразитарных, профессиональных заболеваний и отравлений, и Правил ведения отчетности по ним

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 сентября 2019 года № ҚР ДСМ-127. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 сентября 2019 года № 19383. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 октября 2020 года № ҚР ДСМ-169/2020.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 29.10.2020 № ҚР ДСМ-169/2020 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 151 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Правила регистрации, ведения учета случаев инфекционных, паразитарных, профессиональных заболеваний и отравлений согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Правила ведения отчетности по инфекционным, паразитарным, профессиональным заболеваниям и отравлениям согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 июня 2015 года № 451 "Об утверждении правил регистрации, ведения учета случаев инфекционных, паразитарных, профессиональных заболеваний и отравлений и правил ведения отчетности по ним" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12083, опубликован в Информационно-правовой системе "Әділет" 8 октября 2015 года).

      3. Комитету контроля качества и безопасности товаров и услуг Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридической департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющая обязанности
Министра
Л. Актаева

  Приложение 1 к приказу
и.о. Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 16 сентября 2019 года
№ ҚР ДСМ-127

Правила регистрации, ведения учета случаев инфекционных, паразитарных, профессиональных заболеваний и отравлений

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила регистрации, ведения учета случаев инфекционных, паразитарных, профессиональных заболеваний и отравлений (далее – Правила регистрации) разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс) и определяют порядок регистрации, ведения учета случаев инфекционных, паразитарных, профессиональных заболеваний и отравлений.

Глава 2. Порядок регистрации и ведение учета случаев инфекционных и паразитарных заболеваний

      2. Регистрация и учет случаев инфекционных и паразитарных заболеваний среди населения проводится по месту выявления заболевания, независимо от места жительства больного.

      3. Индивидуальному учету в медицинских организациях и в территориальных подразделениях государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения (далее – территориальное подразделение) подлежат инфекционные и паразитарные заболевания согласно пунктам 1, 2 Перечня инфекционных и паразитарных заболеваний среди населения, подлежащих регистрации и учету в Республике Казахстан, согласно приложению к настоящим Правилам регистрации.

      На каждый случай инфекционного и паразитарного заболевания (подозрении), подлежащего индивидуальному учету, составляется извещение по форме № 090/у (далее – извещение), утвержденное приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 "Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6697) (далее – приказ №907), которое в течение 12 часов направляется в территориальное подразделение по месту регистрации заболевания (независимо от места постоянного жительства больного). В течение 3 часов информация сообщается по телефону в территориальное подразделение.

      При наличии медицинской информационной системы, извещение ведется в электронном виде.

      4. Регистрация и учет случаев заболевания чумой, холерой, желтой лихорадкой, лихорадкой Денге, лихорадкой Западного Нила, Конго-Крымской геморрагической лихорадкой, пятнистой лихорадкой, лихорадкой Эбола, лихорадкой Зика, шистосомозами, туберкулезом, трихофитией, микроспорией, фавусом, чесоткой, бессимптомного инфекционного статуса, вызванного вирусом иммунодефицита человека и болезни, вызванной вирусом иммунодефицита человека (далее – ВИЧ-инфекции), инфекционным заболеванием ранее не регистрировавшимся в Республике Казахстан проводится по следующей схеме:

      1) о каждом случае заболевания человека чумой, холерой, желтой лихорадкой, лихорадкой Денге, лихорадкой Западного Нила, Конго-Крымской геморрагической лихорадкой, пятнистой лихорадкой, лихорадкой Эбола, лихорадкой Зика, шистосомозами, инфекционным заболеванием ранее не регистрировавшимся в Республике Казахстан и подозрения на них медицинским работником, выявившим больного, в течение 3 часов извещение направляется в территориальное подразделение. Также направляется внеочередная информация в местный орган государственного управления здравоохранением;

      2) на каждого больного, которому впервые в жизни установлен диагноз активного туберкулеза всех форм локализации, заполняется извещение, которое в течение 3 календарных дней направляется в районный (городской) противотуберкулезный диспансер (отделение, кабинет) и территориальное подразделение. В случае установления посмертно диагноза "Активный туберкулез", явившегося причиной смерти, необходимо подтверждение диагноза врачом-фтизиатром и подача извещения в территориальное подразделение.

      При выявлении больных бациллярной формой туберкулеза, при появлении бацилловыделения у больных неактивной формой туберкулеза, а также в случае смерти от туберкулеза больных, не состоявших при жизни на учете, заполняется извещение, которое в течение 24 часов направляется в территориальное подразделение по месту постоянного жительства больного.

      Районный (городской) противотуберкулезный диспансер (отделение, кабинет) ежемесячно второго числа месяца, следующего после отчетного периода, направляет для сверки, в территориальное подразделение суммарные сведения о числе вновь выявленных больных активным туберкулезом на основании полученных извещений;

      3) учет и регистрация случаев ВИЧ-инфекции проводится организациями здравоохранения, осуществляющими деятельность в сфере профилактики ВИЧ-инфекции.

      Организации здравоохранения, осуществляющие деятельность в сфере профилактики ВИЧ-инфекции областей, городов республиканского значения и столицы ежемесячно второго числа месяца, следующего после отчетного периода, сообщают в территориальное подразделение суммарные сведения о числе вновь выявленных случаев ВИЧ-инфекции.

      На каждый случай ВИЧ-инфекции, связанный с оказанием медицинской помощи в организации здравоохранения, выявленный у пациентов, доноров, реципиентов крови, ее компонентов и препаратов, тканей (части тканей) и (или) органов (части органов) организациями здравоохранения, осуществляющими деятельность в сфере профилактики ВИЧ-инфекции направляется извещение в территориальное подразделение в течение 12 часов.

      4) на каждый случай микроспории, трихофитии, фавуса, чесотки и подозрения на них заполняется извещение, которое составляют в двух экземплярах: первый экземпляр отсылается в территориальное подразделение, второй - в течение 3 календарных дней в районный (городской) кожно-венерологический диспансер (отделение, кабинет).

      5. Индивидуальному учету в медицинских организациях и суммарному учету в территориальных подразделениях подлежат инфекционные заболевания согласно пункту 3 Перечня инфекционных и паразитарных заболеваний среди населения, подлежащих регистрации и учету в Республике Казахстан, согласно приложению к настоящим Правилам регистрации.

      Извещение на случаи заболевания гриппом, острыми инфекциями верхних дыхательных путей множественной или неуточненной локализации, ВИЧ-инфекции и другими функциональными кишечными нарушениями не представляется, учет данных заболеваний производится в организациях, оказывающих амбулаторно-поликлиническую помощь.

      Организации, оказывающие амбулаторно-поликлиническую помощь ежемесячно второго числа месяца, следующего после отчетного периода, сообщают суммарные данные о числе больных в территориальное подразделение.

      6. Извещение заполняется медицинским работником, выявившим или заподозрившим заболевание в организациях здравоохранения, независимо от форм собственности и ведомственной принадлежности, а также физическими лицами, занимающимися частной медицинской практикой.

      7. Медицинские работники фельдшерско-акушерского пункта, медицинского пункта извещение составляют в двух экземплярах: первый экземпляр отсылается в территориальное подразделение, второй - в медицинскую организацию, в ведении которой находится данный фельдшерско-акушерский пункт, медицинский пункт (участковую, районную, городскую больницу, амбулаторию, поликлинику).

      8. Учет заболеваний среди детей, посещающих организации образования, проводится в следующем порядке:

      1) медицинский персонал, обслуживающий организации образования, направляет извещение в территориальное подразделение, когда инфекционное или паразитарное заболевание (подозрения) выявлено персоналом организаций;

      2) при выявлении инфекционного или паразитарного заболевания (подозрения) медицинским персоналом медицинских организаций у детей, посещающих организации образования извещение направляется в территориальное подразделение персоналом этих медицинских организаций;

      3) медицинские работники, обслуживающие детские оздоровительные организации, выехавшие в загородную зону на летний период, извещение направляют в территориальное подразделение по месту временной дислокации оздоровительной организации в летний период.

      9. Медицинские работники организации скорой медицинской помощи, выявившие или заподозрившие инфекционное или паразитарное заболевание, сообщают о выявленном больном в поликлинику (амбулаторию) по месту прикрепления больного. В случаях, когда больной не госпитализируется, извещение в территориальное подразделение направляет медицинский работник поликлиники, который посещает больного на дому, в случае госпитализации больного - медицинский работник стационара.

      10. Представление информации о поступлении больных с инфекционными или паразитарными заболеваниями (подозрении), об уточнении или изменении диагноза инфекционного заболевания проводится в следующем порядке:

      1) инфекционная больница (многопрофильная больница, имеющая инфекционное отделение) сообщает о поступлении больного инфекционным или паразитарным заболеванием (подозрении) в течение 12 часов с момента поступления больного в территориальное подразделение, в районе которой расположена медицинская организация, направившая больного на госпитализацию;

      2) медицинская организация, уточнившая или изменившая диагноз, составляет новое извещение и в течение 12 часов направляет его в территориальное подразделение по месту обнаружения заболевания, указав измененный (уточненный) диагноз, дату его установления, первоначальный диагноз и результаты лабораторного исследования.

      11. Во всех медицинских организациях, медицинских кабинетах организаций, независимо от форм собственности, ведется журнал учета инфекционных заболеваний по форме № 060/у, утвержденной приказом № 907, в который заносятся сведения о больном.

      12. Ответственными за регистрацию, учет инфекционных и паразитарных заболеваний в медицинских организациях являются:

      1) в медицинской организации – руководитель;

      2) в организациях образования, оздоровительных организациях –медицинский работник данной организации.

      13. Учет инфекционных и паразитарных заболеваний в территориальных подразделениях проводится на основании телефонного сообщения о выявлении инфекционного или паразитарного заболевания (подозрении), в дальнейшем подтвержденного извещением.

      14. Территориальное подразделение при выявлении на его территории случая инфекционного или паразитарного заболевания, у лиц, прибывших из других регионов, информирует территориальное подразделение по месту постоянного жительства больных для проведения соответствующих санитарно-профилактических и санитарно-противоэпидемических мероприятий в очагах заболеваний.

Глава 3. Порядок регистрации и ведение учета случаев профессиональных заболеваний и отравлений

      15. Регистрации и учету в территориальных подразделениях подлежат острые и хронические профессиональные заболевания, и отравления на основании извещений.

      16. На каждый случай острого профессионального заболевания и отравления врачом, выявившим или заподозрившим данное заболевание, заполняется извещение, которое в течение 12 часов передается в территориальное подразделение и руководителю организации (работодателю) по месту работы заболевшего (пострадавшего). В течение 3 часов информация сообщается по телефону в территориальное подразделение.

      17. Медицинская организация при уточнении или изменении диагноза, составляет новое извещение, которое в течение 24 часов направляет в территориальное подразделение и руководителю организации (работодателю) по месту работы заболевшего (пострадавшего), при этом указывается измененный (уточненный) диагноз, дата его установления, первоначальный диагноз.

      18. Извещение о впервые выявленном хроническом профессиональном заболевании (интоксикации) заполняется в центрах профессиональной патологии и клиниках профессиональных заболеваний. Извещение в течение 3 календарных дней после установления окончательного диагноза направляется в территориальное подразделение и руководителю организации (работодателю) по месту работы заболевшего (пострадавшего), а также в медицинскую организацию, направившую заболевшего (пострадавшего). Извещение о впервые выявленном хроническом профессиональном заболевании (интоксикации) направляется по последнему месту работы больного.

      19. Регистрацию и учет случаев профессиональных заболеваний и отравлений ведут территориальные подразделения по месту основной работы заболевшего (пострадавшего) в контакте с вредными производственными факторами.

      20. В территориальных подразделениях ведут Карты учета профессионального заболевания (отравления) по форме, утвержденной государственным органом в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 7-1 Кодекса.

      21. В территориальных подразделениях, организациях здравоохранения, центрах профессиональной патологии ведется журнал регистрации профессиональных заболеваний (отравлений) по форме, утвержденной государственным органом в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 7-1 Кодекса.

  Приложение
к Правилам регистрации,
ведения учета случаев
инфекционных, паразитарных,
профессиональных заболеваний
и отравлений

Перечень инфекционных и паразитарных заболеваний среди населения, подлежащих регистрации и учету в Республике Казахстан

      1. Инфекционные заболевания, подлежащие индивидуальному учету в медицинских организациях и в территориальных подразделениях:

      1) холера (А00);

      2) брюшной тиф (А01.0);

      3) паратифы А, В, С, неуточненные (А01.1-А01.4);

      4) другие сальмонеллезные инфекции (А02);

      5) шигеллез (бактериальная дизентерия) (А03);

      6) другие бактериальные кишечные инфекции (A04.0-А04.5; А04.7-А04.9);

      7) энтерит, вызванный Yersinia enterocolitica (иерсиниоз) (А04.6);

      8) другие бактериальные пищевые отравления, не классифицированные в других рубриках (А05);

      9) амебиаз (А06);

      10) вирусные и другие уточненные кишечные инфекции (А08);

      11) ротавирусный энтерит (A08.0);

      12) туберкулез (А15-А19);

      13) чума (А20);

      14) туляремия (А21);

      15) сибирская язва (А22);

      16) бруцеллез (А23);

      17) лептоспироз (А27);

      18) пастереллез (А28.0);

      19) листериоз (А32);

      20) столбняк (А33-А35);

      21) дифтерия (А36);

      22) коклюш (А37);

      23) скарлатина (А38);

      24) менингококковая инфекция (А39);

      25) болезнь легионеров (А48.1);

      26) орнитоз, пситтакоз (А70);

      27) риккетсиозы (А75-А79);

      28) острый полиомиелит (А80);

      29) острый паралитический полиомиелит другой и неуточненный (А80.3);

      30) бешенство (А82);

      31) вирусный менингит (А87.0; А87.1; А87.8; А87.9);

      32) вирусные лихорадки, передаваемые членистоногими, и вирусные геморрагические лихорадки (А92-А99);

      33) желтая лихорадка (А95);

      34) ветряная оспа (В01);

      35) корь (В05);

      36) краснуха (В06);

      37) ящур (В08.8);

      38) вирусный гепатит (В15-В18);

      39) эпидемический паротит (В26);

      40) Streptococcus pneumoniae как причина болезней, классифицированных в других рубриках (B95.3);

      41) Haemophilus influenzae (Haemophilus influenzae) как причина болезней, классифицированных в других рубриках (B96.3);

      42) бактериальный менингит неуточненный (G 00.9);

      43) медицинский аборт (О 04.0; О 04.5);

      44) осложнения, связанные преимущественно с послеродовым периодом (О85; О86; О90.0; О90.1; О91);

      45) инфекционные болезни, специфичные для перинатального периода (Р35.0; Р35.3; Р35.8; Р36-Р39);

      46) осложнения хирургических и терапевтических вмешательств, не классифицированные в других рубриках (Т80.2; Т81.3; Т81.4; Т82.6; Т82.7; Т83.5; Т83.6; Т84.5-Т84.7; Т.85.7; Т88.0; Т88.1;);

      47) укус крысы (W53);

      48) укус или удар, нанесенный собакой (W54);

      49) укус или удар, нанесенный другими млекопитающими (W55);

      50) носительство возбудителя брюшного тифа (Z22.0);

      51) носительство возбудителей других желудочно-кишечных болезней (Z22.1);

      52) носительство возбудителя дифтерии (Z22.2);

      53) носительство возбудителей других уточненных бактериальных болезней (Z22.3).

      2. Паразитарные заболевания, подлежащие индивидуальному учету в медицинских организациях и в территориальных подразделениях:

      1) лямблиоз (А07.1);

      2) болезнь Лайма (A69.2);

      3) клещевой вирусный энцефалит (А84);

      4) дерматофития, в том числе эпидермофития, трихофития, микроспория, фавус (В35);

      5) малярия (В50-В54);

      6) лейшманиоз (В55);

      7) токсоплазмоз (В58);

      8) гельминтозы (В65-В83);

      9) педикулез (В85);

      10) чесотка (В86);

      11) носительство возбудителя другой инфекционной болезни (малярия) (Z22.8).

      3. Инфекционные заболевания, подлежащие индивидуальному учету в медицинских организациях и суммарному учету в территориальных подразделениях:

      1) инфекции, передающиеся преимущественно половым путем (А50-А53);

      2) гонококковая инфекция (А54);

      3) хламидийная инфекция (А55; А56);

      4) болезнь, вызванная вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ) (В20-В24);

      5) вирусная инфекция неуточненной локализации (В34.0; В34.1; В34.2);

      6) острые инфекции верхних дыхательных путей множественной или неуточненной локализации (J06);

      7) грипп (J10-J11);

      8) другие функциональные кишечные нарушения (К59,1; К59.9);

      9) бессимптомный инфекционный статус, вызванный вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ) (Z21).

  Приложение 2 к приказу
и.о. Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 16 сентября 2019 года
№ ҚР ДСМ-127

Правила ведения отчетности по инфекционным, паразитарным, профессиональным заболеваниям и отравлениям

      1. Настоящие Правила ведения отчетности по инфекционным, паразитарным, профессиональным заболеваниям и отравлениям (далее – Правила ведения отчетности) разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс) и определяют порядок ведения отчетности по инфекционным, паразитарным, профессиональным заболеваниям и отравлениям среди населения Республики Казахстан.

      2. Порядок ведения отчетности по инфекционным, паразитарным, профессиональным заболеваниям и отравлениям определяется в соответствии с нормативным правовым актом в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения согласно пункту 6 статьи 144 Кодекса:

      1) территориальные подразделения районов и городов районного значения государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения (далее – территориальное подразделение районов) и территориальные филиалы Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр электронного здравоохранения" ежемесячно 1 числа месяца, следующего после отчетного периода, проводят сверку о количестве инфекционных и паразитарных заболеваний;

      2) территориальное подразделение районов ежемесячно 3 числа месяца, следующего после отчетного периода представляют отчет по инфекционным и паразитарным заболеваниям территориальному подразделению областей, городов республиканского значения и столицы;

      3) организации санитарно-эпидемиологической службы других министерств и ведомств ежемесячно 3 числа месяца, следующего после отчетного периода, представляют отчет по инфекционным и паразитарным заболеваниям территориальному подразделению областей, городов республиканского значения и столицы;

      4) территориальные подразделения областей, городов республиканского значения и столицы ежемесячно 5 числа месяца, следующего после отчетного периода, представляют отчет по инфекционным и паразитарным заболеваниям в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Национальный центр общественного здравоохранения" Министерства здравоохранения Республики Казахстан (далее – Национальный центр) и органы государственного управления здравоохранением областей, городов республиканского значения и столицы;

      5) Национальный центр ежемесячно 8 числа месяца, следующего после отчетного периода представляют отчет по инфекционным и паразитарным заболеваниям в государственный орган в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения.

      3. Отчет по профессиональным заболеваниям и отравлениям среди населения представляется в следующем порядке:

      1) центры профессиональной патологии и клиники профессиональных заболеваний ежемесячно 10 числа месяца, следующего после отчетного периода, представляют в территориальные подразделения областей, городов республиканского значения и столицы отчеты с указанием списка больных с первично установленными диагнозами профессионального заболевания или отравления. В отчете указывается фамилия, имя, отчество (при его наличии) заболевшего (пострадавшего), год рождения, место работы, установленный диагноз, дата установления диагноза;

      2) территориальному подразделению областей, городов республиканского значения и столицы ежемесячно 12 числа месяца, следующего после отчетного периода представляют отчет по профессиональным заболеваниям и отравлениям в Национальный центр;

      3) Национальный центр ежемесячно 15 числа месяца, следующего после отчетного периода представляет сводный отчет профессиональным заболеваниям и отравлениям в государственный орган в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения.