БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 452 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
1) "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығының 1) тармағының 2) және 3) тармақшалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11212 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 358 бұйрығының 1) тармағының 2) және 3) тармақшалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11555 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3) "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 561 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16058 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде электронды түрде жарияланған).