Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 26.03.2020 № А-4/155 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № А-1/19 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5259 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
Е.Маржикпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № А-9/409 қаулысына қосымша |
|
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № А-1/19 қаулысымен бекітілген |
"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне қосу және оны көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастыру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет ету тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1001 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12439 болып тіркелген) бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттын (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінім келіп түскен сәттен бастап тіркеуді жүргізеді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды – 30 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды – 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінімді ондағы мәліметтердің толықтығын тексереді және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдардың тізбесіне енгізу жолымен, дайындаушы ұйымын есепке қоюды жүзеге асырады және оны көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырады – 2 жұмыс күні.
6. Келесі рәсімнің (іс-қимылдың) орындалуына негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) тіркеу және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
3) өтінімді тексеру, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдардың тізбесіне енгізу жолымен, дайындаушы ұйымын есепке қоюды жүзеге асыру және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет ету тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
8. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдардың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезеңділігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінім келіп түскен сәттен бастап тіркеуді жүргізеді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды – 30 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды – 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінімді ондағы мәліметтердің толықтығын тексереді және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдардың тізбесіне енгізу жолымен, дайындаушы ұйымын есепке қоюды жүзеге асырады және оны көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырады – 2 жұмыс күні.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушімен өзара әрекет ету тәртібінің сипаттамасы
9. Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіру тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті берушімен сауалды өңдеу ұзақтығы:
1-процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттардын қабылданған күні мен уақытын көрсету арқылы құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді;
1-шарт – көрсетілетін қызметті алушымен Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2-процесс – осы регламенттің 5-тармағында қарастырылған көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс қимылдары);
3-процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін береді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзiмiне кірмейді.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекетінің, рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара әрекет етудің тәртібін сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |