"Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 1406 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 24 желтоқсанда № 19757 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13301 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесінде:

      1 "Ағымдағы шығындар" деген санатта:

      01 "Тауарлар мен қызметтерге шығындар" деген сыныпта:

      150 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" деген кіші сыныпта:

      159 "Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" деген ерекшелік бойынша:

      7 "Ескерту" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге арналған азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: банк қызметтеріне ақы төлеу кезінде; соманы айырбастау және кейіннен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі әкімшісі болып табылатын "Ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарға аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әкімшісі болып табылатын "Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету", "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету", "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламаларының "Мектепке дейінгі білім беру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету", "Орта білім беру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету" және "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету" кіші бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын "Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысу", "Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету", "Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізу" бюджеттік бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі әкімшілері болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету бюджеттік бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі әкімшілері болып табылатын "Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әкімшісі болып табылатын "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" бюджеттік бағдарламасының "Денсаулық сақтау жүйесін реформалауды қолдау" кіші бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЭЫДҰ арасында жасалған келісімдер бойынша соманы аудару кезінде, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық әкімшісі болып табылатын "Азаптаулардың алдын алу жөніндегі Ұлттық алдын алу тетігін нығайту" бюджеттік бағдарламасының "Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен" және "Грант есебінен" кіші бағдарламалары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы арасында жасалған Бірлесіп қаржыландыру туралы келісім бойынша соманы аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімшісі болып табылатын "Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулердің іске асыруды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының "Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен" және "Грант есебінен" кіші бағдарламалары бойынша соманы аудару кезінде, Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі әкімшісі болып табылатын "Бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және орындалуын қамтамасыз ету және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасының "Социологиялық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету" кіші бағдарламасы бойынша "Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" ММ мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Сауда және даму конференциясының (ЮНКТАД) атқарушы агенттігі арасында жасалған консалтингтік қызметтерді сатып алуға арналған келісімшарт бойынша сомаларды аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшісі болып табылатын "Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету", "Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру", "Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру", "Шетелдік іссапарлар", "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу", "Орталық Азия елдерінде гендермен байланысты тұрақты даму мақсаттарының ұлттандыруына жәрдем көрсету" бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына соманы аудару кезінде, "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкі, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық орталықтың шығыстарына ақы төлеу кезінде, халықаралық төрелік органдар мен шетелдік соттардың шешімдері бойынша шығарылған төрелік шығыстар мен сот шығыстарына ақы төлеу кезінде тіркеу талап етілмейді. Үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын аударуды жүзеге асыратын банкке қызмет көрсеткені үшін комиссия ақысын төлеу кезінде, бюджеттік инвестициялық және институционалдық жобаларды сыртқы қарыздардың қаражаты есебінен іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың "Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен", "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен" кіші бағдарламалары бойынша жергілікті дара консультант-жеке тұлғалардың қызметтеріне ақы (оның ішінде жеке табыс салығын) төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді. Алыс және таяу шетелде қызметтік іссапарда болған кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштері әскери-көлік авиациясының әуе кемелеріне, құқық қорғау органдарына қызмет көрсету жөніндегі әуежай қызметтеріне корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, ақы төлеумен байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарына ақы төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.

      Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізу растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджеттік заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      Бірінші Орынбасары-Қаржы министрі А. Смаилов

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 января 2016 года № 30 "Об утверждении перечня специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной"

Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 23 декабря 2019 года № 1406. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 декабря 2019 года № 19757

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 января 2016 года № 30 "Об утверждении перечня специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13301, опубликован 16 марта 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      в Перечне специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной, утвержденном указанным приказом:

      в категории 1 "Текущие затраты":

      в классе 01 "Затраты на товары и услуги":

      в подклассе 150 "Приобретение услуг и работ":

      по специфике 159 "Оплата прочих услуг и работ":

      графу 7 "Примечание" изложить в следующей редакции:

      "Кроме гражданско-правовых сделок на поставку товаров (работ и услуг): при оплате банковских услуг; при перечислении сумм на счета в Национальном Банке Республики Казахстан для конвертации и последующего перечисления на счета Торгового представительства Республики Казахстан в Российской Федерации по бюджетной программе "Формирование и реализация политики государства в сфере внутренней и внешней торговой политики, международной экономической интеграции, защиты прав потребителей, технического регулирования, стандартизации и обеспечения единства измерений, развития и продвижения несырьевого экспорта", администратором которой является Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан, на счета Организации экономического сотрудничества и развития (далее – ОЭСР), при перечислении сумм по заключенным Соглашениям между Правительством Республики Казахстан и ОЭСР по подпрограммам "Методологическое обеспечение в сфере дошкольного образования", "Методологическое обеспечение в сфере среднего образования" и "Методологическое обеспечение в сфере высшего и послевузовского образования" бюджетных программ "Обеспечение доступности дошкольного воспитания и обучения", "Обеспечение доступности качественного школьного образования", "Обеспечение кадрами с высшим и послевузовским образованием", администратором которых является Министерство образования и науки Республики Казахстан, по бюджетным программам "Участие Казахстана в инициативах и инструментах Организации экономического сотрудничества и развития в рамках сотрудничества Казахстана с Организацией экономического сотрудничества и развития", "Обеспечение реализации страновой программы по укреплению сотрудничества между Казахстаном и Организацией экономического сотрудничества и развития", "Проведение исследования социально-экономического положения Республики Казахстан в рамках сотрудничества между Республикой Казахстан и Организацией экономического сотрудничества и развития", администратором которых является Министерство национальной экономики Республики Казахстан, "Обеспечение проведения исследований социально-экономического положения Республики Казахстан в рамках сотрудничества между Республикой Казахстан и Организацией экономического сотрудничества и развития", администраторами которой являются Министерство национальной экономики Республики Казахстан, Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан, Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан, Министерство иностранных дел Республики Казахстан, Министерство финансов Республики Казахстан, Министерство энергетики Республики Казахстан, Министерство экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан, Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан, "Обеспечение реализации страновой программы по укреплению сотрудничества между Казахстаном и Организацией экономического сотрудничества и развития", администраторами которой являются Министерство здравоохранения Республики Казахстан, Министерство энергетики Республики Казахстан, подпрограммы "Поддержка реформирования системы здравоохранения" бюджетной программы "Формирование государственной политики в области здравоохранения", администратором которой является Министерство здравоохранения Республики Казахстан, при перечислении сумм по заключенному Соглашению о софинансировании между Национальным центром по правам человека и Программой Развития Организации Объединенных Наций в Республике Казахстан по подпрограммам "За счет софинансирования гранта из республиканского бюджета" и "За счет гранта" бюджетной программы "Укрепление Национального превентивного механизма по предупреждению пыток" администратором которой является Национальный центр по правам человека, при перечислении сумм по подпрограммам "За счет софинансирования гранта из республиканского бюджета" и "За счет гранта" бюджетной программы "Обеспечение реализации проектов, осуществляемых совместно с международными организациями", администратором которой является Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, по подпрограммам "За счет софинансирования гранта из республиканского бюджета" и "За счет гранта" бюджетной программы "Институциональная поддержка регионального хаба в сфере государственной службы и совершенствование механизмов профессионализации государственного аппарата, обеспечения качества государственных услуг и предупреждения коррупции", администратором которой является Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции, при перечислении сумм по заключенному контракту на закуп консалтинговых услуг между ГУ "Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан" и исполнительным агентством Конференции Организации Объединенных Наций по торговле и развитию (ЮНКТАД) по подпрограмме "Проведение социологических, аналитических исследований и оказание консалтинговых услуг" бюджетной программы "Услуги по обеспечению бюджетного планирования, исполнения и контроля за исполнением государственного бюджета и противодействию экономическим и финансовым преступлениям и правонарушениям", администратором которой является Министерство финансов Республики Казахстан, на счета загранучреждений Республики Казахстан по бюджетным программам "Обеспечение реализации информационно-имиджевой политики", "Услуги по координации внешнеполитической деятельности", "Представление интересов Республики Казахстан в международных организациях, уставных и других органах Содружества Независимых Государств", "Заграничные командировки", "Проведение мероприятий за счет резерва Правительства Республики Казахстан на неотложные затраты", "Содействие национализации гендерно-связанных Целей устойчивого развития в странах Центральной Азии", администратором которых является Министерство иностранных дел Республики Казахстан, при оплате расходов Международного Центра по регулированию Инвестиционных Споров в соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 декабря 2001 года "О членстве Республики Казахстан в Международном Валютном Фонде, Международном Банке Реконструкции и Развития, Международной Финансовой Корпорации, Международной Ассоциации Развития, Многостороннем Агентстве Гарантии Инвестиций, Международном Центре по Урегулированию Инвестиционных споров, Европейском Банке Реконструкции и Развития, Азиатском Банке Развития, Исламском Банке Развития, Азиатском Банке Инфраструктурных Инвестиций", при оплате арбитражных расходов и судебных расходов, вынесенных по решениям международных арбитражных органов и иностранных судов, регистрация гражданско-правовой сделки не требуется. При оплате комиссии за обслуживание банку, осуществляющему перевод средств правительственных внешних займов, при оплате услуг местных индивидуальных консультантов - физических лиц (в том числе индивидуального подоходного налога) по подпрограммам "За счет софинансирования внешних займов из республиканского бюджета", "За счет софинансирования внешних займов из средств целевого трансферта из Национального фонда Республики Казахстан", бюджетных программ, направленных на реализацию бюджетных инвестиционных и институциональных проектов за счет средств внешних займов, регистрация гражданско-правовой сделки не требуется. При оплате расходов государственных учреждений, связанных с оплатой услуг аэропорта по обслуживанию воздушных судов военно-транспортной авиации Сил воздушной обороны Вооруженных сил, правоохранительных органов Республики Казахстан в странах дальнего и ближнего зарубежья при нахождении в служебных командировках, с использованием корпоративной платежной карточки, регистрация гражданско-правовой сделки не требуется.

      Проведение платежей по расходам на сумму, не превышающую 100-кратного месячного расчетного показателя без регистрации гражданско-правовой сделки, осуществляется на основании счета к оплате без приложения подтверждающих документов.".

      2. Департаменту бюджетного законодательства Министерства финансов Республики Казахстан (Ерназарова З.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня государственной регистрации и подлежит официальному опубликованию.

      Первый Заместитель
Премьер-Министра Республики Казахстан-
Министр финансов
А. Смаилов