"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысының, "Коммунар ауылдық округін Майшұқыр ауылдық округі атауына өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы" Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № А-3/54 қаулысы мен Қорғалжын аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 2/26 шешімінің негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Коммунар ауылдық округі Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Майшұқыр ауылдық округі деп қайта аталсын.
2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
Е.Маржықпаев |
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Ғ.Бекмағамбетов |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Ә.Баймағамбетов |