Шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу және қалыптастыру, резервтік қорларды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын, резервтік қорларды есептеу әдістемесі мен құрылымын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 7 қазандағы № 166 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 11 қазанда № 19470 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 52 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 52 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу және қалыптастыру, резервтік қорларды қалыптастыру және пайдалану қағидалары, резервтік қорларды есептеу әдістемесі мен құрылымы бекітілсін.

      2. Банктік емес ұйымдарды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 7 қазандағы
№ 166 қаулысымен
бекітілді

Шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу және қалыптастыру, резервтік қорларды қалыптастыру және пайдалану қағидалары, резервтік қорларды есептеу әдістемесі мен құрылымы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу және қалыптастыру, резервтік қорларды қалыптастыру және пайдалану қағидалары, резервтік қорларды есептеу әдістемесі мен құрылымы (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және шартты зейнетақы міндеттемелерін жеке тұлғалардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (бұдан әрі – БЖЗҚ) шартты зейнетақы шоттарында есепке алуды жүргізу және қалыптастыру, резервтік қорларды қалыптастыру және пайдалану тәртібін, сондай-ақ резервтік қорларды есептеу әдістемесі мен құрылымын айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың мақсаты үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) есептеу күні – шартты зейнетақы міндеттемелерін қалыптастыру жүргізілетін күн;

      2) жас когортасы – бір күнтізбелік туған жылымен біріктірілген адамдар тобы;

      3) келтірілген күтілетін құны – пайыздық мөлшерлемесі және өлім ықтималдығы қамтылатын кестелер пайдаланыла отырып, есептеу күні мен зейнетақы төлемдерін алушыға зейнетақы төлемін жүзеге асыру күні арасындағы уақыт кезеңі ескеріле отырып есептелген (дисконтталған) зейнетақы төлемдерінің күтілетін (ықтимал) құны;

      4) резервтік базис – тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемеден, өлім-жітім кестесі мен зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесінен тұратын және шартты зейнетақы міндеттемелерінің шамасына әсер ететін өлшемдер мәндерінің жиынтығы;

      5) тарифтік базис – тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемеден, өлім-жітім кестесі мен зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесінен тұратын және зейнетақы төлемінің шамасына әсер ететін өлшемдер мәндерінің жиынтығы.

2-тарау. Шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу және қалыптастыру

      3. Шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу және қалыптастыру жеке тұлғаға шартты зейнетақы шотын ашуды, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес келіп түскен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және өзге де түсімдер туралы мәліметтерді есепке алуды, шартты зейнетақы міндеттемелерін қалыптастыруды, сондай-ақ шартты зейнетақы міндеттемелерін және тиісті қаржы жылына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәліметтерді есепке алуды, сондай-ақ жеке тұлғаның шартты зейнетақы шотын жабуды қамтиды.

      4. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін БЖЗҚ-та шартты зейнетақы шоттарын ашу БЖЗҚ ішкі құжатында белгіленген тәртіппен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде БЖЗҚ-қа жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу агенті ұсынатын жеке тұлғалардың тізімі (бұдан әрі – жеке тұлғалардың тізімі) негізінде жүзеге асырылады.

      БЖЗҚ-та жеке тұлғаның атына ашылған шартты зейнетақы шоты болған жағдайда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бұрын ашылған шартты зейнетақы шотына аударылады.

      5. БЖЗҚ жеке тұлғалардың тізімі негізінде жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарын электрондық нысанда тіркейді.

      6. Шартты зейнетақы міндеттемелерін қалыптастыру Заңның 31-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде резервтік базис негізінде әрбір зейнетақы төлемдерін алушы бойынша жеке-жеке жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылады.

      7. Зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесін қоспағанда, резервтік базис өлшемдерінің мәндері резервтік базис тарифтік базиске қарағанда консервативті болатын жағдайда қоспағанда, тарифтік базис өлшемдерінің мәндеріне ұқсайды.

      Резервтік базис тарифтік базиске қарағанда консервативті болған жағдайда:

      1) резервтік базистің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі тарифтік базистің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесіне қарағанда аз;

      2) резервтік базистің, өлім-жітім кестесінің коэффициенттері барлық жас бойынша тарифтік базистің тиісті кестелерінің коэффициенттерінен аз.

      8. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен жекелеген зейнетақы төлемдерін алушы бойынша шартты зейнетақы міндеттемелері келтірілген зейнетақы төлемдерінің күтілетін құнына тең.

      9. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен барлық зейнетақы төлемдерін алушылар бойынша шартты зейнетақы міндеттемелері есептеу күніне БЖЗҚ-тан зейнетақы төлемдері тағайындалған барлық жеке тұлғалар бойынша шартты зейнетақы міндеттемелерінің сомасы ретінде есептеледі.

      10. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және өзге де түсімдерді, шартты зейнетақы міндеттемелерін және жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарында тиісті қаржы жылына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәліметтерді есепке алу, сондай-ақ резервтік қорларды қалыптастыруға арналған шартты зейнетақы шоттарындағы қаражатты есепке алу теңгемен жүзеге асырылады.

      11. Жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттары БЖЗҚ-қа жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімі түскен күні ашылады.

      12. Шартты зейнетақы шотының құрылымында Қағидалардың қосымшасына сәйкес міндетті деректер қамтылады.

      13. БЖЗҚ шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алуды шартты зейнетақы міндеттемелері құнының үлес шамасы ретінде айқындалатын зейнетақы міндеттемелерінің шартты бірлігінің құнын есептеу жолымен жүзеге асырады.

      14. Келіп түскен, жеке тұлғаның шартты зейнетақы шотында есепке алуға жатпайтын сомаларды есепке алу үшін келіп түскен күні кредиторлық берешек шоты ашылады (қажет болғанда).

      "Анықтағанға дейінгі өзге сомалар" шоты бойынша шартты зейнетақы шоттарына немесе жеке тұлғалардың кредиторлық берешек шоттарына аударуға жатпайтын өзге түсімдерді есепке жазу және (немесе) есептен шығару тәртібі БЖЗҚ-тың ішкі құжатында айқындалады.

      15. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жеке тұлғалардың қайтыс болғаны туралы және (немесе) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткені туралы растайтын мәліметтер және (немесе) құжаттар алған жағдайда БЖЗҚ-тағы шартты зейнетақы шоты жабылады.

      16. БЖЗҚ-та шартты зейнетақы шоты жабылған соң жабылған шартты зейнетақы шотының нөмірі басқа жеке тұлғаның шартты зейнетақы шотына берілмейді.

3-тарау. Резервтік қорларды қалыптастыру және пайдалану, резервтік қорларды есептеу әдістемесі мен құрылымы

      17. Резервтік қорлардың құрылымына мыналар кіреді:

      1) пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың әрбір жас когортасы бойынша бөлек қалыптастырылатын резервтік қорлар (бұдан әрі – когорталар бойынша резервтік қорлар);

      2) шартты зейнетақы міндеттемелері бойынша резервтік қор.

      18. Когорталар бойынша резервтік қорлар жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарынан:

      1) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жеке тұлғалардың қайтыс болғаны туралы және (немесе) Заңның 31-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнет жасына жетпеген жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткені туралы растайтын мәліметтер және (немесе) құжаттар алған жағдайда. Бұл тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарынан аудару олар зейнет жасының жас когортасына жеткен жылы жүзеге асырылмайды;

      2) Заңның 31-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнет жасына жеткен жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың соңғы күні республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшері деңгейінде өмірбойғы төлемді қамтамасыз ету үшін қажетті сомадан асатын;

      3) Заңның 31-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы жеке тұлғаның өтінішін орындау күніне республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшері деңгейінде өмірбойғы төлемді қамтамасыз ету үшін қажетті сомадан асатын қаражатты аудару есебінен қалыптастырылады.

      19. Когорталар бойынша резервтік қорлар когорталар бойынша резервтік қорлардың шартты зейнетақы шоттарында есепке алынатын қаражатты Заңның 31-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнет жасының жас когортасына жеткен жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың соңғы күні әрбір жас когортасының ішінде жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарына біркелкі бөлу арқылы пайдаланылады. Қағидалардың 18-тармағының 2) тармақшасына сәйкес когорталар бойынша резервтік қорлардың шартты зейнетақы шоттарына бұрын аударылған жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарына бөлу жүзеге асырылмайды.

      20. Қағидалардың 19-тармағына сәйкес қаражаттың қайта бөлінуін ескере отырып, когорталар бойынша резервтік қорлардың ағымдағы құны күнтізбелік жылдың соңына 0 (нөл) теңге болады.

      21. Шартты зейнетақы міндеттемелері бойынша резервтік қор:

      1) БЖЗҚ-қа "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) түсетін жеке тұлғалардың тізімдерінде көрсетілген кезеңдер туралы мәліметтерге сай Заңның 31-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдеріне құқықтың басталу күніне жиынтығында күнтізбелік алпыс айдан аз жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылған;

      2) егер мүгедектік мерзімсіз белгіленген болса, бірінші және екінші топтағы мүгедектер болып табылатын, БЖЗҚ-қа Мемлекеттік корпорациядан түсетін жеке тұлғалардың тізімдерінде көрсетілген кезеңдер туралы мәліметтерге сай Заңның 31-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдеріне құқықты іске асыру күніне жиынтығында күнтізбелік алпыс айдан аз жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылған;

      3) Заңның 31-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар басталғанда республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшері деңгейінде өмірбойғы төлемді қамтамасыз ету үшін қажетті сомадан астам;

      4) зейнет жасына жеткен және Заңның 31-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдеріне құқықтың басталу күнінен бастап күнтізбелік 1 (бір) жыл өткен соң зейнетақы төлемдеріне өзінің құқығын іске асырмаған;

      5) Заңның 31-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдеріне құқықты іске асыру сәтіне дейін зейнет жасына жеткен жылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жеке тұлғалардың қайтыс болғаны туралы және (немесе) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткені туралы растайтын мәліметтер және (немесе) құжаттар алған жағдайда жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарынан қаражат аудару есебінен қалыптастырылады.

      22. Шартты зейнетақы міндеттемелері бойынша резервтік қор:

      1) Заңның 31-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар басталған күні жеке тұлғаның шартты зейнетақы шотындағы қаражат республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшері деңгейінде өмірбойғы төлемді қамтамасыз ету үшін қажет сомадан төмен болған жағдайда жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарындағы қаражатты толықтыру үшін пайдаланылады. Толықтыру жетпей тұрған айырма сомасына, бірақ Қағидалардың 18-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның шартты зейнетақы шотынан бұрын есептен шығарылған сомадан аспайтын сомаға жүзеге асырылады;

      2) жеке тұлғалардың қайтыс болғаны туралы және (немесе) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткені туралы қате алған жағдайда жеке тұлғалардың өтініші бойынша бұрын есептен шығарылған қаражат сомасына жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарына аудару үшін;

      3) Қағидалардың 21-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жеке тұлғалардың өтініші бойынша бұрын есептен шығарылған қаражат сомасына жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарына аудару үшін пайдаланылады.

      23. Қағидаларда реттелмеген шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу және қалыптастыру мәселелері БЖЗҚ ішкі құжаттарына сәйкес реттеледі.

  Шартты зейнетақы
міндеттемелерін
есепке алу және қалыптастыру,
резервтік қорларды
қалыптастыру және пайдалану
қағидаларына, резервтік
қорларды есептеу әдістемесі
мен құрылымына
қосымша

      Шартты зейнетақы шотының құрылымында мынадай міндетті деректер қамтылады:

      A BBBBBB CC DD ..., мұнда:

A

- зейнетақы жарнасының түрін белгілеу

1-цифр

Зейнетақы жарнасының түрін білдіреді, мұнда
"4" - жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары.

ВВВВВВ

- баланстық шот нөмірі

2, 3, 4, 5, 6, 7-цифрлар

Шоттар жоспарының шотын білдіреді.

СС

- өңір (облыс) коды

8, 9-цифрлар

Өңір (облыс коды) - "00" цифрлары

DD

- БЖЗҚ коды

10, 11-цифрлар

БЖЗҚ коды - "00" цифрлары.


Об утверждении Правил учета и формирования условных пенсионных обязательств, формирования и использования резервных фондов, методики расчета и структуры резервных фондов

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 7 октября 2019 года № 166. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 октября 2019 года № 19470. Утратило силу постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 7 июня 2023 года № 52.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 07.06.2023 № 52 (вводится в действие с 01.07.2023).
      Примечание ИЗПИ!
Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2020 года.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 июня 2013 года "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила учета и формирования условных пенсионных обязательств, формирования и использования резервных фондов, методику расчета и структуру резервных фондов.

      2. Департаменту развития небанковских организаций в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктом 2) настоящего пункта и пунктом 3 настоящего постановления.

      3. Департаменту внешних коммуникаций – пресс-службе Национального Банка обеспечить в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Биртанова Е.А.

      5. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2020 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель
Национального Банка
Е. Досаев

  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 7 октября 2019 года № 166

Правила учета и формирования условных пенсионных обязательств, формирования и использования резервных фондов, методика расчета и структура резервных фондов

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила учета и формирования условных пенсионных обязательств, формирования и использования резервных фондов, методика расчета и структура резервных фондов (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 июня 2013 года "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" (далее – Закон) и определяют порядок ведения учета и формирования условных пенсионных обязательств на условных пенсионных счетах физических лиц в едином накопительном пенсионном фонде (далее – ЕНПФ), формирования и использования резервных фондов, а также методику расчета и структуру резервных фондов.

      2. Для целей настоящих Правил используются следующие основные понятия:

      1) дата расчета – дата, на которую производится формирование условных пенсионных обязательств;

      2) возрастная когорта – группа людей, объединенная одним календарным годом рождения;

      3) приведенная ожидаемая стоимость – ожидаемая (вероятная) стоимость пенсионных выплат, рассчитанная (дисконтированная) с учетом процентной ставки и периода времени между датой расчета и датой осуществления пенсионной выплаты получателю пенсионных выплат с использованием таблиц, содержащих вероятности наступления смерти;

      4) резервный базис – совокупность значений параметров, состоящих из эффективной годовой процентной ставки, таблицы смертности и ставки индексации пенсионных выплат, и влияющих на величину условных пенсионных обязательств;

      5) тарифный базис – совокупность значений параметров, состоящих из эффективной годовой процентной ставки, таблицы смертности и ставки индексации пенсионных выплат, и влияющих на величину пенсионной выплаты.

Глава 2. Учет и формирование условных пенсионных обязательств

      3. Учет и формирование условных пенсионных обязательств включают в себя открытие условного пенсионного счета физическому лицу, учет сведений о поступивших обязательных пенсионных взносах работодателя и иных поступлениях в соответствии с законодательством Республики Казахстан о пенсионном обеспечении, формирование условных пенсионных обязательств, а также учет условных пенсионных обязательств и сведений о размере пенсионных выплат за счет обязательных пенсионных взносов работодателя на соответствующий финансовый год, а также закрытие условного пенсионного счета физического лица.

      4. Открытие условных пенсионных счетов в ЕНПФ для учета обязательных пенсионных взносов работодателя осуществляется на основании списка физических лиц, представляемого агентом по уплате обязательных пенсионных взносов работодателя в ЕНПФ (далее – список физических лиц), при перечислении обязательных пенсионных взносов работодателя в порядке, установленном внутренним документом ЕНПФ.

      В случае наличия в ЕНПФ условного пенсионного счета, открытого на имя физического лица, обязательные пенсионные взносы работодателя перечисляются на ранее открытый условный пенсионный счет.

      5. ЕНПФ на основании списка физических лиц осуществляет регистрацию условных пенсионных счетов физических лиц в электронной форме.

      6. Формирование условных пенсионных обязательств осуществляется отдельно по каждому получателю пенсионных выплат за счет обязательных пенсионных взносов работодателя на основе резервного базиса при наступлении условий, предусмотренных пунктом 1 статьи 31-1 Закона.

      7. Значения параметров резервного базиса, за исключением ставки индексации пенсионных выплат, совпадают со значениями параметров тарифного базиса, за исключением случая, когда резервный базис является более консервативным, чем тарифный.

      В случае, когда резервный базис является более консервативным, чем тарифный базис:

      1) эффективная годовая процентная ставка резервного базиса меньше, чем эффективная годовая процентная ставка тарифного базиса;

      2) коэффициенты таблицы смертности резервного базиса меньше коэффициентов соответствующих таблиц тарифного базиса по всем возрастам.

      8. Условные пенсионные обязательства по отдельному получателю пенсионных выплат за счет обязательных пенсионных взносов работодателя равны приведенной ожидаемой стоимости пенсионных выплат.

      9. Условные пенсионные обязательства по всем получателям пенсионных выплат за счет обязательных пенсионных взносов работодателя рассчитываются как сумма условных пенсионных обязательств по всем физическим лицам, которым на дату расчета назначены пенсионные выплаты из ЕНПФ.

      10. Учет обязательных пенсионных взносов работодателя и иных поступлений в соответствии с законодательством Республики Казахстан о пенсионном обеспечении, условных пенсионных обязательств и сведений о размере пенсионных выплат за счет обязательных пенсионных взносов работодателя на соответствующий финансовый год на условных пенсионных счетах физических лиц, а также учет средств на условных пенсионных счетах, предназначенных для формирования резервных фондов, осуществляется в тенге.

      11. Условные пенсионные счета физических лиц открываются в день поступления в ЕНПФ списка физических лиц, за которых перечисляются обязательные пенсионные взносы работодателя.

      12. Структура условного пенсионного счета содержит обязательные данные согласно приложению к Правилам.

      13. Учет условных пенсионных обязательств осуществляется ЕНПФ путем расчета стоимости условной единицы пенсионных обязательств, определяемой как удельная величина стоимости условных пенсионных обязательств.

      14. Для учета поступивших сумм, которые не подлежат учету на условном пенсионном счете физического лица, в день поступления открывается (при необходимости) счет кредиторской задолженности.

      Порядок зачисления и (или) списания прочих поступлений по счету "прочие суммы до выяснения", не подлежащих зачислению на условные пенсионные счета или счета кредиторской задолженности физических лиц, определяется внутренним документом ЕНПФ.

      15. Условный пенсионный счет в ЕНПФ закрывается в случае получения подтверждающих сведений из информационных систем государственных органов и (или) документов о смерти физических лиц и (или) о выезде физических лиц на постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан.

      16. После закрытия условного пенсионного счета в ЕНПФ присвоение номера закрытого условного пенсионного счета условному пенсионному счету другого физического лица не допускается.

Глава 3. Формирование и использование резервных фондов, методика расчета и структура резервных фондов

      17. В структуру резервных фондов входят:

      1) резервные фонды, формируемые отдельно по каждой возрастной когорте физических лиц, в пользу которых были перечислены обязательные пенсионные взносы работодателя (далее – резервные фонды по когортам);

      2) резервный фонд по условным пенсионным обязательствам.

      18. Резервные фонды по когортам формируются за счет зачисления с условных пенсионных счетов физических лиц средств:

      1) в случае получения подтверждающих сведений из информационных систем государственных органов и (или) документов о смерти физических лиц и (или) о выезде физических лиц на постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан, не достигших пенсионного возраста в соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 31-1 Закона. Зачисление с условных пенсионных счетов данных лиц не осуществляется в год достижения их возрастной когорты пенсионного возраста;

      2) свыше суммы, необходимой для обеспечения пожизненных выплат на уровне двукратного размера прожиточного минимума, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете, в последний день календарного года, предшествующего году достижения пенсионного возраста в соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 31-1 Закона;

      3) свыше суммы, необходимой для обеспечения пожизненных выплат на уровне двукратного размера прожиточного минимума, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете, на дату исполнения заявления физического лица о назначении пенсионных выплат за счет обязательных пенсионных взносов работодателя в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 31-1 Закона.

      19. Резервные фонды по когортам используются посредством равномерного распределения средств, учитываемых на условных пенсионных счетах резервных фондов по когортам, на условные пенсионные счета физических лиц внутри каждой возрастной когорты в последний день календарного года, предшествующего году достижения возрастной когортой пенсионного возраста в соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 31-1 Закона. Распределение не осуществляется на условные пенсионные счета физических лиц, с которых ранее было осуществлено зачисление на условные пенсионные счета резервных фондов по когортам в соответствии с подпунктом 2) пункта 18 Правил.

      20. Текущая стоимость резервных фондов по когортам, с учетом распределения средств согласно пункту 19 Правил, на конец календарного года составляет 0 (ноль) тенге.

      21. Резервный фонд по условным пенсионным обязательствам формируется за счет зачисления средств с условных пенсионных счетов физических лиц:

      1) за которых на дату наступления права на пенсионные выплаты в соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 31-1 Закона согласно сведениям о периодах, указанным в списках физических лиц, поступающих в ЕНПФ от Государственной корпорации "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация), перечислены обязательные пенсионные взносы работодателя в совокупности менее шестидесяти календарных месяцев;

      2) являющихся инвалидами первой и второй группы, если инвалидность установлена бессрочно, за которых на дату реализации права на пенсионные выплаты в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 31-1 Закона согласно сведениям о периодах, указанным в списках физических лиц, поступающих в ЕНПФ от Государственной корпорации, перечислены обязательные пенсионные взносы работодателя в совокупности менее шестидесяти календарных месяцев;

      3) свыше суммы, необходимой для обеспечения пожизненных выплат на уровне двукратного размера прожиточного минимума, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете, при наступлении условий, предусмотренных подпунктом 1) пункта 1 статьи 31-1 Закона;

      4) достигших пенсионного возраста и не реализовавших свое право на пенсионные выплаты по истечении 1 (одного) календарного года с даты наступления права на пенсионные выплаты в соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 31-1 Закона;

      5) в случае получения подтверждающих сведений из информационных систем государственных органов и (или) документов о смерти физических лиц и (или) о выезде физических лиц на постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан в год достижения пенсионного возраста до момента реализации права на пенсионные выплаты в соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 31-1 Закона.

      22. Резервный фонд по условным пенсионным обязательствам используется:

      1) для пополнения средств на условных пенсионных счетах физических лиц в случае, если на дату наступления условий, предусмотренных подпунктом 1) пункта 1 статьи 31-1 Закона, средства на условном пенсионном счете физического лица ниже суммы, необходимой для обеспечения пожизненных выплат на уровне двукратного размера прожиточного минимума, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете. Пополнение осуществляется на сумму недостающей разницы, но не более суммы, ранее списанной с условного пенсионного счета физического лица в соответствии с подпунктом 2) пункта 18 Правил;

      2) для зачисления на условные пенсионные счета физических лиц по заявлению физических лиц на сумму ранее списанных средств в случае получения ошибочных сведений о смерти физических лиц и (или) о выезде физических лиц на постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан;

      3) для зачисления на условные пенсионные счета физических лиц по заявлению физических лиц на сумму ранее списанных средств в соответствии с подпунктом 4) пункта 21 Правил.

      23. Вопросы учета и формирования условных пенсионных обязательств, не урегулированные Правилами, регулируются в соответствии с внутренними документами ЕНПФ.

  Приложение
к Правилам учета и формирования
условных пенсионных обязательств,
формирования и использования
резервных фондов, методике расчета и
структуре резервных фондов

      Структура условного пенсионного счета содержит следующие обязательные данные:

      A BBBBBB CC DD ..., где:

A

- обозначение типа пенсионного взноса

1 цифра

Означает тип пенсионного взноса, где
"4" - обязательные пенсионные взносы работодателя.

ВВВВВВ

- номер балансового счета

2, 3, 4, 5, 6, 7 цифры

Означают счет плана счетов.

СС

- код региона (области)

8, 9 цифры

Код региона (области) - цифры "00"

DD

- код ЕНПФ

10, 11 цифры

Код ЕНПФ - цифры "00".