"Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 410 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 1013 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 қарашада № 19665 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 410 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9693 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ақпараттандыру және байланыс қызметі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының және оның аумақтық ішкі істер органдарының бөлімшесі;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру тәртібі";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілердің, байланыс желілерінің тізбесі сәйкестілігін қамтамасыз ету мақсатында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ақпараттандыру және байланыс қызметімен келісуге жатады.";

      8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ішкі істер органдарының құрылымдық, аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері енгізуге жоспарланған барлық ақпараттық жүйелердің, телекоммуникациялық желілердің және байланыс желілерінің құжаттамаларын, сондай-ақ оларды еріп жүруді және дамытуды ақпараттандыру және байланыс қызметімен келісуді қамтамасыз етеді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тапсырыс беруші қызмет пен ақпараттандыру және байланыс қызметінің қауіпсіз және сапалы өзара іс қимыл жасалуы қамтамасыз ету үшін "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығына сәйкес жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген.)";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін пайдалану және жетілдіру тәртібі";

      қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаменті (Т.Т. Ахметов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаментіне (Т.Т. Ахметов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылы 26 қарашадағы
№ 1013 бұйрығына
қосымша
  Ақпараттық жүйелерді,
ақпараттық-коммуникациялық
және телекоммуникациялық
желілерді, байланыс желілерін
құру, пайдалану және жетілдіру
қағидаларына
қосымша

Ақпараттық жүйелер, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілер, байланыс желілер тізбесі

      1. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер.

      2. Ақпараттық-іздеу кешендері.

      3. Аппараттық-бағдарламалық кешендер.

      4. Спутниктік байланыс жүйелері.

      5. Радио қолжетімділік жүйелері.

      6. 50 және одан көп нөмірге арналған АТС (автоматты телефон станциясы).

      7. Транкингтік байланыс жүйелері.

      8. Транкингтік байланыс радиостанциялары.

      9. Деректер базасының серверлері.

      10. Ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-аппараттық және басқа да техникалық құралдары.

      11. Бейнеконференцбайланыс жүйелері.

      12. Сыртқы бейнебақылау жүйелері.

      13. Жылжымалы объектілердің орналасқан жерін автоматты анықтау жүйелері (GPS).

      14. Мобильді және тасымалданатын бейнетіркегіштер.

      15. Мобильді және тасымалданатын бейнетіркегіштерден бейнеақпаратты жүктеу жүйелері.

      16. Техникалық нығайту жүйелері.

      17. РББЖ (рұқсатты бақылау және басқару жүйесі).

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 3 июля 2014 года № 410 "Об утверждении Правил создания, использования и совершенствования информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 ноября 2019 года № 1013. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 ноября 2019 года № 19665

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 3 июля 2014 года № 410 "Об утверждении Правил создания, использования и совершенствования информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9693, опубликован 29 января 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Правилах создания, использования и совершенствования информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи, утвержденных указанным приказом:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      подпункт 2) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "2) служба информатизации и связи – подразделение центрального аппарата Министерства внутренних дел Республики Казахстан и его территориальных органов внутренних дел;";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок создания информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. В целях обеспечения совместимости перечень информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи согласно приложению, к настоящим Правилам подлежат согласованию службой информатизации и связи.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Структурные, территориальные подразделения и подведомственные государственные учреждения органов внутренних дел обеспечивают согласование документации всех планируемых к внедрению информационных систем, телекоммуникационных сетей и сетей связи, а также их сопровождение и развитие со службой информатизации и связи.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Для обеспечения безопасного и качественного взаимодействия служба-заказчик и служба информатизации и связи проводят испытание системы на соответствие требованиям информационной безопасности согласно приказу Министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 3 июня 2019 года № 111/НҚ "Об утверждении методики и правил проведения испытаний объектов информатизации "электронного правительства" и информационных систем, отнесенных к критически важным объектам информационно-коммуникационной инфраструктуры, на соответствие требованиям информационной безопасности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 18795.)";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Порядок использования и совершенствования информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи";

      приложение изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту информатизации и связи Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Ахметов Т.Т.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течении десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Департамент информатизации и связи Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Ахметов Т.Т.).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр Е. Тургумбаев

  Приложение
к приказу
Министра внутренних дел
Республики Казахстан
от 26 ноября 2019 года № 1013
  Приложение
к Правилам создания,
использования и совершенствования
информационных систем,
информационно-коммуникационных и
телекоммуникационных сетей, сетей связи

Перечень информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи

      1. Автоматизированные информационные системы.

      2. Информационно-поисковые комплексы.

      3. Аппаратно-программные комплексы.

      4. Системы спутниковой связи.

      5. Системы радиодоступа.

      6. АТС (автоматическая телефонная станция) на 50 и более номеров.

      7. Системы транкинговой связи.

      8. Радиостанции транкинговой связи.

      9. Серверы баз данных.

      10. Программно-аппаратные и прочие технические средства защиты информации.

      11. Системы видеоконференцсвязи.

      12. Системы внешнего видеонаблюдения.

      13. Системы автоматического определения местоположения подвижных объектов (GPS).

      14. Мобильные и носимые видеорегистраторы.

      15. Системы выгрузки видеоинформации с мобильных и носимых видеорегистраторов.

      16. Системы технической укрепленности.

      17. СКУД (система контроля и управления доступом).