ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 01.01.2020 дейін (осы бұйрықтың 4-т. қараңыз).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өңдеушілер үшін 2019 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін өңдеушілер арасында бөлуді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 555 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18155 болып тіркелген, эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 17 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеушілер үшін 2019 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін өңдеушілер арасында бөлу осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Министр | С. Омаров |
Өңдеушілер үшін 2019 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін өңдеушілер арасында бөлу
№ | Кәсіпорынның атауы/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | Қатысушылардың бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі | тонна |
Ірі қара малдың еті, мұздатылған (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатура коды 0202) | |||
1 | "РОКОС Ко" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 160340017819 | 2 400,0 |
2 | "Тулпар" фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 920940000876 | 500,0 |
3 | "Семей ет комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 030740002165 | 500,0 |
Барлығы | 3 400,0 |