"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 05 қазандағы қорытындысының, "Бұланды ауданының Даниловка ауылдық округін Алтынды ауылдық округіне қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы" Бұланды ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № А-02/49 қаулысының және Бұланды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 ақпандағы № 6С-36/3 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Бұланды ауданының Даниловка ауылдық округі Ақмола облысы Бұланды ауданының Алтынды ауылдық округі деп қайта аталсын.
2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
Е.Маржықпаев |
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Ғ.Бекмағамбетов |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Ә.Баймағамбетов |