Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1."Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 259 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидаларын, талаптарын және әдістемесін белгілеу туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 38-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидалары, талаптары және әдістемесі белгіленсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидаларында:
жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 259 қаулысына қосымша"; |
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидалары, талаптары және әдістемесі";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидалары, талаптары және әдістемесі (бұдан әрі – Қағидалар) "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау талаптарын, әдістемесін және тәртібін айқындайды.";
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
"4) бағалы қағаздардың эмитенттері (бағалы қағаздардың сәйкестендіру нөмірлері), салым шарттары жасалған банктер, инвестициялық қор сатып алған қаржы құралдарын шығарған тұлғалар;";
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) аралық және жабық инвестициялық пай қоры үшін әр айдың соңғы күнінің жағдайы бойынша;";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Инвестициялық қордың активтерін құрайтын және қор биржасының тізіміне кіретін қаржы құралы өзі оның тізіміне кіретін қор биржасының бағалы қағаздарын бағалау әдістемесіне сәйкес нарықтық құны бойынша не Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша бағаланады.
Қазақстан Республикасынан басқа өзге мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдары Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша жұмыс күнінің соңына бағалау жүргізілетін сауда күнінің жабылу бағасы бойынша бағаланады.
Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының анықталу өлшемшарттары қор биржасының бағалы қағаздарын бағалау әдістемесінде белгіленген өтімді емес борыштық бағалы қағаздары қор биржасының ресми интернет-ресурсында жарияланған әділ құны бойынша есептеледі.
Бағалауы қор биржасының бағалы қағаздарын бағалау әдістемесінде және Қағидаларда көзделмеген борыштық бағалы қағаздардың әділ құны апта сайын ағымдағы аптаның бірінші жұмыс күнінің соңына амортизацияланған құны бойынша есепке алу арқылы анықталады.";
7-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7-2. Басқарушы компания ай сайын инвестициялық қордың активтерін құрайтын қаржы құралдарының құнсыздануына тест жүргізеді және қажетті құнсызданудың мөлшерін қалыптастырады немесе эмитенттің қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны салдарынан құнын жоғалтқан кездегі осы активтердің құнсыздануымен (арзандауымен) байланысты құнын теріс түзетуді жүзеге асырады.
Құнсыздануына тест жүргізуге инвестициялық қордың активтерін құрайтын барлық қаржы құралдары жатады.
"Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері" санатына жатқызылған және Қор биржасының бағалы қағаздарының өтімділік көрсеткіштерін айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалған өтімділіктің бірінші сыныпты бағалы қағаздарының тізіміне кірмейтін активтерді құрайтын қаржы құралдары бойынша құнын төмендету эмитенттің өзінің міндеттемелері бойынша дефолт жариялаған, не эмитенттің бағалы қағаздарының делистингі және (немесе) эмитенттің банкроттығы және (немесе) эмитенттің өзге қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін орындамау фактісі болған жағдайларда жүзеге асырылады.
Қаржы құралдарының құнсыздануы немесе құнын төмендету құнсыздандыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады.";
7-3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қор биржасы айқындайтын өтімділік көрсеткіші;";
7-5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы құралын өтімділігі бірінші сыныпты тізімнен шығару қаржы құралы сапасының, сондай-ақ оның эмитентінің қаржы жағдайының нашарлауы туралы куәландыратын басқа факторлар болмаған жағдайда құнсызданудың негізі болып табылмайды. Қаржы құралының әділ құнының нақты шығындардан немесе амортизацияланған құнынан төмен төмендеуі құнсызданудың растауы болып табылады. Барлық жоғарыда аталған оқиғалар басқа қолжетімді деректермен жиынтығында қаралады.";
7-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7-6. Өтімді емес акциялардың құны баланстық құны бойынша анықталады. Бұл ретте акция, егер инвестициялық қордың активтеріне қайта бағалау жүргізу күні осы бағалы қағаз Қор биржасының бағалы қағаздарының өтімділік көрсеткіштерін айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалған өтімділіктің бірінші сыныпты бағалы қағаздарының тізіміне кірмесе, өтімді емес болып танылады.
Қағидалардың мақсаттары үшін жай акциялардың баланстық құны және артықшылық берілген акциялардың баланстық құны ретінде "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 79-бабының талаптарына сәйкес жарияланатын эмитенттің қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын тиісінше жай акциялардың құны мен артықшылық берілген акциялардың құны түсініледі.
Эмитенттің қаржылық жай-күйінің нашарлауына байланысты емес себептермен қор биржасының тізімінен алынып тасталған пайлар таза активтер құны бойынша бағаланады.";
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. РЕПО және кері РЕПО операциялары, орналастырылған салымдар, инвестициялық қор алған және берген қарыздар амортизацияланған құны бойынша бағаланады.
Осы тармақта көзделген қаржы құралдары бойынша пайыздық кірістер және шығыстар тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі пайдаланыла отырып есептеледі.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Инвестициялық пай қоры пайының есепті құны мұндай қордың таза активтерінің құнын айқындау күніне осы құнды инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын орталық депозитарийдің деректеріне сай сол күнге айналыста болатын пайлар санына бөлу арқылы айқындалады.";
1-қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздар құнының құнсыздануын немесе азаюын тану критерийлерінде:
жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
реттік нөмірлері 4, 4.1 және 4.2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Өтімділік көрсеткішінің болуы: | |
4.1 | Өтімділіктің бірінші сыныбы | +0 |
4.2 | Өтімділіктің бірінші сыныбының болмауы | +1 |
"; |
2-қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздар құнсыздануының немесе құнының төмендетілуінің қажетті мөлшерінде:
жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Е. Досаев |